Қазақстан темiр жолы

Еуразиялық экономикалық одағы (ЕЭО)


ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Құрылған күні: 2015 жылғы 1 қаңтар

Штаб-пәтері: Мәскеу қ. (РФ)

Жұмыс тілі: орыс

Ресми сайты: http://www.eaeunion.org

Қатысушылар (елдер) саны: 5 ел

Құрылымы және негізгі кеңесші органдары:
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес, Еуразиялық үкіметаралық кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия, Одақ Соты 

Негізгі құжаты: Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (Астана қ., 2014 жылғы 29 мамыр)

НҚА-ға сілтеме: https://docs.eaeunion.org

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ЕАЭО-ДА
 

Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ ЕАЭО-ның интеграциялық процестеріне мынадай салаларда қатысады:

1. көлік – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін – Одақтың көлік саясатын (ОНСТП) іске асыру шеңберінде;
 

2. тасымалдау қызметіне байланысты мәселелер бойынша кедендік реттеу;
 

3. темір жол көлігі мәселелері бойынша қабылданған техникалық регламенттерді іске асыру шеңберінде техникалық реттеу;
 

4. ЕАЭО-ның Цифрлық күн тәртібін (оның ішінде ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін) іске асыру.
 

5. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы консультативтік комитеттердің мүшесі және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сараптамалық кеңестерінің тұрақты қатысушысы болып табылады.