Қазақстан темiр жолы


Орал теміржол вокзалы

 

Орал теміржол вокзалында сервистік қызметтер келесілерді қамтиды: билет кассаларында жол жүру құжаттарын ресімдеу; қысқа мерзімді демалысты қамтамасыз ету, жолаушыларды тамақтандыру; сақтау камерасы, анықтамалық–ақпараттық қызметтерді ұсыну және басқалар.

Анықтама бюросы 1-қабатта вокзал ғимаратының ыңғайлы, қол жетімді жерінде, билет кассаларының жанында орналасқан. Вокзалда анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету жолаушы жүгінген кезде тікелей анықтама бюросы арқылы визуалды және дыбыстық құлақтандырумен ұсынылады:

дауыс зорайтқыш байланыс бойынша дыбыстық құлақтандыру жолаушыларды жолаушылар поездарының келуі, жөнелтілуі және кідіруі, жолаушылар поездарында жол жүру қағидалары, вокзалдағы жолаушылардың мінез-құлық қағидалары және көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы тұрақты хабарламалар туралы хабардар етеді;

көзбен шолып хабарлау ұжымдық пайдалану таблосы, ақпараттық табло, ақпараттық стенділер түрінде жүргізіледі.

Билет кассалары вокзалдың технологиялық процесінде үлкен маңызға ие. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін вокзалда 4 билет кассасы бар.

Сондай-ақ, Орал вокзалының 1-қабатында билеттерді сатудың балама түрі қарастырылған - өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1-төлем терминалы орнатылған.

Күту залдары: Орал вокзалы бойынша 1 және 2 қабатта барлығы 2 күту залы бар.

Қол жүктерін сақтау камерасы: жертөле қабатында барлығы 1 сақтау камерасы бар.

Демалыс бөлмесі вокзалдың 3-қабатында орналасқан: транзиттік жолаушыларға арналған демалыс бөлмесі бар, жалпы ауданы 396,6 ш.м. - 15 бөлме оның ішінде 1 бөлме ана мен бала бөлмесі үшін жабдықталған (бөлмеде ересектерге арналған 2 орын және 1 балалар кереуеті, ауыстыратын үстел). Жұмыс уақыты: тәулік бойы. 

Үй-жайлар кереуеттері бар жатын бөлмелермен, кереует жанындағы тумбочкалармен, орындар саны бойынша үстелдермен және орындықтармен, киімге арналған шкафтармен, кереует жанындағы шамдармен, айналармен және қажетті ыдыс жиынтықтарымен жабдықталған.

Санитариялық тораптар барлық санитариялық талаптарға жауап береді, астыңғы қабатта орналасқан: жолаушыларға арналған 2 санитариялық торап (қоғамдық дәретхана: ерлер мен әйелдер), сондай-ақ вокзалдың 1-қабатында мүгедектерге арналған дәретхана бар. 

Сауда бутиктері мен қоғамдық тамақтандыру аймақтары 1-қабатта орналасқан: минимаркет, қоғамдық тамақтандыру пункті, төлем терминалдары, кафе, сауда аппараты, баспа өнімдері мен кәдесыйлар, кеңсе тауарларын сататын дүкен; 2-қабатта банкоматтар бар.

Орал вокзалын күзет бөлімшесінің қызметкерлері тәулік бойы күзетеді, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мыналар көзделген:

автоматты өрт қауіпсіздігі жүйесі;

ішкі істер желілік бөлімі қызметкерлерінің басқару пультіне экран шығару арқылы вокзал ғимаратын, перронды бейнебақылау жүйесі;

тексеру жабдығы орнатылды-3 дана. 

Вокзал бейнебақылау камераларынан 45 күн сақтау мерзімімен жазуды жүзеге асырады.

Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін: 

жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату үшін №2 билет кассасы (мүгедектерге арналған касса)қайта жабдықталды;

күту залдарында мүгедектерге арналған орындар қарастырылған;

мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тегін негізде мүгедектер арбасы ұсынылады;

анықтама бюросында нашар еститін жолаушыларға арналған арнайы индукциялық панель орнатылған;

зағип жандарға зерттелетін кеңістік туралы алдын-ала ақпарат алуға мүмкіндік беретін тактильді мнемосхема;

тактильді жол;

поезды күту кезеңіне вокзалда уақытша болу үшін орын (күту бөлмесі) беру;

арнайы дәретханалар жабдықталған;

қолжетімді жерлерде пандустар салынған (қала жағынан); 

мүгедектерге көмек көрсету үшін вокзал ғимаратына кіре берісте вокзал қызметкерлерін шақыру түймелері орнатылды;

пиктограммалар;

Сондай-ақ, теміржол вокзалының қызметкерлері жолаушылардың сұрауы бойынша вокзал аумағында мүмкіндігі шектеулі адамдарды алып жүру қызметін көрсетеді.