Қазақстан темiр жолы

News

The information on train No. 42 "Atyrau-Almaty"




20-11-2024

20 қарашада сағат 14:34-те «Арал Теңіз–Қазалы» учаскесінде №42 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызы вагондағы техникалық ақауға байланысты шұғыл тоқтады. Мамандар тексеру жұмыстарын аяқтап, ақауды толықтай жойды. Пойыздарға қызмет көрсетумен «Patentes Talgo» компаниясы айналысады.

Пойыз Қазалы станциясына сағат 18:12-де келді. Жолаушыларды тасымалдау үшін стандартты вагондардан құралған №505/506 «Қазалы-Алматы-2» бағытындағы бір реттік пойыз ұйымдастырылды. Қазалы станциясынан пойыз 2024 жылғы 20 қарашада сағат 21:00-де жөнелтіліп, Алматы-2 станциясына 21 қарашада келуі жоспарланған.

№505/506 «Қазалы-Алматы-2» бағыты бойынша стандартты вагондармен жүретін пойызды пайдаланған жолаушылар жол жүру, жүк және багаж тасымалдау ережелеріне сәйкес билет құнының айырмасын алады. Барлық жолаушылар тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Ұлттық тасымалдаушы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды өтінеді.

Қосымша ақпаратты тегін «1433» нөмірі арқылы алуға болады.

Press service of JSC «NC«Kazakhstan Temir Zholy»

 

© «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ