Қазақстан темiр жолы

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының 2015 жылғы 13 қазандағы шешімімен (№02/28 хаттама) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на тиесілі заңды тұлғаларды корпоративтік басқару кодексі бекітілді. Ол «ҚТЖ» ҰК АҚ барлық еншілес ұйымдарының қызметіне қолданылады.

Осы Кодекстің міндеттері «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ұйымдарда корпоративтік басқаруды жетілдіру, басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету, Қор мен ұйымдардың тиісті корпоративтік басқару стандарттарын ұстану міндеттемесін растау болып табылады. Кодекс екі бөліктен тұрады: негізгі қағидаттар мен аннотациялар – негізгі принциптерді іске асыру ережелері мен түсіндірмелер.
 

Қоғамның корпоративтік басқаруы әділдік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, кәсібилік және құзыреттілік қағидаттарына негізделген. Тиімді корпоративтік басқару құрылымы Қоғам қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді білдіреді және Қоғамның табысты жұмыс істеуіне, оның ішінде оның құнының өсуіне, қаржылық тұрақтылық пен табыстылықты қолдауға ықпал етеді.
 

Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларының Корпоративтік басқару туралы заңнаманы, Жарғыны, Корпоративтік басқару кодексін және Қоғамның ішкі құжаттарын сақтауын қамтамасыз етуге, сондай-ақ корпоративтік басқару саладағы саясат пен тәжірибені жетілдіруге Қоғамның корпоративтік хатшысы жауапты.
 

Қоғамның Корпоративтік хатшысы Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларының Корпоративтік басқару саласындағы Заңнаманың, Жарғының, Корпоративтік басқару кодексінің және Қоғамның ішкі құжаттарының орындалуына, сақталуына тоқсан сайынғы негізде бақылауды Қоғамның Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 11 маусымдағы шешімімен бекітілген «Жолаушылар тасымалы» АҚ корпоративтік басқаруды жетілдірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы есеп (№ 7/21 хаттама) арқылы жүзеге асырады.
 

Қоғамның Корпоративтік хатшысы сондай-ақ Қордың жылдық есебіне енгізілетін осы Кодекстің қағидаттары мен ережелерін сақтау туралы жыл сайынғы есеп дайындайды. Бұл есепте тиісті түсіндірмелермен Кодекстің сақталмаған қағидаттары мен ережелерінің тізбесі болуы керек.
 

Басқарма қоғамның алқалы атқарушы органы болып табылады, яғни басқарма құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен және Қоғам Жарғысымен Қоғамның басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Қоғам қызметінің барлық мәселелерін шешу жатады.
 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Компания Басқармасының 6 адамнан тұратын сандық құрамы анықталып, оның мүшелері сайланды.
 

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқармасының құзыретіне:
 

1) Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдерін іске асыру;

2) қоғамның даму стратегиясын әзірлеу, мақұлдау және директорлар кеңесінің қарауына енгізу;

3) қоғамның даму жоспарын әзірлеу, мақұлдау және бекіту үшін директорлар кеңесіне ұсыну;

4) даму жоспарын іске асыру;

5) қоғамның даму жоспары шеңберінде қоғамның бюджетін бекіту үшін директорлар кеңесіне әзірлеу, мақұлдау және ұсыну;

6) қоғамның бюджетін іске асыру және орындау;

7) ішкі (қызметтік) ақпаратты қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету;

8) қоғамдағы тәуекелдерді басқару жүйесіндегі елеулі кемшіліктер туралы директорлар кеңесін уақтылы хабардар ету;

9) Қоғамның қызметін ұйымдастыру мақсатында қабылданатын, директорлар кеңесі бекітетін құжаттарға жатпайтын құжаттарды бекіту;

10) Қоғамның штат кестесін бекіту;

11) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобына кіретін ұйымдар арасында мәмілелер жасасу тәртібіне сәйкес, Қоғамның мүддесі бар мәмілелер жасасу туралы шешім қабылдау және оларға қатысты «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында арнайы шарттар белгіленген;

12) Директорлар кеңесіне және жалғыз акционерге еншілес, бірлесіп бақыланатын ұйымдарды және тәуелді акционерлік қоғамдарды басқару туралы, сондай-ақ аталған ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі нәтижелерінің Қоғам қызметінің көрсеткіштеріне әсері туралы жартыжылдық есептерді ұсыну;

13) қоғамда ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару рәсімдерін әзірлеу мен қолдануды қамтамасыз ету;

14) қоғам филиалдары, өкілдіктері қызметкерлерінің штатын (жалпы санын) және Қоғам филиалдарының, өкілдіктерінің құрылымын бекіту;

15) Жалғыз акционерге жоспарланып отырған алдыңғы жылдың жиырмасыншы наурызына дейін Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер мөлшерінің болжамды көрсеткіштерін ұсыну;

16) қоғам меншігіне қатысты заңсыз әрекеттерді туғызатын себептер мен жағдайларды анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

17) Қоғамның жалғыз акционері мен директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатпайтын қомпания қызметін қамтамасыз етудің өзге мәселелері бойынша шешімдер қабылдау.
 

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма құрамы:
 

Ахметжанов Әнуар Мұратұлы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы (Бас директор)

 

 

Басқарма мүшелері:
 

Ахметжанов Әнуар Мұратұлы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы (Бас директор)

Төрегелдин Мұрат Маратұлы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директордың орынбасары

Қанғалиев Айбат Жақсылықұлы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Операциялық мәселелер жөніндегі бас директордың орынбасары

Жаманбеков Алмас Мәлісұлы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі бас директордың орынбасары

Әлмұратов Абибулла Темірбекұлы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары

Абдуллин Руслан Сабитұлы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атқарушы директор – департамент директоры

 

 

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мүдделер шиеленісіне жол бермеу және реттеу саясаты

 

 

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Жарғысы

 

 

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамынының Жарғысына енгізілетін толықтырулар

 

 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ұжымдық шарт
© АО «НК «Казахстан Темир Жолы»