Қазақстан темiр жолы


Көкшетау теміржол вокзалы

 

Жолаушылар мен келушілерге сервистік қызмет көрсету үшін қызмет көрсету аймақтары қарастырылған:

- Билет кассалары (билет кассаларының жалпы саны 5, оның ішінде 3 жеке касса, "ЖТ" АҚ-ның 2 кассасы вокзалдың 1 қабатында орналасқан. 5 кассаның біреуі кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектер үшін мамандандырылған);

- Күту залдары (1 қабатта, отыратын орындардың жалпы саны-384), 2 мүгедектер арбасы бар (1 сатылы көтергіш);

- Тұрақ орындары-ҚША үшін-2 дана;

- Анықтамалықтар (1-қабатта 1 анықтама бюросы);

- Қол жүгін сақтау камералары (жертөле қабатта);

- Мүгедектерге арналған күту бөлмесі (барлығы- 1, 1-қабатта), кереуетпен, диванмен, 2 дана тумбамен, айнамен, үстел, электр шәйнегі, қысқа толқынды пеш, урналар, шақыру түймесімен жабдықталған;

- Ана мен бала қысқа уақыт болатын бөлмелер (барлығы- 1, 2-қабатта), құндақтау  үстелімен, диванмен, айнамен, үстелмен, қысқа толқынды пешпен, электр шәйнекпен, урналармен, балалар кереуетімен, ойыншықтармен жабдықталған;

- Барлық санитарлық талаптарға жауап беретін санитарлық тораптар әжетхана (пайдалану орындарындағы санитарлық тораптар саны– 1 (1-қабатта), 1-қабатта шұғыл көмек шақыру түймелерімен, тұтқалармен жарақталған кресло-арбамен қозғалатын мүгедектер үшін мамандандырылған арнайы дәретхана мен жеке кабина бар);

- Сауда бутиктері және қоғамдық тамақтану аймақтары (1-қабатта - қоғамдық тамақтану орталығы, минимаркет, төлем терминалдары, гаджеттер, галантереялық бутик, вендинг аппараты (кофе), банкоматтар, 2 қабатта шаштараз;

- Қонақ үй (3 қабатта) – әр нөмірде орын саны бір-төртке дейін, санитарлық торап және себезгі кабинасымен, көрсетілетін қызметтер тізбесімен, өртке қарсы нұсқаулықпен және тұтынушыға қажет мемлекеттік және орыс тілдеріндегі басқа да ақпараттар бар. 

  

Болуы:

1 медициналық бекет;

ҚША үшін 1 қауіпсіздік аймағы;

Ана мен бала қысқа мерзімде болатын 1 бөлме;

1 полиция пункті.