Бейнеу теміржол вокзалында жолаушылар мен келушілерге сервистік қызмет көрсету үшін келесі қызмет көрсету аймақтары қарастырылған.
Билет кассалары. Теміржол вокзалында 2 билет кассасы орналасқан.
Анықтама. 1 анықтамалық бюро: анықтамалық-ақпараттық қызметтер анықтамалық бюро арқылы жолаушылардың тікелей өзі жүгінген кезде ұсынылады. Жолаушыларды жолаушылар поездарының келуі, жөнелтілуі және кідіруі туралы, теміржол көлігінде жол жүру ережелері туралы, вокзалдағы жолаушылардың жүріс-тұрыс ережелері және ұсынылатын сервистік қызметтердің тізбесі туралы хабарлайтын дауыс зорайтқыш байланыс бойынша дыбыстық құлақтандыру қарастырылған.
Күту залы. Вокзалда барлығы 28 отыратын орны бар 1 күту залы бар.
Бейнеу теміржол вокзалында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға және халықтың қауқары аз топтарына қызмет көрсету үшін мынадай жағдайлар көзделген:
инвалидная коляска;
күту залында арбамен жүретін мүгедектер үшін орындар қарастырылған;
мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мүгедектер арбасы тегін негізде ұсынылады;
анықтама бюросында нашар еститін жолаушыларға арналған арнайы индукциялық панель орнатылған;
зағип жандарға зерттелетін кеңістік туралы алдын-ала ақпарат алуға мүмкіндік беретін тактильді мнемосхема;
тактильді жол;
вокзал ғимаратына кіру кезінде жәрдем көрсету үшін вокзал қызметкерлерін шақыру үшін шақыру түймесі бар;
пиктограммалар;
жету қиын жерлерде пандустар салынған (кент пен перрон жағынан);
билет кассасы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қайта жабдықталды;
медициналық пункт бар;
ана мен баланың қысқа мерзімді болу бөлмесі.
Сауда бутиктері мен тамақтану орындары:
вокзалда банкоматтар, төлем терминалдары орналасқан.
Вокзал ғимараты мен аумағын күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту, сондай-ақ Террористік актілерді болдырмау және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Бейнеу вокзалында күзет бөлімшесінің қызметкерлері мен желілік ішкі істер бөлімі (ЖІІБ) қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етеді.
Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мыналар қарастырылған:
автоматты өрт қауіпсіздігі жүйесі;
ЖІІБ қызметкерлерін басқару пультіне экран шығару арқылы вокзал ғимаратын бейнебақылау жүйесі,
перрон жағынан -1 (бір) тексеру жабдығы орнатылды.