Вокзал кешенінің бірегейлігі - оның техникалық жабдықталуында, технологиялық мүмкіндіктерінде, сондай-ақ құрылыстың заманауи композициясында
Нұрлы Жол вокзал кешені - 2017 жылдың 1 маусымынан бастап жұмыс істейді. 2016 жылы вокзалдың дизайны MIPIM AR Future Projects (аяқталмаған жобаларды марапаттау бағдарламасы, жыл сайын Францияның Канн қаласындағы Халықаралық жылжымайтын мүлік нарығы ай сайынғы Architectural Review халықаралық журналымен ынтымақтастықта бірлесе отырып ұйымдастырады) байқауында бірінші орынға ие болды.
Құрылымдық ерекшеліктері
Вокзал кешені әдеттегі «жағалау» типтегі вокзалдарды ауыстыру арқылы «Вокзал – көпір» қағидаты бойынша салынған, яғни вокзалды теміржолдардың үстіндегі конкорсқа орналастыру – бұл тиімділіктің, ықшамдылықтың және кеңістікті ұтымды пайдаланудың арқасында вокзал ғимараттарын орналастырудың заманауи әдісінің өзіндік ноу-хауы.
Пойыздар ұзындығы 3,185 км болатын кіреберіс эстакадасы арқылы бірден құрылымның ішіне кіреді.
Вокзал ғимаратына 6 темір жол қабылдау-жөнелту жолдары тартылды. Жолаушыларды поездардан отырғызу және түсіру вокзал кешенінің үшінші қабаты деңгейінде жүргізіледі.
Вокзал ғимаратына екі жағынан автокөлік құралдарының 3 қабат деңгейіне кіруі үшін пандустар жүргізілген.
Ғимараттың ауданы 116 729,9 ш.м. құрайды, 6 қабаттан және техникалық қабаттан тұрады.
Қуаты
Вокзал кешенінің сыйымдылығы - 3000 жолаушы.
Вокзал кешенінің өткізу қабілеті - тәулігіне 35 000 жолаушы.
Лифттер мен эскалаторлар
Барлығы 64 эскалатор және 27 лифт орнатылды.
Жолды дамыту
ТВЗ (жаңа және ескі тип), КВЗ, ҚХР вагондарынан және қала маңындағы қатынас электр пойыздарынан құрылған поездарды қабылдау үшін №4 және №5 жолдар қарастырылған.
«Talgo» вагондарынан құрылған пойыздарды қабылдау үшін № 1, №2, №3 және №6 жолдар қарастырылған.
Тұрақ орындары - 1 454 көлік-орын
Жабық паркинг, көлік-орындар саны - 740
Көше паркингі, көлік-орындар саны - 714.