Қазақстан темiр жолы

Теміржол ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ)


ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Құрылған күні: 1956 жылы 28 маусымда София (Болгария)

Штаб-пәтері: Варшава (Польша)

Жұмыс тілдері: орыс, қытай

Ресми веб-сайт: https://osjd.org/ 

Қатысушылар саны (елдер): 28 ел

Құрылымы мен негізгі консультативтік-кеңесші органдары: Министрлер конференциясы, Темір жол бас директорларының (жауапты өкілдер) конференциясы, 5 комиссия және 2 тұрақты жұмыс тобы, Өкілетті өкілдер отырысы, комиссиялар отырысы

Негізгі құжат: ТЖЫҰ ережелері

Нормативтік құқықтық актіге сілтеме:  https://osjd.org/ru/8967

 

ТЖЫҰ-дағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ
 

1993 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасы ТЖЫҰ мүшесі болды, оның шеңберінде халықаралық жүктер мен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру үшін барлық қажетті негізгі шарттар қабылданған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан қатысушысы болып табылатын Халықаралық темір жол жүк тасымалы туралы келісімнің, Халықаралық темір жол жолаушылар тасымалы туралы келісімнің, Еуропа-Азия байланысындағы аралас тасымалдаудың ұйымдастырушылық-пайдалану аспектілері туралы келісімнің ережелерін қолданады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ сондай-ақ Бірыңғай транзиттік тариф және халықаралық темір жол транзиттік тарифі туралы келісімдердің тәуелсіз Тарапы болып табылады, тарифтік ережелер мен ТЖД шеңберінде транзиттік жүктерді тасымалдау шарттарын белгілейді. Сол сияқты, Компания халықаралық теміржол жолаушылар тарифі туралы келісімнің Тарапы болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ халықаралық қатынаста жүк вагондарын пайдалану, халықаралық қатынаста жолаушылар вагондарын пайдалану қағидалары және халықаралық жолаушылар және жүк темір жол қатынасында есеп айырысу қағидалары туралы келісімдер жасады.