Қазақстан темiр жолы

"Корпоративтік волонтері" байқауы

Құрметті әріптестер!

 

Компания мен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік волонтері» байқауының басталғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. Қатысушылардың өздерінен, сондай-ақ олардың ұжымдардан өтінімдер 2024 жылғы 1 қарашаға дейін, бес номинация бойынша zhanaliyev_ye@railways.kz және muldakulov_zh@railways.kz электрондық пошталарымен қабылданады:

- «үлкендерге қамқорлық»;
- «балаларға қамқорлық»;
- «табиғатқа қамқорлық»;
- «қоршаған ортаны және қоғамды дамыту»;
- «спорт және денсаулық». 

Толық ақпарат, сондай-ақ конкурс туралы ереже «ҚТЖ» ҰК» АҚ ресми сайтында «Пайдалы сілтемелер» бөлімінде орналастырылған