Қазақстан темiр жолы

ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

 

Біздің миссиямыз

 

«Қазақстанның жүйе құраушы көлік компаниясы ретінде біз ұлттық экономика мен қоғамның жүк және жолаушы тасымалдауға деген қажеттіліктерін қанағаттандырамыз және бәсекеге қабілетті көлік-логистикалық қызметтерді көрсету арқылы еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға мүмкіндік туғызамыз».

 

 

Біздің пайымдауымыз

 

«Біз экономикалық тиімділік, қауіпсіздік, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарына негізделген көлік қызметтерін көрсететін жетекші компаниямыз. Біз клиенттерімізге жоғары деңгейдегі сервистің көрсетілуін қамтамасыз ету үшін басқарудың озық әдістерін, инновациялық технологияларды және цифрлық шешімдерді қолданамыз».

  

 

Біздің стратегиялық мақсаттарымыз

 

1. Теміржол тасымалдарының тиімділігін арттыру

2. Транзиттік тасымалдарды дамыту

3. Клиенттердің қанағаттанушылығын арттыру

4. Цифрландыру

5. ESG қағидаттарын енгізу

6. Поездар қозғалысы қауіпсіздігіне кепілдік беру