Қазақстан темiр жолы


Қызылорда теміржол вокзалы

 

Қызылорда теміржол вокзалы екі ғимараттан тұрады. Біріншісі сәулеттік ескерткіш болып табылатын бір қабатты ғимарат 1905 жылы салынған. Екіншісі үш қабатты ғимарат 1969 жылы салынған. Ғимараттардың ауданы 2257,7 шаршы метрді құрайды.

Жолаушыларды қабылдау және жөнелту үшін 3 темір жол қабылдау-жөнелту жолдары пайдаланылады. Жолаушыларды поездардан отырғызу және түсіру екі платформада жүргізіледі.

 

Вокзалда:

2 күтуге арналған зал;

1 ана мен баланың уақытша тынығу бөлмесі;

1 медициналық пункт;

1 демалыс бөлмесі;

Вокзал қызметтеріне кедергісіз қол жеткізу үшін талаптарға сәйкес келетін 2 пандус бар.

 

Отырғызу орындары: 100

Күту залдарында - 68 орын

Перронда - 32 орын