Қазақстан темiр жолы


Қарағанды теміржол вокзалы

 

Жолаушылар мен келушілерге сервистік қызмет көрсету үшін келесі қызмет көрсету аймақтары қарастырылған:

- Билет кассалары (билет кассаларының барлық саны 6 (алты), оның ішінде 1 (бір) касса - жеке меншік, «Жолаушылар тасымалдары» АҚ-ң 5 (бес) кассасы вокзалдың 1-қабатында орналасқан. 

1-касса арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамдар үшін арналған арнайы касса болып табылады.

- Күту залдары (1,2,3-қабатта, отыратын орындардың жалпы саны- 393 (үш  жүз тоқсан  үш орын). 

- Тұрақ орындары (тегін тұрақ)-  олардың  4-і мүгедектігі бар адамдар үшін арналған.

- Анықтама бюросы - барлығы 2 анықтама бюросы бар, 1-қабатта орналасқан.

- Қол жүгін сақтау камерасы (1-қабатта);

- Мүгедектігі бар адамдарға арналған күту бөлмесі (барлығы – 2, 1-қабатта орналасқан) дивандармен, медициналық диванмен, үстелдермен, орындықтармен, киім ілетін шкафпен, біріктірілген санитарлық тораптармен жабдықталған.

- Ана мен баланың қысқа мерзім болуына арналған бөлме (барлығы  - 2, 1-қабатта орналасқан), баланы бөлеу үстелімен, дивандармен, үстелдермен, біріктірілген санитарлық тораптармен жабдықталған.

- Барлық санитарлық талаптарға сай келетін санитарлық тораптар  (жалпы орындарда орналасқан тораптардың жалпы саны 2 (тегін)), жертөле қабатында орналасқан.

Сауда дүңгіршіктері мен қоғамдық тамақтану аймақтары: 1-қабатта кафе-бар, шағын-маркет, төлем терминалы, газеттерді, журналдарды, ұялы аксессуарлар, кәдесыйларды сататын дүңгіршектер, вендинг аппараттары (кофе), сонымен қатар банкоматтар орналасқан.

Медициналық пункт – 1-қабатта орналасқан.

Вокзалдың жолаушылар жайлары функционалды бөлу принциптері бойынша:

- операциялық (фойе, екі касса залы, анықтамалық бюро);

- жолаушыларға арналған күту және мәдениеттік-тұрмыстық қызмет көрсету жайларына (бес күту залы, екі касса залы, қол жүгін сақтау камерасы, демалу бөлмесі, 2 екі ана мен бала бөлмесі,  мүгедектігі бар адамдарға арналған 2 екі бөлме, кафе-бар, шағын маркет, жолаушылардың қысқа мерзімді болу үй-жайлары.