Қазақстан темiр жолы

История


Тарих

 

1804 жылы британдық өнертапқыш Ричард Тревитник Мертир-Тидвилде (Ұлыбритания) бумен тартылатын алғашқы пойызды көрсеткеннен, ал Ресейде 1837 жылы Царскосельский темір жолының алғашқы участогы таныстырылғаннан бері, бумен жүретін теміржол көлігі Ескі мен Жаңа Әлем елдерінің өндірісті елдерінің барлығында бумен жүретін темір жол көлігі белсенді дами бастады. Енді сол ХХ ғасыр табалдырығын аттай бере қазіргі тәуелсіз Қазақстанның аумағын құрайтын жерде алғашқы темір жолы төселе  бастады.

Осы жылдар ішінде темір жолдары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жүйеқұрушы инфрақұрылымы болды. Еліміздің экспорттық және транзиттік әлеуетін дамыту үшін көптеген теміржол желілері салынды.  Теміржол желілері бойында жаңа станциялар салынып, қажетті әлеуметтік инфрақұрылымдар, қалалар бой көтеріп, өнеркәсіп салалары пайда болды және дамыды. Жаңа желілерді енгізу өңірлер арасындағы ішкі байланыстарды қамтамасыз етіп, өңірлерді дамытуға қуатты серпін берді. Темір жол желілері еліміздің барлық өңірін көлік артериясымен жалғады және де көлік байланысы мен Қазақстанның сыртқы әлеммен тауарайналымын қамтамасыз етті.

Қазіргі кезде болат магистралдарда Қазақстан жалпы тұрғындарының шамамен 1 пайызы жұмыс істесе, соның бір бөлігі – теміржолшылардың бірнеше ұрпағын өсірген және тәрбиелеген теміржол әулетінің өкілдері.

 Бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ – көлік-логистикалық холдингі, Қазақстан Республикасы темір жол магистралының операторы, Жүктер мен жолаушыларды ұлттық теміржол тасымалдаушы.

 Хронологиясы

1904 жылы солтүстік-батыстағы Ресей шекарасынан оңтүстігінде Өзбекстан шекарасына дейін 1668 шақырымға созылған Орынбор - Ташкент алғашқы трансқазақстандық магистралі ашылды.

 * 1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бөлігі  – Арыс – Пішпек Жетісулық жолы салынды,

* 1915 ж. – Челябинск – Троицк – Қостанай магистралі (Қазақстан бойынша-166 км).

* 1915-1917 жылдары Алтай темір жолының бір бөлігі (Новосибирск - Семей).

* 1920-1922 жылдары-Петропавл-Көкшетау учаскесі салынды. 1926-1931 жылдары Бурабай курорты және Ақмола станциялары арқылы Қарағандыға дейін жалғасты, оның жалпы ұзындығы 700 км.

* 1924 жылы Кулунда – Павлодар желісі салынды.

* 1927-1930 жж. ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір магистралінің (Түрксіб) құрылысы.

* XX ғ.30-шы жылдары Ақмола – Қарағанды мен Қарағанды – Балқаш (490 км), Шымкент – Ленгір учаскелері салынды.

* 1930 ж. Лениногорск мен Зыряновскіге дейін созылған Локоть – Защита желісі (235 км).

• 1936-1939 жылдары Саратовқа шығатын Орал – Илецк учаскесі салынды.

* 1936-1944 жылдары Гурьев (Атырау) — Қандыағаш – Орск магистралі салынды

* 1939-1943 жылдары Қарағанды көмірін Оңтүстік Оралға тиімді жеткізуді қамтамасыз еткен Ақмола – Қарталы желісі. Осы жылдары Көксу – Текелі – Талдықорған және Атасу – Қаражал учаскелері іске қосылды. Қазақстандық болат магистральдардың ұзындығы 10 мың шақырымға жетті.

* 1950 жылға қарай Мойынты – Шу (440 км) учаскесі салынды. Нәтижесінде Транссібір магистралы Түркістан-Сібір магистралімен біріктіріліп, республиканың бүкіл аумағы арқылы өтетін алғашқы меридиандық желі – Петропавл – Көкшетау – Ақмола –Қарағанды – Шу трансқазақстандық теміржол магистралі қалыптасты.

* 1953 жылға қарай Оңтүстік-Сібір магистралінің негізгі буындарының бірі – Ақмола (Астана) – Павлодар (546 км) салынды)

* 1955-1961 жылдары Есіл – Арқалық (224 км), 1959 жылға қарай Қостанай – Тобыл, 1960 жылға қарай Тобыл - Жетіқара желілері құрылды. 1950 жылдары Қазақстанның теміржол желісінің тығыздығы екі есе артты.

* 1958 ж.1 шілдесінде КСРО-дағы ең ірі Қазақ темір жолы құрылды. Ұзындығы 11 мың км-ден асатын ол 15 бөлімшеден тұрды.

* 1959 жылы Ақтоғай – Достық учаскесі салынды.

* 1960 жылдары Мақат – Маңғышлақ және Маңғышлақ – Өзен учаскелері салынды (жалпы ұзындығы шамамен 900 км). Қазақстан мен Ресей байланысының жандануына осы кезеңде салынған Гурьев – Астрахань желісін қарқынды пайдалану ықпал етті.

* 1964 жылы Қазақстанда алғаш рет Целиноград (Астана) – Қарағанды учаскесі электрлендірілді. Республиканың солтүстік және орталық облыстарында темір жолдарды электрлендіру жұмыстары басталды.

* 1969-1970 жылдары Қарағанды – Магнитогорск учаскесі түгелдей (1180 км) электр тартымына ауыстырылды.

* 1977 ж. сәуірінде Қазақ темір жолының нбазасында үш жол: Целинная, Алматы және Батыс Қазақстан құрылды.

* 1980 ж. жылдардан бастап электрлендіру оңтүстіктік: Мойынты – Шу, Шеңгелді – Арыс, Арыс-Түлкібас магистральдарына да жетті. Электрлендірілген желілердің жалпы ұзындығы 4 мың шақырымға жақындады.

* 1990 ж. қыркүйегінде қазақстандық Дружба станциясын қытайлық Алашаңқай станциясымен қосқан Қазақстан мен Қытай шекара өткелінде темір жолдар түйісі орын алды.

 * 1991 ж. - Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі бойынша жүк құрамдарының қозғалысы ашылды

• 1997 жылы "Қазақстан темір жолы"республикалық мемлекеттік кәсіпорының құру арқылы салада қайта құрудың бірінші кезеңі басталды.

• 2001 жылы "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының теміржол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасы қабылданды.

• 2002 жылы "Қазақстан темір жолы" РМК базасында 100% мемлекеттік акциялар пакетімен "Қазақстан темір жолы " Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы құрылды.

• 2002-2004 жылдары "Әскерилендірілген темір жол күзеті", "Жолжөндеуші", "Ремпуть", "Қазтранссервис", "Кедентранссервис", "Транстелеком", "Көліктік сервис орталығы" акционерлік қоғамдары және өзгелері құрылды.

• 2004 жылы "ҚТЖ "ҰК" ЖАҚ "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы болып қайта құрылды»

• .2001 жылы ұзындығы 187 км болатын "Ақсу-Дегелең" жаңа темір жол желісі іске қосылды. Жаңа жол Семейден Павлодар өңіріне қысқа бағыт ашты.

* 2004 жылы Қостанай және Ақтөбе облыстарын жалғаған ұзындығы 404 км "Хромтау-Алтынсарин" теміржол желісінің құрылысы аяқталды.

* 2008 жылы ұзындығы 150 км "Шар-Өскемен" теміржол желісімен Қазақстан шекарасы шегіндегі ұлттық теміржол желісін қосу аяқталды.

* 2012 жылы "Жетіген-Алтынкөл" (Қорғас) теміржол желісінің іске қосылуы Қытаймен шекарадағы екінші теміржол өткелін қамтамасыз етті.

• 2014 жылы Қазақстан, Түрікменстан және Иран басшылары "Өзен — Берекет — Горган"халықаралық көлік дәлізі бойынша қозғалысты ашты.

• 2010 жылы ҚР Үкіметімен көлік инфрақұрылымын дамытудың 2014 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын қабылдады.

* 2011 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес "ҚТЖ "ҰК" АҚ бизнесі қарқынды трансформациялануда.

"ҚТЖ" ҰК " АҚ темір жол компаниясынан Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және жаһандық инфрақұрылымдық ықпалдасу міндетімен көлік-логистикалық холдинг болып қайта құрылды. Компания "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асырып, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыруға қатысып, көлік активтерін жаңғыртуды жалғастырып, халықаралық көлік дәліздерін институционалдық дамытуға және тасымалдарды жүзеге асыру кезінде физикалық емес кедергілерді жоюға қатысады.