«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ана тілім – ардағым» конкурсы өтті. Конкурсқа Компанияның филиалдары мен еншілес ұйымдары қызметкерлерінен құралған 14 команда қатысты.
Шараның мақсаты – мемлекеттік тілді құрметтеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, қызметкерлерді мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру. Сондай-ақ, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын, қайраткерлік тұлғасын дәріптеу.
Конкурсты Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Айгүл Кенжеқызы Жолдыбаева кіріспе-құттықтау сөзбен ашып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Конкурсқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен, алғыс хат-дипломдармен марапатталды.
5 қыркүйек — ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдері күніне орай «ҚТЖ — Жүк тасымалы» ЖШС-де мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қызметкерлер қазақтың ұлттық киімдерін киіп, дөңгелек үстел басында бас қосып, ұлттық тағамдардан дәм татты.
Кездесудің басты бөлігі — көңілді әрі танымды интеллектуалды квиз. Қатысушылар қазақ тілі, тарихы, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.
ҚТЖда Қазақстан халқының тілдері күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлтымыздың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында қазақ тілінде Quiz зияткерлік ойыны өткізілді.
Шараның мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, Компания қызметкерлерінің ұлт ұстазына тағзым және ана тіліне деген құрметін арттыру.
Зияткерлік ойынға Компанияның орталық аппараты, филиалдары мен еншілес ұйымдарының қызметкерлерінен құралған командалар қатысып, таным-білімін, ой ұшқырлығын танытты.
Қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қазақ тілінде сөйлеу клубының кезекті отырысы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абай – ұлт мақтанышы, руханиятымыздың алтын діңгегі» тақырыбына арналды.
Отырыс барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы ой бөлісіп, қара сөздерін талдады, өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Wordwall платформасында «Ұяшықты таңда» интерактивті сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, қатысушылардың Абай мұрасы туралы білімдері пысықталды.
Шара соңында қатысушылар Абайдың әндерін караоке форматында бірге орындап, көтеріңкі көңіл-күймен аяқтады.
Кездесу ұлы ақынның рухани мұрасын дәріптеп, қызметкерлердің мемлекеттік тілде еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.
ҚТЖ-да Ұлттық компаниялар арасында тәжірибе алмасудың диалог алаңы өтті
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен «ҚТЖ» ҰК" АҚ бірлесе отырып 2026 жылғы 19 наурызда Ұлттық компаниялар арасында тәжірибе алмасудың диалог алаңын өткізді.
Аталған іс-шараға еліміздегі 26 ұлттық компанияның, акционерлік қоғамның тілдерді дамыту мәселесіне жауапты құрылым басшылары мен мамандары қатысып, тіл саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, өзара тәжірибе алмасып, ұсыныстарын білдірді.
Диалог алаңының шеңберінде ұйымдастырылған «Тіл саясаты: үздік тәжірибелер мен инновациялар» атты интерактивті көрмеде қатысушыларға Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің, «Қазақтелеком» ұлттық компаниясының тілдерді дамыту саласындағы үздік жобалары таныстырылды.
Диалог алаңында Тіл саясаты комитетінің бас сарапшысы Талғат Жакенов құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі туралы баяндаса, «Қазақстан темір жолы», «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы», «Қазақтелеком» ұлттық компанияларының өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Шараның соңында Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов тіл саясатын іске асырудың басым бағыттарына тоқталып, өткізілген шараның маңыздылығын баяндады, тіл саясатын дамыту саласында үздік көрсеткіштерге жеткен ұлттық компанияларды, оның ішінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ны да алғысхатпен марапаттап шараны қорытындылады.
Видео көру
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған «Ұлттық диктант» жобасы жүзеге асырылды. Бұл іс-шара компания қызметкерлерінің жазу сауаттылығын жетілдіруді, тілдік мәдениетті қалыптастыруды және ортақ рухани құндылықтарды дәріптеуді көздейді.
Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері қатысып, жобаның ауқымын кеңейте түсті. Компанияның орталық аппараты мен өңірлердегі кәсіпорындарын түгел қамтыған бұл жоба мемлекеттік тілді ілгерілетудегі нәтижелі бағыттарының біріне айналды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен өткен қазақ тілінде сөйлеу клубының кезекті отырысы академик Қаныш Сәтбаевтың туған күніне арналды. Іс-шара барысында ғалымның өмірі мен еңбегі еске алынып, қатысушылар «Кім жылдам?» ойыны, «Тілмәш» аударма кезеңі және квиз арқылы білімдерін шыңдады. Кездесу мемлекеттік тілде сөйлеу дағдыларын дамытуға және ұжымдық бірлікті нығайтуға ықпал етті.
Компания қызметкерлерінің қатысуымен ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қазақ тілінде сөйлеу клубының желтоқсан айында өткен кезекті отырысы «Желтоқсан – Тәуелсіздікке апарар жол» тақырыбында өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған тағылымды бейнебаян көрсетілді. Бейнебаян ел тарихындағы бұл тағдырлы кезеңнің маңызын терең сезінуге, Тәуелсіздікке бастар жолдағы жастардың ерлігі мен қайсарлығын ұғынуға мүмкіндік берді.
Бейнебаяннан кейін қатысушылар көрген материалды жүрекпен қабылдап, өз ой-толғамдарын ортаға салды. Еркін форматта өткен талқылау барысында тарихи сананы жаңғырту, елдік құндылықтарды дәріптеу және мемлекеттік тілге деген құрмет мәселелері кеңінен қамтылды.
Қазақ тілінде сөйлеу клубының кезекті отырысында қызметкерлер «Жасанды интеллект – біздің өмірімізде» тақырыбын талқылады. Бейнематериалда тақырыпқа байланысты пікір алмасу, қызықты ойлар мен тәжірибе бөлісу сәттері көрсетілген.»
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қазақ тілінде сөйлеу клубының кезекті отырысы ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туған күніне орай «Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздері» тақырыбында өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығын еске алып, ақынның қанатты сөздері мен өлеңдеріне талдау жасады. Кездесу аясында Wordwall платформасы арқылы интерактивті ойындар мен қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған танымдық тапсырмалар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Аталған сөйлеу клубы қатысушылардың рухани танымын кеңейтіп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыруға және ұжымдық бірлікті нығайтуға өз үлесін қосты.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қазақ тілінде сөйлеу клубының кезекті отырысы қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақтың мұзбалақ ақыны – Мұқағали» тақырыбында өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасап, оның жүрекке жылы тиетін өлеңдері мен әнге айналған жырларын орындады. Сонымен қатар, интерактивті ойындар мен танымдық тапсырмалар ұйымдастырылып, қызметкерлер Мұқағали поэзиясына қатысты сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Аталған сөйлеу клубы қатысушылардың рухани дүниесін байытып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және ұжымдық бірлікті нығайтуға өз үлесін қосты.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында Наурыз мерекесіне орай «Көрісу – береке бастауы» атты қазақ тілінде сөйлеу клубының кезекті отырысы өтті. Отырыста әріптестер бір-бірімен көрісіп, құшақ жая амандасып, ақжарма тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Кездесу барысында қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлеріне байланысты түрлі танымдық әрі көңілді ойындар ойнап, мақал-мәтел айтып жарысып, ұлттық дәстүрлер жайлы қызықты пікір алмасты. Жиналған қауым ерекше көтеріңкі көңіл күймен белсенді қатысып, әр сәтті шаттыққа бөледі.
Кеш соңында дәстүрге айналған қазақша караоке шырқалып, әсем әнмен әрленген отырыс қызметкерлердің мәре-сәре қуанышына ұласып, барша қатысушыларға жылы әсер қалдырды.