Атырау теміржол вокзалында жолаушылар мен келушілерге сервистік қызмет көрсету үшін келесі қызмет көрсету аймақтары қарастырылған.
Билет кассалары: билет кассаларының жалпы саны - 12, олар вокзалдың 1-қабатында орналасқан. Оның ішінде 1 касса кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектер үшін мамандандырылған болып табылады. Билет кассаларының жұмысы электрондық кезек жүйесімен реттеледі.
Сондай-ақ, вокзалда билеттерді сатудың балама түрі қарастырылған: 1-қабатта 2 дана автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары орнатылған.
Күту залдары. Вокзал бойынша барлығы 2 күту залы: оның ішінде 1 (біреуі) 1-қабатта, 1 (біреуі) 2-қабатта. 2-қабатта халықтың қауқары аз топтарына арналған бөлме бар.
Анықтама бюросы вокзалдың 1-қабатында орналасқан.
Қол жүгін сақтау камерасы вокзалдың 1-қабатында орналасқан.
Ана мен бала қысқа уақыт болатын бөлме вокзал ғимаратының 3-қабатында орналасқан, арнайы үстелмен, креслолармен, айнамен, қоқыс жәшіктерімен, тумбасы бар киімге арналған шкафпен жабдықталған.
Вокзалдың барлық санитарлық талаптарына жауап беретін санитарлық тораптар (жалпы саны 8 бірлік) (оның: 4 –еуі еркектер, 4-еуі әйелдер үшін), жалпы пайдалану орындарының 1-қабатында орналасқан, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жеке мамандандырылған санитарлық торап бар.
Сауда павильондары мен тамақтану орындары. 2-қабатта асхана, 1-қабатта сауда павильондары, азық-түлік сататын дүкендер, food-court, тез дайындалатын дәмханалар, кәдесыйлар дүңгіршегі, газеттер мен журналдар, банкоматтар мен терминалдар бар.
Қонақүй 2-қабатта орналасқан, ол екі аймаққа бөлінген – ерлер мен әйелдер үшін, тоғыз бөлмеден (екі және үш бөлмеден) тұрады. Санитарлық торап саны 4 бірлік (2 еркек, 2 әйелдер үшін 2-қабатта). Барлық нөмірлер климат-бақылау жүйесімен, LED-шамның жарығымен жабдықталған, келушілердің мүлкін сақтау үшін өрт сөндіру және бейнебақылау жүйесі қарастырылған. Әрбір нөмір Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес Өртке қарсы құралдармен жабдықталған, сондай-ақ үй-жайлардың қабырғаларында төтенше жағдай кезінде адамдарды эвакуациялау жоспарлары, схемалары орналастырылған.