Қазақстан темiр жолы


Тараз теміржол вокзалы

 

Тараз темір жол вокзалы туралы  жалпы мағлұмат

Тараз темір жол вокзалының негізгі қызметі жолаушылар тасымалындағы халықтың  қажеттілігін, темір жол көлігін пайдаланғанда жолаушылардың қауіпсіздігін, қажетті ыңғайлылықты, қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

 

Құрылыстың ерекшеліктері:

Тараз темір жол вокзалы 1 класты және барлық бағыттардағы жолаушылар пойыздарын және жергілікті қатынастағы жолаушылар пойыздарын жөнелтетін негізгі пункт болып табылады, Республикамыздың ірі өндірістік, мәдени және ғылыми орталығына қызмет көрсетеді, мекемелердің өнімі Отанымыздың барлық түкпіріне және шетелдерге жіберіледі.

Вокзал ғимараты 1986 жылы салынған, екі қабатты.

Вокзал ғимаратының жалпы көлемі – 2568,12 м2

Соңғы күрделі жөндеу 2013 жылы жүргізілген.

 

Жолдарының дамуы:

Тараз станциясы бойынша бас екі қабылдау-жөнелту жолы бар, күнделікті 17 жұп жолаушылар пойызы өтеді, қысқы уақытта Тараз – Қаратау – Жаңатас қатынасындағы қала маңы пойызы құрастырылады.