- Билет кассалары (билет кассаларының жалпы саны 9, оның ішінде 5-і жеке кассалар, 4-і АҚ "ЖЖ" кассалары вокзалдың 1 қабатында орналасқан. 9 кассаның 1-і кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар үшін мамандандырылған болып табылады);
- Күту залдары (1 және 2 қабатта, отыратын орындардың жалпы саны-384).
- Тұрақ орындары (ақылы) - 110 оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін-6;
- Анықтама орындары (барлық анықтамалық 3 бюро 1-қабатта)
- Қол жүгін сақтау камералары (жертөле қабатында);
- Мүгедектігі бар адамдарға арналған күту бөлмесі (барлығы - 1, 1 қабатта), дивандар, айна, үстел, электр шәйнегі, урналармен жабдықталған;
- Қысқа мерзімде тұрақтауға арналған ана мен бала бөлмесі (барлығы - 1, 1 қабатта), жөргектеу үстелімен, дивандармен, айнамен, үстел, тоңазытқыш, микротолқынды пеш, электр шәйнегі, урналармен, балалар кереуетімен жабдықталған;
- Барлық санитарлық талаптарға сай санитарлық тораптар (көпшілік пайдаланатын орындардағы санитарлық тораптардың жалпы саны – 4 (жертөле қабатында, 1 және 2 қабатта), 1 қабатта шұғыл көмекті шақыру батырмаларымен жабдықталған, кресло-арбамен қозғалатын мүгедектер үшін мамандандырылған дәретхана кабинасы бар);
- Сауда бутиктері және қоғамдық тамақтану аймақтары (1 қабатта дәріхана, қоғамдық тамақтану орталығы, айырбастау пункті, шағынмаркет, төлем терминалы, газеттер журналдар, гаджеттер, кәдесыйлар, паркоматтар, Astracard сату және толықтыру автоматы, кофе витрина, вендинг аппараты (кофе), вендинг аппараты (зарядтау), банкоматтар, фандомат, Postamat Kaspi. 2 қабатта қоғамдық тамақтану орталығы, балалар алаңы мен ойыншықтар, вендинг аппараты (зарядтау), кофе мен дайын өнімді сату, жайлылығы жоғары күту пункті, шағынмаркет, ақыcsp дәретхана, вендинг аппараты (ойыншықтар). Астыңғы қабатта тұрмыстық бөлме (ақылы дәретхана), тир, вендингтік аппарат (ойыншықтар), ЛОТОМАТИК аппараттар);
- Қонақ үй (2 және 3 - қабатта) – әрбір қонақ үй бөлмесі екі-төрт орындық, санитарлық торап пен мен себезгі кабинасы, көрсетілетін қызметтер тізбесі, өртке қарсы нұсқаулық және тұтынушы үшін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде басқа да ақпаратар бар. Әрбір бөлме Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес өртке қарсы құралдармен жабдықталған, сондай-ақ бөлмелердің қабырғаларында ТЖ кезінде адамдарды эвакуациялау жоспарлары, схемалары орналастырылған;
Қол жетімді:
Медициналық пункт-1;
Мүгедектігі бар адамдарға арналған қауіпсіздік аймағы-1;
Қысқа мерзімді ана мен бала бөлмесі-1;
Намазхана-1