Қазақстан темiр жолы

News

Өндірістік жарақатсыз жұмыс істегені үшін станциялардың, вокзалдардың және өрт пойыздарының ұжымдары марапатталды




20-11-2023

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 15 құрылымдық бөлімшесі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы сенім сертификаттарын алды. Бұл үшін олардың қауіпсіз еңбек жағдайларын, технологиялық және орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету, 2023 жылы еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау жөніндегі жұмысының нәтижелері негіз болды.

Түлкібас станциясының, Сексеуіл станциясы вокзалының, Әйтеке станциясы қалпына келтіру пойызының және Сарышаған станциясы өрт сөндіру пойызының ұжымдарына 1-класты сенім сертификаттары табыс етілді.

2-класты сенім сертификаттарын Сарыөзек станциясының, Өзен айналым локомотив депосының, «Экспресс» филиалының Алматы учаскесінің, Біршоғыр жол дистанциясының, Жаңаарқа белгі беру және байланыс дистанциясының және Алматы-2 вокзалының ұжымдары алды.

3-класты сенім сертификатын Тайынша станциясының, «Западный» жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалының Атырау учаскесінің, Ақтөбе станциясының өрт сөндіру пойызының, Илецк темір жол учаскесінің және Құрық портының электрлендіру және энергетика шаруашылығы жөніндегі желілік-пайдалану бөлімшесінің ұжымдары  иеленді.

Сенім сертификаты өндірістік жарақаттанбаған жұмысы үшін тапсырылады және ҚТЖ еңбек қауіпсіздігі мен экология инспекциясы жүргізетін кезекті жоспарлы тексеруден босатады.

Press service of JSC «NC«Kazakhstan Temir Zholy»

 

© «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ