Қарағанды кластан тыс теміржол вокзалына 1956 жылы салынған 2 қабатты вокзал ғимараты мен жалпы алаңы 5 188,7 м², 2019 жылы салынған 3 қабатты ғимараттың жаңа терминалы, перрон мен екі бөлек платформа кіреді. Багаж бен жүк багажын қабылдау мен беру операцияларын орындау үшін, сондай-ақ олардың сақталуына перронда бөлек орналасқан багаж бөлімшесі бар.
Конкорстық өткел 2 лифтпен және 4 экскалатормен жабдықталған. Жаңа терминалда 4 экскалатор мен мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған лифт бар.
Құрылым ерекшіліктері
Ғимарат классикалық кеңестік сәулеттік стильде жобаланып, 1956 жылы пайдалануға берілді. Ғимарат жобасы «Ленгипротранс» институтымен әзірленген, жоба авторлары - ленинградтық сәулетшілер П. А. Ашастин мен М.Б. Бениолинсон. Фойе мен күту залдары барельефтармен безендірілген, олардың авторы - Қарағанды мүсіншісі Петр Антоненко.
Жолды дамыту
Жолаушылар поездарын жөнелту мен қабылдауға бағытталған үшін екі отырғызу платформалы бес жол бар. Аралық платформалардың жалпы алаңы 4290 м², 1 негізгі платформа - 5347м², 2 негізгі платформа - 3936 м2 , перронның ұзындығы 26 жолаушылар вагонынан тұратын құрамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.