Қазақстан темiр жолы

News

10 айда 11 миллионнан астам жолаушы Ұлттық тасымалдаушы пойыздарын пайдаланды




20-11-2023

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 11 млн астам жолаушы, қала маңы қатынасында 1,9 млн астам жолаушы тасымалданды.

Сонымен, ең танымал маршруттар бойынша тасымалын:

- Қарағанды – Алматы - 2 млн жолаушы,

- Астана – Шымкент – Алматы - 2,5 млн.

Атырау-Ақтау бағытын жарты миллионға жуық жолаушы пайдаланды. Павлодар – Қостанай елінің солтүстік бөлігіндегі екі ірі қаланы байланыстыратын маршрут жылына 590 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді.

Айта кету керек, жолаушылар жазғы кезеңде теміржол көлігін көп пайдаланады. Осы жазда барлығы 4 миллион адам немесе тасымалдаушылардың жалпы санының 40% тасымалданды. Жазғы уақытта жолаушылар үшін тартымды бағыттар Алматы, Ақтау, Астана, Түркістан, Шымкент, Балқаш, Алакөл бағыттары болды.

2023 жылы Алакөл бағытында 11 жолаушылар пойызы жүрді, оның тоғызы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ, екеуі – жеке тасымалдаушылар. Биыл алғаш рет елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін Тальго жайлы пойызымен «Астана – Достық» жазғы бағыты ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 143 пойыз жүреді, оның 105 – і «Жолаушылар тасымалы» АҚ, 28-і жеке тасымалдаушыларға, 10-ы өзге де теміржол әкімшіліктеріне тиесілі. Осы саннан 19 пойыз – «Тальго» вагондары, қалғандары-стандартты вагондар»

Естеріңізге сала кетейік, bilet.railways.kz сайтында «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында «Күту парағы» тегін қызметін пайдалануға, оның көмегімен босатылған билеттерге кезекке тұруға болады. Ағымдағы жылы бұл қызметті 145 мың жолаушы, оның ішінде жазғы маусымда 104 мың жолаушы пайдаланған.

Жолаушылар анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты арқылы ала алады.

Press service of JSC «NC«Kazakhstan Temir Zholy»

 

© «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ