ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Құрылған күні: 1993 ж. мамыр
Штаб-пәтері: Баку қ. (Әзербайжан)
Жұмыс тілдері: орыс, ағылшын
Ресми сайты: http://www.traceca-org.org/ru/glavnaja
Қатысушылар (елдер) саны: 13 ел
Құрылымы және негізгі кеңесші органдары: Үкіметаралық комиссия отырысы, Министрлер конференциясы, Жоғары деңгейдегі отырыс, Жұмыс топтары
НҚА-ға сілтеме: http://www.traceca-org.org/ru/biblioteka
«ҚТЖ» ҰК» АҚ өз жұмысын Еуропа – Кавказ – Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімді ескере отырып жүргізеді. Келісімге 1998 жылғы 8 қыркүйекте Баку қаласында қол қойылған. Ол Еуропа, Қара теңіз, Кавказ, Каспий теңізі және Азия өңірлерінде экономикалық қатынастарды, сауданы және көлік қатынасын дамытудың құқықтық негізін қамтамасыз етеді. ТРАСЕКА негізгі көпжақты келісіміне қатысушы елдер: Әзербайжан, Армения, Болгария, Грузия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Румыния, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина.
Қазіргі уақытта ТРАСЕКА шеңберінде темір жол көлігі бөлігінде ЦИМ/СМГС электрондық жүкқұжатын қолдану және Жаһандық транзиттік құжатты пайдалану жобалары белсенді талқылануда.