ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Құрылған жылы: 1947 ж.
Штаб-пәтері: Бангкок қ. (Таиланд)
Жұмыс тілі: ағылшын
Ресми сайты: https://www.unescap.org
Қатысушылар (елдер) саны: 53 ел
Құрылымы және негізгі кеңесші органдары: БҰҰ ЭСКАТО хатшылығы және оның комитеттері, оның ішінде Көлік комитеті және оның 9 жұмыс тобы
Негізгі құжаттары (темір жол көлігіне қатысты): «Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім, Трансазиялық темір жолдар желісі жөніндегі үкіметаралық келісім
НҚА-ға сілтеме: https://www.unescap.org/research
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы уәкілетті органының шақыруы бойынша бірнеше органның жұмысына қатысады:
2021 жылы БҰҰ ЭСКАТО Көлік комитеті мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) жәрдемдесуімен Қазақстан, Түрікменстан және Иран темір жол әкімшіліктері Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жол дәлізін іске асыру жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Дәлізді дамыту мәселелерін шешу үшін Тұрақты жұмыс тобы құрылды.