Құрметті әріптестер!
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әлеуметтік саясат департаменті «Менің анам - теміржолшы!» атты балалар арасында сурет бойынша онлайн-байқауы өтетіні туралы хабарлайды.
Байқау тақырыбы: балаларға анасын жұмыс орнында бейнелеу, теміржолдағы кәсібінің маңыздылығын көрсетуге шақыру! Себебі біздің аруларымыз теміржолда жан-жақты: офистағы немесе вокзалдағы жұмыстан, пойыз басқаруға дейінгі лауазымдарда
жұмыс атқарады.
Байқауға 7 жастан 14 жасқа дейінгі, аналары теміржолда жұмыс жасайтын балалар қатыса алады.
Суреттерді қабылдау 2025 жылдың 3 наурызына дейін жүзеге асырылады.
Конкурстың қорытындылары 2025 жылдың 31 наурызында жарияланады.
Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.
Жұмысты қалай тапсыруға болады?
- түсті сурет салу (A4 немесе A3, кез-келген техника);
- жұмысты суретке түсіру немесе сканерлеу;
- «сурет байқауы» деген белгісі бар электрондық мекенжайға жіберу (Конкурс ережесі қоса беріледі);
- баланың Т.А.Ә., жасын, анасының Т.А.Ә, оның лауазымы мен жұмыс орнын, байланыс үшін телефондарын көрсету (бала жүлделі орын алған жағдайда хабарласу үшін).
Толығырақ ақпарат алу үшін әлеуметтік саясат департаментіне мына телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 60-45-88, +7-777-258-88-89 (тек What's App арқылы) Біздің теміржолдағы аруларымыздың еңбегінің маңыздылығын бірге атап өтейік және оларға осы тамаша мерекеде жылы эмоциялар сыйлайық!
Сізге байқауда сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Уважаемые коллеги!
В преддверии Международного женского дня Департамент социальной политики объявляет старт онлайн-конкурса детского рисунка «Моя Мама – железнодорожница!».
Тема конкурса: предложите вашему ребенку изобразить маму на ее рабочем месте, показать важность и значимость ее профессии на железной дороге! Это может быть любой аспект ее деятельности – от управления поездом до работы в офисе или на вокзале.
В конкурсе могут принять участие дети железнодорожниц в возрасте от 7 до 14 лет.
Прием рисунков осуществляется до 3 марта 2025 года.
Подведение итогов конкурса состоится 31 марта 2025 года.
Победители конкурса будут награждены ценными призами и дипломами.
Как подать работу?
- нарисовать рисунок в цвете (А4 или А3, любая техника);
- сфотографировать или отсканировать работу;
- отправить на электронный адрес с пометкой «конкурс рисунков» (Положение конкурса прилагается)
- указать Ф.И.О. ребенка, возраст, Ф.И.О. мамы ее должность и место работы, контактные телефоны для связи (в случае если ребенок займет призовое место для передачи диплома и приза).
Для получения более подробной информации просим обращаться в Департамент социальной политики по телефонам: 60-45-88, +7-777-258-88-89 (только What’s App)
Работы необходимо направить на электронный адрес Организатора balausabolashak@mail.ru с пометкой «Конкурс рисунков «Моя мама - железнодорожница».
Давайте вместе подчеркнем значимость труда наших замечательных железнодорожниц и подарим им теплые эмоции в этот прекрасный праздник!
Желаем Вам успехов и победы в конкурсе!
С уважением,
Департамент социальной политики