Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

Үздік теміржолшылар Ақмола жол бөлімшесінің Жаңа Есіл станциясында еңбек етеді

 

Ақмола жол бөлімшесінің үздік мамандары пойыз құрастырушы Вячеслав Попков пен вагон қараушы-жөндеуші Павел Керекеша Жаңа Есіл станциясында еңбек етеді. Олар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өткізген жылма -жылғы кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары атанды. 






Теміржолшылардың екі жүз жиырмадан астам балалары шығармашылық байқауға қатысты

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да  теміржолшылардың балалары арасындағы жылма –жылғы шығармашылық байқауы мәреге жетті. Биыл 100-ден астам бала жеңімпаз атанды. Биылғы жылы балалар байқауға өздерінің ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі тақырыбына шығармаларын ұсынды.

«Балауса болашақ» пен «Алтын қалам» аталымдары бойынша сурет байқауы, өлең сайысында 2-5 жас, 6-8 жас, 9-11 жас, 12-14 жас аралығындағылар іріктелді.






«Нұрлы жол» вокзалында бағдарлық ақпараттық қызмет ашылды

«Нұрлы жол» вокзал кешенінде Қазақстанда тұңғыш рет қаланың ақпараттық картасында  2ҚАЖ  (қалалық ақпараттық желі) қызметі кезең-кезеңімен көрініс табатын көлік бекеті ретінде тұңғыш жоба жүзеге асырылуда.






Достық-Брест бағдарына транзиттік тасымалы жылма-жыл екі есеге артып келеді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация Минскідегі Белорусь көлік апталығы-2017  аясындағы шараларға қатысты.

Қ. Алпысбаев шара аясында БР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевскимен кездесті. Кездесу барысында екі жақты көлік және логистика саласын дамыту жайы талқыланды.






Мемлекет басшысы Ақтөбе рельс- арқалық зауытында болды



4 қазанда Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты.

Мемлекет Басшысына «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «АРАЗ» ЖШС Бас директоры Андрей Кузьмин өнеркәсіп орнындағы өндірістік бағдарламаларды ұлғайтып, өнім түрлерін көбейту шараларымен таныстырды.






Ақтөбедегі Рельс комиссиясының 133 отырысы қазақстандық өнімнің сапасы жоғары екендігін атап өтті

 

4 қазанда Ақтөбеде 133 Рельс комиссиясының отырысы өткізілді. «Ақтөбе рельс арқалығы зауыты» ЖШС алаңында Қазақстанда тұңғыш рет өткізілуде. Оған әлемнің 20-дан астам өндіріс, рельстердің сапасын бақылау және пайдалану жөніндегі жетекші компаниялары қатысуда. Олардың қатарында Siemens VAI (Австрия), Mitsui & Co и Nippon Steel (Жапония), ЕВРАЗ Холдинг (Ресей), Kardemir (Түркия), NDT Technologies Inc. (Канада) тағы басқа да компаниялар бар.






Құрық портының паром кешені Қазақстанның теңіз тасымалы нарығында үлесін арттырады

 

3 қазанда ҚР Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Құрық порты паром кешенінің жұмысымен танысты. Комитет төрайымы Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар паром кешені инфрақұрылымы мен мүмкіндіктерін көрді.






Ақтау теңіз порты – халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі

 

2 қазанда ҚР Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған депутаттар «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ нысандарын аралап көріп, көшпелі отырыс өткізілді.






Қазақстан мен Латвия теміржол әкімшіліктерінің арасында стратегиялық серіктестік туралы Келісімге қол қойылды

29 қыркүйекте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Latvijas dzelzceļš» (Латвия темір жолы) МАҚ арасында стратегиялық серіктестік туралы Келісімге қол қойылды. 






Қазақстанның еуразиялық мультимодальдық дәліздегі ролі Ляньюньгандағы логистика көрмесінде аталып өтілді



«ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Ляньюньгандағы төртінші халықаралық «China Silk Road» логистикалық көрмесіне қатысты. Ірі көлік және логистикалық трансұлттық компаниялар көрмеге қатысып, Шығыс –Батыс бағдарындағы жүк тасымалын ұйымдастырудағы жаңа бағдарларды, жаңа көлік түрлерін іздестірудегі, жаңа жүк ағындарын тартудағы жетістіктерін ортаға салды.






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта