ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Құрылу күні: мамыр 1993 жыл
Штаб-пәтері: Баку қаласы (Әзірбайжан)
Жұмыс тілдері: Орыс, Ағылшын
Ресми веб-сайт: http://www.traceca-org.org/ru/glavnaja
Қатысушылар саны (елдер): 13 ел
Құрылымы және негізгі консультативтік органдар: Үкіметаралық комиссияның отырысы, Министрлер конференциясы, жоғары деңгейдегі отырыс, жұмыс топтары
Нормативтік құқықтық актілерге сілтеме: http://www.traceca-org.org/ru/biblioteka
«ҚТЖ» ҰК» АҚ 1998 жылғы 8 қыркүйекте Бакуде қол қойылған Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімді ескере отырып жұмыс жүргізеді, ол Еуропа, Қара теңіз, Кавказ, Каспий теңізі және Азия өңірлерінде экономикалық қатынастарды, сауда мен көлік қатынасын дамыту үшін құқықтық базаны қамтамасыз етеді. ТРАСЕКА ОМС қатысушы елдері: Әзірбайжан, Армения, Болгария, Грузия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Румыния, Тәжікстан, Түркия Өзбекстан, Украина.
Қазіргі уақытта теміржол көлігі бөлігінде ТРАСЕКА шеңберінде электрондық жүкқұжат ЦИМ/СМГС қолдану және жаһандық транзиттік құжатты пайдалану жобаларын талқылау белсенді жүргізілуде.