Қазақстан темiр жолы


Ақтөбе теміржол вокзалы

 

Ақтөбе теміржол вокзалында жолаушылар мен келушілерге сервистік қызмет көрсету үшін келесі қызмет көрсету аймақтары қарастырылған:

Стационарлық қол жүктерін сақтау камералары: вокзалдың астыңғы қабатында орналасқан сақтау камераларының 2 аймағы.

Санитарлық тораптар: жалпы саны - 1, вокзалдың бірінші қабатында орналасқан, барлық санитарлық талаптарға жауап беретін тораптар екі аймаққа бөлінген - ерлер мен әйелдер үшін, олардың әрқайсысы жеке 10 кабинадан тұрады, кабиналардың жалпы саны - 20.

Билет кассалары: теміржол вокзалының 1-қабатында орналасқан 10 билет кассасы бар. Билет кассалары жұмыс регламентіне сәйкес жұмыс істейді.

Анықтама. 1-ші қабаттағы 1 анықтамалық бюро: анықтамалық-ақпараттық қызметтер анықтамалық бюро арқылы жолаушылардың тікелей өзі өтініш білдірген кезде ұсынылады. Көзбен шолып хабарлау жолаушылар поездарының қозғалыс кестесінің электрондық табло (1 бірлік), ақпараттық табло (1 бірлік), ұжымдық пайдалану таблосы (2 бірлік), анықтамалық-ақпараттық стенділер құралдары бойынша жүргізіледі. Жолаушыларды жолаушылар поездарының келуі, жөнелтілуі және кідіруі туралы, теміржол көлігінде жол жүру ережелері туралы, вокзалдағы жолаушылардың жүріс-тұрыс ережелері және ұсынылатын сервистік қызметтердің тізбесі туралы хабарлайтын дауыс зорайтқыш байланыс бойынша дыбыстық құлақтандыру қарастырылған.

Күту залдары: вокзал бойынша барлығы 2-қабатта 1 күту залы, 39 отыратын орын, 1-қабатта 36 отыратын орыннан тұратын 1 кассалық күту залы бар.

Ақтөбе теміржол вокзалында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға және халықтың қауқары аз топтарына қызмет көрсету үшін мынадай жағдайлар көзделген:

- мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бөлме 1-қабатта орналасқан, жұмсақ жиһазбен, орындықтары бар үстелмен, мүгедектер арбасымен жабдықталған, сондай-ақ ішінде мүгедектерге арналған арнайы дәретхана бөлмесі бар;

- күту залдарында арбадағы мүгедектерге арналған орындар қарастырылған;

- мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған мүгедектер арбасы тегін беріледі;

- анықтама бюросында нашар еститін жолаушыларға арналған арнайы индукциялық панель орнатылған;

- зағип жандарға зерттелетін кеңістік туралы алдын ала ақпарат алуға мүмкіндік беретін тактильді мнемосхема;

- тактильді жол;

- вокзал ғимаратына кіре берісте көмек көрсету үшін вокзал қызметкерлерін шақыру үшін шақыру түймесі бар;

- пиктограммалар;

- вокзал маңы алаңында мүгедектердің автокөліктерін қоятын орын қарастырылған;

- жетуі қиын жерлерде пандустар салынған (қала мен перрон жағынан, вокзал ғимаратының ішінде);

- 1-қабатта орналасқан № 1 билет кассасы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып қайта жабдықталды.

Медициналық пункт, дәріхана вокзалдың 1-қабатында орналасқан.

Электрондық кітапхана ұлы ақын А.Құнанбайдың шығармалары бейнеленген баннерден (стендтен) тұрады және әрбір басылымның түбіртегінде жеке QR-код басылған, вокзалдың 2-қабатында орналасқан.

Транзиттік жолаушыларға арналған демалыс бөлмелері (ДБ): вокзалдың 3-ші қабатында 10 бөлме (жалпы орын саны - 40) орналасқан, әр бөлмеде орын саны екі-төрт-алты орынды құрайды. Барлық бөлмелер ортопедиялық матрацтары бар кереуеттермен, ас ішуге арналған орындықтары бар үстелмен, киімге арналған шкафтармен, тумбочкалармен, теледидарлармен, климат-бақылаумен жабдықталған. Демалыс бөлмесінің кіреберісінде келушілерге арналған теледидар, кітапхана, жұмсақ жиһаздары бар демалыс залы орналасқан. ДБ фойесінде компьютер және тегін WI-FI интернет бар. Душ бөлмесі, кір жууға арналған екі кір жуғыш машина және екі кір кептіргіш, үтіктеу бөлмесі және дәретхана бар. Сонымен қатар, ДБ-де келушілердің мүлкін сақтау үшін жеке заттарын сақтауға арналған шкаф қарастырылған. Демалыс бөлмесінде өрт сөндіру және бейнебақылау жүйесі бар, өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған, сондай-ақ демалыс бөлмесінің қабырғаларында төтенше жағдай кезінде адамдарды эвакуациялаудың жоспар-схемасы орналастырылған.

Ана мен бала қысқа уақыт болатын бөлмелер (вокзалдың 3-ші қабатындағы демалыс бөлмелері ішіндегі 1 бөлме) ауыстырылатын үстелмен, кереуетпен, орындықтары бар үстелмен, киімге арналған шкафпен, ыдыс-аяққа арналған шкафпен, тумбочкамен, теледидармен, айнамен, ойыншықтармен, балалар журналдарымен жабдықталған.

Сауда бутиктері мен тамақтану орындары:

- астыңғы қабатта ұялы телефондарды жөндеу дүңгіршегі орналасқан;

- 1-қабатта минимаркет, баспа өнімдерін сататын дүкен және баспасөз, галантерея өнімдерін сататын дүкен, парфюмерлік өнімдерді сататын дүкен, кофе-витрина, төлем терминалдары, вендингтік аппарат, ұялы телефондарға керек-жарақтарды сататын дүкен, қоғамдық тамақтану орындары, балалар ойыншықтарын сататын коммерциялық үй-жайлар, жарнамалық баннерлер, банкомат орналасқан;

- 2-қабатта банкоматтар, постамат, вендинг аппараттары, кафе, қоғамдық тамақтану пункті, лотерея терминалдары орналасқан;

- перронда минимаркет пен супермаркет бар.

Туристік ақпараттық терминал: 1 бірлік вокзалдың 1-қабатында орналасқан, онда қаланың көрікті жерлері, демалыс аймақтары туралы және т.б. ақпарат бар.

Wi-FI интернетке қосылу: жолаушыларға сервистік қызмет көрсетуді жақсарту үшін вокзалда сымсыз интернет нүктесі орнатылған.

Электрондық сағаттар вокзал ғимаратында 2-қабатта орнатылған, онда уақыт, күн, ауа температурасы көрсетіледі.

Вокзал ғимараты мен аумағын күзетуді қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту, сондай-ақ террористік актілерді болдырмау және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ақтөбе вокзалында күзет бөлімшесінің қызметкерлері мен ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етеді.

Сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мыналар қарастырылған:

- автоматты өрт қауіпсіздігі жүйесі;

- ішкі істер желілік бөлім қызметкерлерінің басқару пульті арқылы вокзал ғимаратын бейнебақылау жүйесі,

- тексеру жабдығы: 3 (үш) тексеру жабдығының жиынтығы, оның ішінде 2 (екі) қала жағынан және 1(бір) перрон жағынан.

Тұрақ орны (жергілікті атқарушы органдардың қарамағында) вокзал маңындағы аумақта орналасқан.