Қазақстан темiр жолы

Құрметті әріптестер!
 

Әлеуметтік саясат департаменті «Балауса болашақ» балалар мен жасөспірімдер суретінің онлайн-байқауының басталғанын хабарлайды.


Байқаудың мақсаты - теміржолшы мамандығын өскелең ұрпаққа насихаттау.


Байқауға 7 жастан 14 жасқа дейінгі компанияның орталық аппараты, филиалдары мен еншілес ұйымдары қызметкерлерінің балалары мен немерелері қатыса алады.


Байқау тәртібі қоса беріледі.


Суреттерді қабылдау 2024 жылдың 29 сәуірінде аяқталады.


Байқаудың қорытындылары 2024 жылғы 30 мамырында жарияланады.


Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.


Толығырақ ақпарат алу үшін әлеуметтік саясат департаментінің менеджері Ержан Жаналиевке +7-(7172)-60-45-76, +7-701-951-06-93 телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:.


Сізге байқауда сәттілік пен жеңіс тілейміз! 
 

Құрметпен,
Әлеуметтік саясат департаменті

 

 


 

Балауса Болашақ балалар мен жасөспірімдер сурет байқауының тәртібі