Құрметті кандидаттар!!
«ҚТЖ-ның 100 жас есім» бағдарламасының
4-ші ағымының 3-ші іріктеу кезеңін қарастыру аяқталды.
Сіз жетекші құзыреттер мен мотивация драйверлерін бағалауға арналған сауалнамалардан өттіңіз. Сауалнамаларды бағалау кезінде жауаптарды таңдау жылдамдығы мен дәлдігі ескерілді, сондай-ақ екі тест негізінде жалпы бағалау жасалды.
Бағалау келесі құзыреттер бойынша жүргізілді: шешім қабылдау және іс-қимылдарға бастамашылық жасау, көндіру және ықпал ету, талдау, нәтижеге бағдарлану, қысым мен сәтсіздіктерді еңсеру, көпміндеттілік, жұмысқа берілгендік (терең бойлау), адамдармен жұмыс істеуге қызығушылық, мансаптық өсу. Сондай-ақ, келесі драйверлерді (мотивация факторларын) бағалау жүргізілді: жетістіктерге ынталылық, ықпал ету, әлеуметтік сенімділік, инновациялылық, өзгерістерге бейімділік, келешекті ойлау (перспективалық ойлау), бөлшектерге назар аудару және ережелерді сақтау.
Көрсеткіштер 10 балдық шкала түрінде ұсынылды, мұнда 0 – төмен мән, ал 10 – ең жоғары мән. Бағдарламаның іріктеу кезеңінің келесі сатысына өту үшін өту балы 5,00 балды және одан жоғары құрайды. Егер сіз өту балын жинай алмасаңыз немесе белгіленген мерзімде сауалнамалардан өтпесеңіз, іріктеудің кейінгі кезеңдеріне жіберілмейсіз.
Іріктеудің төртінші кезеңінде сіз онлайн-ассесмент орталығынан өтуіңіз керек.
Төртінші кезеңнен өту бойынша барлық нұсқаулықтар үміткерлердің электрондық пошталарына 2026 жылдың 19 қазанына дейін жіберіледі, сондай-ақ railways.kz ресми сайтында қайталанып жарияланады.
Сұрақтар туындаған жағдайда Бағдарлама кураторы – Молдақұлов Жақсылыққа 8 705 750 27 39 (тек WhatsApp) немесе Цсоц менеджері Жаналиев Ержанға 8 701 951 06 93 хабарласуға болады.
Құрметпен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат Департаментінің командасы!