Орал теміржол вокзалы үш қабатты ғимарат болып табылады және орындалатын жұмыстар көлемі бойынша Батыс өңірі бойынша бірінші классқа жатады.
Вокзал ғимараты салынған жылы – 1983 жыл, вокзал ғимаратының жалпы ауданы – 5720,8 ш. м.
2021 жылдың жарты жылдығында орташа есеппен жөнелтілген жолаушылар саны – 88 766, тәулігіне - 493 жолаушы.
Соңғы күрделі жөндеу 2012-2013 жылдары жүргізілді.
Бұл вокзал: вокзал маңындағы алаңнан, ғимараттардан, жолаушылар платформаларынан, тоннельден, сауда залдары мен павильондардан, сақтау камерасынан, демалыс бөлмесінен және ана мен бала бөлмесінен тұрады.