Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ қызметкерлеріне арналған ипотекалық бағдарламалар бойынша ақпарат




03-06-2026

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен жасалған ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері үшін ипотекалық несиелеу бағдарламасы жұмыс істейді.

Бағдарлама қызметкерлердің барлық санаттары үшін қолжетімді және делдалдар мен өзге де үшінші тұлғаларды тартпай ипотекалық қарызды дербес ресімдеуді көздейді.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • Жұмыс өтілі: теміржол саласында кемінде 1 жыл.
  • Пайыздық мөлшерлеме: жылдық 18,5% - дан.
  • Несиелеу мерзімі: 20 жылға дейін.
  • Бастапқы жарна: 20% бастап.

 

Толық және шынайы ақпарат алу үшін, сондай-ақ шарттарды есептеу үшін тек қана «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның ресми бөлімшелеріне жүгіну қажет.

Маңызды ескерту:

Үшінші тарап интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерде орналастырылатын осы бағдарлама туралы ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғалардан ипотекалық қарызды ресімдеуге жәрдемдесу жөніндегі ұсыныстар ресми болып табылмайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ үшінші тұлғаларды тартпайды және бейресми көздерден алынған мәліметтер үшін жауап бермейді. Барлық қажетті консультацияларды тікелей банк қызметкерлері ұсынады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі