Қазақстан темiр жолы

Жолаушыларға арналған ақпарат

30.01.2025 -  «Қазақстан Республикасындағы теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 12-тарауы, 94-бабының 2-тармағына сәйкес, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2025 жылғы 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық маршруттар мен кейбір қала маңы пойыздарына жол жүру тарифінің шекті деңгейінің өзгеретінін хабарлайды. Бұл өзгеріс жоспарлы индекстеу аясында, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес 7% мөлшерінде жүргізіледі.

 

 

 

09.03.2023  - Құрметті жолаушылар! «Жолаушылар тасымалы» АҚ № 9/10 «Алматы-Астана» және № 47/48 «Астана-Атырау» фирмалық пойыздарының жолаушыларына 2022 жылдың әртүрлі кезеңінде шай жиынтықтары уақтылы берілмегенін хабарлайды. Осыған байланысты, шай жиынтығын алмаған жолаушылар жеке басын куәландыратын құжатты және жол жүру құжатын көрсете отырып, шай жиынтығын Астана және Атырау қалаларындағы мынадай мекенжайдан алуына болады:

- Атырау қаласы, вокзалдың кезекші кассасынан жұп күндері сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін;

- Астана қаласы, Гетте к-сі 11/1, 103 және 104 кабинеттен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!

 

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жолаушылар пойыздарын жабдықтаудың жаңа стандартын енгізді, осыған байланысты сервистік алым мөлшері 2019 жылғы 1 қарашадан бастап 350-ден 650 теңгеге дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар, жабдықтау қызметін көрсетушілер тарапынан шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалмауына байланысты жаңа стандарт бойынша жабдықтау қызметі тек 2019 жылғы 25 қарашадан бастап толық көлемде қамтамасыз етілді.
Осыған байланысты, жаңа стандарт бойынша қызмет көрсетілмеген «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған пойыздарға 2019 жылғы 1-25 қараша аралығында жол жүру құжаттарын (билет) сатып алған жолаушыларға сервистік алым құнының 300 теңге
мөлшеріндегі айырмасы қайтарылатын болады.
Сервистік алым құнының айырмасын қайтаруға өтінішті Kensepp@railways.kz электронды поштасына жіберу қажет. 

© АО «НК «Казахстан Темир Жолы»