2022 жылғы наурыздан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ, оның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары «E-Otinish» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – Жүйе) қосылды, оның сервисі өтініш берушілердің өтініштердің орындалу барысын бақылау және өтініштерге кез келген уақытта қосымша құжаттар беру, өтініштерді өңдеудің әрбір кезеңінде хабарламалар беру мүмкіндігін қарастырған.
Осыған байланысты, алдағы уақытта Сіздер «ҚТЖ» ҰК» АҚ-қа, оның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарына өтініштерді Жүйе арқылы жібере алатындықтарыңызды хабарлаймыз.
Жеке және заңды тұлғалардың "ҚТЖ "ҰК" АҚ басшылығына жолданған Өтініштері (ұсыныстар, арыздар, шағымдар, сұрау салу, жауаптар) Қазақстан Республикасының 29.06.2020 ж. N 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 93-бабының 2-тармағына сайкес.
Өтініш беру: https://eotinish.kz/kk