Қазақстан темiр жолы

Көмекші құралдар    


ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН КӨМЕКШІ САЙТТАР   
 


 

  «Tilalemі.kz»  -  тіл саясатын жүзеге асыру саласындағы жаңалықтар, лингвист ғалымдардың мақалалары, республикалық конкурстардың, іс-шаралардың ережелері және т.б. орналастырылған портал. Сонымен қатар порталда кітаптар, мультимедиялық бағдарламалар, сөздіктер мен журналдар орналастырылған.


  Sozdikqor.kz порталы -  әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер және тұрақты сөз тіркестерін, қазақ тіліндегі көне сөздерді, кірме сөздерді, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін платформа.


◈  «Emle.k- тіліміздегі сөздердің дұрыс жазылу нормаларын көрсететін электронды ақпараттық-анықтамалық сайт.


  «Qujat.kz» - құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде сауатты әзірлеу бойынша үлгілер мен нұсқаулықтар берілген электрондық база.


   Тіл-Құрал (TiI-Qural)  - ойын тәсілдерін қолдана отырып, қазақ тілін үйренуге және қолдануға арналған тегін платформа.


   «Atau.kz» -  ономастика саласындағы сайт. Оған Қазақстан бойынша көшелердің, мәдениет, білім беру мекемелерінің, түрлі объектілердің атаулары жинақталған.


   «Soyle.kz» - бұл ауызекі сөйлеуді дамытуға арналған платформа, сонымен қатар мобильді қосымшасы бар. Сайт көмегімен аз ғана уақытта кез келген адам қазақ тілін меңгеріп, қазақ тілінде сөйлей алатын дәрежеге жетеді.


   «Tilmedia.kz» - үштілді сайты қызықты және тиімді тәсілдер арқылы орыс және ағылшын тілді азаматтарға қазақ тілін үйренуге мүмкіндік береді. Тілдерді оқыту әдістемесі аудио және бейне мазмұнға негізделген. Сайтта латын және араб графикасы қарастырылған.


   «Qazlatyn. kz» - еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін негізгі ұлттық портал. Порталдың көп функционалды конвертері мәтіндерді кирилден латынға және төте жазуға онлайн сәйкестендіруге мүмкіндік береді.


   «Til-Qazyna» - республикалық ақпараттық танымдық газеті.


   «Termincom.kz» сайты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді бірыңғай электрондық базаға үздіксіз енгізу максатында құрылды.


 

Қазақ әдебиеті мен мәдениетін бойға сіңіру, сөздік қорды байыту және тілді еркін меңгеру үшін көруге ұсынылатын фильмдер

 

жүктеу