Қазақстан темiр жолы


Қостанай темір жол вокзалы

 

Қостанай вокзалында жолаушылар мен келушілерге қызмет көрсететін келесі сервис зоналары ұсынылады:

Билет кассалары: 1-қабатта «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2 билет кассасы,  «Аstar», «Атамекен», «Астал», «Бекет» 4 жеке билет кассаслар регламентке сай жұмыс істеп тұр.

Анықтама бюросы, анықтама беру жөніндегі кезекші-диктор, вокзал бастығының кезекші көмекшісі (вокзал ғимаратының 1-қабатында).

Анықтамалы-ақпараттық қызмет жолаушылардың тікелей жеке сұрауымен анықтама бюросы арқылы көрсетіледі. Визуалды хабарландыру жолаушылар поездарының қозғалыс кестесінің электронды таблосы (1 бірлік), ақпаратты таблосы (1 бірлік) анықтамалы-ақпараттық стедтар, қала маңы жолаушылар поездарының қозғалысы кестесінің стеласы арқылы жасалады. Дыбысты хабарландыру дауыс үдеткіш байланыс бойынша жолаушыларды сапарлар жайында, жолаушылар поездарының жөнелуі мен кешігуі, жолаушылардың вокзалда тәртіп ережелері, сервис қызметтерінің тізбесі туралы хабарлайды, мониторда жолаушылар үшін видеороликтер көрсетіледі (1 бірлік).

Күту залы: 2-қабатта жолаушылар үшін 90 орындық 1 күту залы,  1- қабатта 33 орындық 1 касса залы.

Стационарлы сақтау камерасы: жертөле қабатта орналасқан. 

Демалыс бөлмесі: 3-қабатта демалыс бөлмесі, сонымен қатар ана мен бала бөлмесі бар.

Санитарлық тораптар: екі санитарлық торап 2-қабатта орналасқан, ақылы дәретханалар жертөле қабатта орналасқан. 

Темір жол вокзалында мүмкіндіктері шектелген және қозғалысы шектелген жандарға қызмет көрсету үшін келесі жағдайлар қарастырылған:

- 1-қабатта күту залында мүгедектер арбасын пайдаланушыларға орын ұсынылады;

- мүмкіндіктері шектелген жандарға мүгедектер арбасы ақысыз негізде беріледі;

- анықтама бюросында есту қабілеті нашар жолаушыларға мамандандырылған индукциялы панель орнатылған;

- көру қабілеті нашар жандарға ақпарат алу үшін тактильді мнемосұлба;

- тактильді жол;

- дыбысты мнемосұлба 1-қабатта орнатылған;

- вокзал ғимаратына кіруді ашатын  құрылғының басу батырмасы;

- залда пиктограммалар орнатылған;

- 1-қабатта қозғалысы шектелген жандар үшін сатылы көтергіш орнатылған;

- мамандандырылған таксофон – телефон мүмкіндіктері шектелген жандар үшін 1-қабатта орнатылған;

- мүмкіндіктері шектелген жандар үшін дәретхана 1-қабатта орналасқан;

- вокзал маңы алаңында қозғалысы шектелген жандар үшін автомобиль тұрағында орындар қарастырылған;

- № 4 билет кассасы мүмкіндіктері шектелген жандар үшін 1-қабатта орналасқан.

Медицинлық пункт: вокзал ғимаратының 1-қабатында орналасқан.

Стационарлы сақтау камералары, ақылы дәретханалар жертөле қабатында орналасқан.

«Теміржолшылардың жауынгерлік және еңбек даңқы» мұражайы 1-қабатта орналасқан.

Сауда бутиктері мен тамақтану зоналары (азық-түлік бутиктері, баспа өнімдері, жалпы тұтыну тауарлары, ұялы байланыс, кафе, бистро, ұялы телефон қызметтеріне төлем жасау терминалдары, Халық банктің банкоматы, мини-маркет, кәдесый өнімдері бутигі және жұмсақ ойыншықтар бутигі, шай-кофе аппараты, лотерея билеттері, ұялы байланыс, ЛОТО терминалдары) 1-қабатта орналасқан. 

Электронды-механикалық сағат вокзал ғимаратының 1-қабатында билет кассаларында 12 дана, вокзал ғимаратында – 2 дана орнатылған. 

Вокзал ғимаратын және аумағын күзетуді қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту және лаңкестік актлердің алдын-алу және Қостанай вокзалында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күзет құрылымының қызметкерлері мен ішкі істер желілік бөлімінің (ПЖБ) қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік жүргізеді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі қарастырылған:

- дауысты хабарландыру

- күзетті сигнализация

- автоматтандырылған өрт қауіпсіздігі жүйесі

- вокзал ғимаратын перроннан ЖІІД басқару пультіне шығарумен бейне бақылау жүйесі

- тексеру жабдықтары – 3 (үш) жинақ тексеру жабдығы орнатылған, соның ішінде 2 (екеуі) қала жағынан және 1 (біреуі) перрон жағынан.