ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Құрылған жылы: 1947 ж.
Штаб-пәтері: Женева қ. (Швейцария)
Жұмыс тілі: ағылшын
Ресми сайты:http://http://www.unece.org
Қатысушылар (елдер) саны: 56 ел
Құрылымы және негізгі кеңесші органдары: БҰҰ ЕЭК хатшылығы және оның комитеттері, оның ішінде Ішкі көлік комитеті және оның 12 жұмыс тобы
Негізгі құжаттары (темір жол көлігіне қатысты): Халықаралық құрамдастырылған тасымалдардың аса маңызды желілері және оларға қатысты объектілер туралы Еуропалық келісім, Халықаралық магистральдық темір жол желілері туралы Еуропалық келісім, Еуразиялық темір жол тасымалдарын дамыту және бірыңғай темір жол құқығын құру жөніндегі қызмет туралы бірлескен декларация
НҚА-ға сілтеме: http://www.unece.org/publications/oes/welcome.html
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Интермодальдық тасымалдар және логистика жөніндегі жұмыс тобының (WP.24) жұмысына қатысады. Мақсаты – құрамдастырылған және интермодальдық тасымалдарды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ осындай тасымалдарда қолданылатын жабдықты, инфрақұрылымды және терминалдарды барынша пайдалануды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Халықаралық құрамдастырылған тасымалдардың аса маңызды желілері және оларға қатысты объектілер туралы Еуропалық келісімнің (СЛКП) қатысушысы болып табылады.
Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ Темір жол көлігі жөніндегі жұмыс тобының (SC.2) жұмысына қатысады. Бұл жұмыс тобы Халықаралық магистральдық темір жол желілері туралы Еуропалық келісімнің (СМЖЛ) жұмыс органы болып табылады.