Маңғыстау теміржол вокзалы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімшілік орталығы - Маңғыстау ауылында орналасқан.
1968 жылы салынған теміржол вокзалының ғимараты бір қабатты негізгі ғимараттан және екі қабатты қосымша құрылыстардан тұрады.
Жалпы ауданы - 763,7 ш.м., оның ішінде күту залдарының ауданы 363 ш.м.
Есептік сыйымдылығы 300 жолаушыға арналған, отыратын орын саны - 84.
Жолаушылар поездары 1-ші және 2-ші қабылдау-жөнелту жолдарына қабылданады. 1-ші жол төмен жолаушылар платформасымен жабдықталған.