Ақтөбе теміржол вокзалы

Ақтөбе теміржол вокзалы


Ақтөбе кластан тыс теміржол вокзалының негізгі мақсаты халықтың жолаушылар тасымалына қажеттілігін қамтамасыз ету, теміржол көлігін пайдалану кезіндегі жолаушылардың қауіпсіздігі, қажетті ыңғайлылықтар, қызмет көрсетудің жоғары мәдениеті болып табылады.

Ақтөбе станциясы 1-класты учаскелік станция болып табылады, ал Ақтөбе станциясының вокзалы орындалатын жұмыс көлемі бойынша кластан тыс вокзалға жатады. Ақтөбе вокзалының ғимараты - алты қабатты ғимарат.

Вокзал ғимараты 1976 жылы салынған.

Соңғы күрделі жөндеу 2013-2014 жылдары жүргізілді.

Вокзал ғимаратының жалпы ауданы -7235,8 ш.м.

2019 жылы тәулігіне орташа есеппен 2937 жолаушы, 2020 жылы тәулігіне орташа есеппен 1453 жолаушы жөнелтілді.

Ақтөбе станциясы бойынша барлығы 36 пойыз өтеді (оның ішінде - 10-жедел, 6-жолаушы, 4-қала маңына қатынайтын пойыздар).