Қазақстан темiр жолы


Маңғыстау теміржол вокзалы

 

Маңғыстау теміржол вокзалында жолаушылар мен келушілерге сервистік қызмет көрсету үшін келесі қызмет көрсету аймақтары қарастырылған.

Билет кассалары. Теміржол вокзалының 1-қабатында орналасқан 3 билет кассасы бар. 

Анықтама. 1-қабатта 1 анықтама бюросы бар. Анықтамалық-ақпараттық қызметтер анықтамалық бюро арқылы жолаушылардың өзі тікелей жүгінген кезде ұсынылады. Жолаушыларды жолаушылар поездарының келуі, жөнелтілуі және кідіруі туралы, теміржол көлігінде жол жүру ережелері туралы, вокзалдағы жолаушылардың жүріс-тұрыс ережелері және ұсынылатын сервистік қызметтердің тізбесі туралы хабарлайтын дауыс зорайтқыш байланыс бойынша дыбыстық құлақтандыру қарастырылған.

Күту залдары. Вокзалда 1-қабатта 1 күту залы бар. Күту залында 84 отыратын орын, сондай-ақ 1-ші қабатта 16 отыратын орны бар 1 кассалық күту залы бар.

Маңғыстау теміржол вокзалында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға және халықтың қауқары аз топтарына қызмет көрсету үшін мынадай жағдайлар көзделген:

мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлме 1-қабатта орналасқан, мүгедектер арбасы, мүгедектерге арналған арнайы дәретхана бөлмесі бар;

күту залдарында арбамен жүретін мүгедектерге арналған орындар қарастырылған; 

мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мүгедектер арбасы тегін негізде ұсынылады;

анықтама бюросында нашар еститін жолаушыларға арналған арнайы индукциялық панель орнатылған;

зағип жандарға зерттелетін кеңістік туралы алдын-ала ақпарат алуға мүмкіндік беретін тактильді мнемосхема;

тактильді жол;

вокзал ғимаратына кіру кезінде жәрдем көрсету үшін вокзал қызметкерлерін шақыру үшін шақыру түймесі бар;

пиктограммалар;

жету қиын жерлерде пандустар салынған (қала мен перрон жағынан, вокзал ғимаратының ішінде);

билет кассасы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қайта жабдықталды.

Сонымен қатар, вокзалда медициналық пункт пен дәріхана бар.  

Ана мен бала қысқа мерзімге болатын бөлме (вокзалдың 2-қабатында барлығы 1 бөлме бар).

Сауда бутиктері мен тамақтану орындары: 

1-қабатта банкоматтар, төлем терминалдары, кофе-терминал, лотерея терминалдары орналасқан. 

Вокзал ғимараты мен аумағын күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту, сондай-ақ террористік актілерді болдырмау және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Маңғыстау вокзалында күзет бөлімшесінің қызметкерлері мен желілік ішкі істер бөлімі (ЖІІБ) қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етеді.

Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мыналар қарастырылған:

автоматты өрт қауіпсіздігі жүйесі;

ЖІІБ қызметкерлерін басқару пультіне экран шығару арқылы вокзал ғимаратын бейнебақылау жүйесі,

2 (екі) тексеру жабдығының жиынтығы орнатылды, оның ішінде 1 (біреуі) қала жағынан және 1 (біреуі) перрон жағынан.