Астана кластан тыс теміржол вокзалы - жалпы ауданы 4 456,7 шаршы метр 500 жолаушыға арналып 1961 жылы салынды. 1962 жылдың наурыз айында Ақмола станциясы Целиноград станциясы деп аталды.
Вокзал Қазақстан темір жолындағы ең ірі теміржолдың бірі болып саналды. Ол арқылы тәулік сайын жолаушылар пойыздарының өзінен 20-жұптан астамы жүріп өтетін.
1990 жылы қосымша жаңа биік вокзал ғимараты пайдалануға берілді. Вокзал қуатының негізгі көрсеткіші 1 800 жолаушыға дейін өсті.
2001 жылдан бастап Астана-1 станциясы болып өзгертілді.
Вокзал 2004 жылы күрделі қайта құрылымдаудан өтті.
Ғимараттың жалпы ауданы 11 174,2 ш.м., жаңа ғимарат 8 қабатты (9 техникалық қабат), ескі ғимарат 2 қабатты.
Лифтілер саны-3, эскалаторлар саны-10,
Жолаушыларды қабылдау-жөнелту жолдарының саны-3.