Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

«Барыс» мұзайдынында қайырымдылық акциясы өтті

«Қазақстан» спорт сарайының «Барыс» халықаралық мұзайдынында «Балаларға базарлық» қайырымдылық акциясы өткізілді. Оның мақсаты – қоғамның назарын жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріне аудару.

Әрбір Жаңа Жылда балалар үлкендерден сыйлық күтеді. Соған орай «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Барыс» командасы бірлесіп Астана мен Ақмола облысы балалар үйінің тәрибеленушілеріне жаңа жылдық сыйлық әзірледі. Арнайы шақырылған Аяз Ата балаларға түрлі тәттілер мен сыйлықтар үлестіріп, бірге биледі. «Қазақстан» спорт кешенінің ішін аралатып көрсетті. Суретке түсті.

Жаңа жылдық шыршаға шақырылғандардың арасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Франция, Чехия, Норвегия, Голландия, Швейцария, Жапония, Еуроодақ, елшіліктерінің дипломаттары, БҰҰ, UNISEF, шетелдік мұнай компанияларының өкілдері бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

Желтоқсанның 29-ында 21 сағат 47 минутта Қарағанды жол бөлімшесінің Жарық – Қарағанды екі қатарлы жол теліміндегі Қарабас – Қарағанөзек қума жолында электровоз қарсы келе жатқан пойыздың жолдан шығып кеткен вагонына соқтығысты.

Соқтығысу салдарынан электровоздың алдыңғы тіркемесі залалданды. Рельстен шығып кеткен керамика тиелген №24407702 жабық вагоны Ресей Федерациясының мүлкі болып табылады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бес жолаушы, үш жүк пойызы кестеден кешікті. Қозғалыс 2 сағат 03 минутта қалпына келтірілді.

Оқиға орнында «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы комиссиясы сараптау жұмыстарын жүргізуде.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі 






Өзен – Түркменстанмен мемлекеттік шекара – мемлекеттің стратегиялық жобасы

Бүгін ҚР Премьер - министрі Кәрім Мәсімов «Өзен –Түрменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол құрылысы жобасының атқарылу барысымен танысты. Шекаралық Болашақ станциясында негізгі күре жолдың шпал төркөзін орнату басталды.

Үкімет басшысының еліміздің индустриялық бағдарламасына кіретін мемлекеттік стратегиялық нысанмен танысуы теміржол құрылысы бастау алған Өзен станциясынан басталды. Өзен 3-ші сыныпты жүк станциясы болып саналады. Қазіргі уақытта өндірістік кәсіпорындарға кіреберіс жолдарда маневрлік жұмыстар атқарылады. «Өзен –Түркменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісін пайдалануға беру қарсаңында жүк тасымалының өсетіндігіне байланысты Өзен станциясында қосымша бес жолдан тұратын «Б» деңгейіндегі қабылдау- өткізу паркі құрылысы басталды. Сонымен қатар қызметтік техникалық ғимарат, 100 жолаушыға арналған темір жол вокзалы, локомотив бригадалары үшін демалыс орны, қызметтік-тұрмыстық корпус, вагондарға техникалық қызмет көрсету орындары ашылатын болады. Темір жол желісінің қызметкерлеріне арналған 38 пәтерлік тұрғын үй, трансформаторлық подстанция, инженерлік коммуникациялық ғимараттар бой көтермек. Қазіргі таңда 2011 жылдың алғашқы жартысында жол бойындағы 17 жобаны тапсыру жоспарланып отыр.

Өзен станциясының құрылыс нысандарына отандық кәсіпорындардың еңбеккерлері тартылған.






Fitch Ratings ұзақмерзімдік рейтингiнi бекiттi

Желтоқсанның 21-і 2010 жыл.  Fitch Ratings агенттігі «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы («ҚМГ» ҰК») , «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ), Электр жүйелерін басқарудың қазақстандық компаниясы («КЕGОC») және Маңғыстау электр желісін тарату компаниясы («МРЭК») компанияларының эмитенттерінің дефолтқа қатысты ұзақмерзімдік РДЭ рейтингтерін дәйектеді.  

Агенттіктің 2010 жылғы желтоқсанның 20-сындағы дәйегіне қарағанда Қазақстандағы РДЭ яғни ұлттық валюта мен шетелдік валютаның ұзақмерзімдік  деңгейі «BBB-» сәйкесінше «BBB» деңгейінде сақталады. Сондай-ақ, қысқа мерзімідк РДЭ шетелдік валютаның «Ғ3» деңгейінде қалады. Агенттік Қазақстанның ұзақмерзімдік шетелдік және ұлттық валютаға РДЭ деңгейін «Қалыпты» деңгейінен «Жағымды» деңгейіне көтерді.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ шетелдік валютамен ұзақмерзімдік РДЭ «ВВВ» деңгейінде бекітіліп «Қалыпты» деп дәйектелді. Басымдық берілген қамтылмаған рейтингі «ВВВ» деңгейінде бекітілді.

Рейтингілігінің тұрақтылығына қарамастан «ҚМГ» ҰК» мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекетпен тығыз қарым қатынас орнатып, дер кезінде толық қаржылық қолдау алады. Сол арқылы өз компанияларының тәуелсіз рейтингін тұрақты деңгейде сақтауына мүмкіндігі бар. Мемлекет кепілдігімен алынған қарызы жоқ. Осыған байланысты «ҚМГ» ҰК» мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ рейтингі «Қалыпты» болжамында бекітілді.






Астана локомотив депосының «НұрОтан» партия тобы референдумды қолдайды

Желтоқсанның 24-інде «НұрОтан» ХДП-ның ел бойынша  есеп беру сайлау науқаны басталып, бірнеше кезең бойынша өткізіледі. Ол алдымен халықтық партияның бастауыш ұйымдарында жүргізілмек. Қазір елімізде 6680 бастауыш ұйым бар. Бастауыш ұйымдардың жиналыстарының күн тәртібіне бірнеше мәселе шығарылды. Ұйымның жұмысы туралы есебі, бастауыш партия ұйымы жетекшісін сайлау, 2020 жылдарға дейінгі партия Бағдарламасын талқылау.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ының құрамына кіретін Астана локомотив пайдалану депосында өткізілген партия жиналысына «НұрОтан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин қатысты.






ҚТЖ заңгерлері құқық қорғау орындары өкілдерімен кездесті

Ұлттық компания, еншілес кәсіпорындары мен филиалдарының заң қызметкерлері мемлекеттік құқық қорғау орындарының  өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында құқық қорғау орындарымен жұмыс жасау барысындағы өзекті жайлар талқыланды.

Бұл шараны сот –талаптық жұмыстар жөніндегі департаменті ұйымдастырды.

ҚТЖ заңгерлерінің айтуынша,    Астанада теміржолшы заңгерлер мен мемлекеттік құқық қорғау орындары өкілдерінің кездесуі тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл шараға барлық темір жол бөлімшелері мен филиалдарының, еншілес кәсіпорындарының заңгерлері келді. «ҚТЖ» Ұк» АҚ Сот талаптық департаментінің директоры Жанар Қанаданованың айтуынша, бұл дөңгелек үстел барысында әсіресе, аймақтардағы, шекаралық бекеттердегі уақытша тоқтатылған вагондармен, тоқтатылған жүктермен жұмыс жасаудың өзекті жайлары талқыланды. Басқосу барысында мемлекеттік құқық қорғау орындарының өкілдерімен бетпе-бет кездесу арқылы көптеген жайлардың құқықтық аспектілері сараланды.

Теміржолшылардың толғандырған сұрақтар жеткілікті. Оның ішінде вагондағы жүктердің сапасын анықтау мақсатында мемлекеттік құқық қорғау орындардың заттарды сараптау үшін өзімен бірге алып кетуінің қаншалықты заңдылығы, тергеу амалдары жүргізілуіне байланысты станция бастарында, кіреберіс жолдарда тұрып қалған жүктерді, вагондарды сақтауға байланысты қай мекеменің қолхат беру керектігі де сөз болды.

Дөңгелек үстел отырысы барысында құқық қорғау орындары өкілдерінің жауапкершілік аясы мен ҚТЖ заңгерлерін қызықтырған мәселелердің негізінде Қазақстанның Заңдары мен нормативтік актілеріне орай ортақ   шешімдерге келуге болатындығы сарапталды.

Отырыс соңында Жанар Қанаданова алдағы уақытта мұндай бас қосулардың жиі өткізіліп тұратындығына тоқталды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі, желтоқсанның 23-і 2010 жыл






Қазақстан темір жолындағы жаңа тағайындаулар

Бүгін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының орталық аппараты мен филиалдарында, еншілес компанияларында кадрлық өзгерістер болғандығы туралы компания вице-президенті Ермек Қизатов хабарлады.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті А. Маминнің 21.12.2010 №635-ші бұйрығымен Қадыл Секенұлы Таласпеков Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті А. Маминнің 21.12.2010 №636-шы бұйрығымен Марат Жолдыұлы Медеубаев «Локомотив» АҚ президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті А. Маминнің 21.12.2010 №639-шы бұйрығымен Рамазан Елубайұлы Сүндетбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Павлодар жол бөлімшесінің директоры болып тағайындалды.






«Алтын сапа» біздің сапа белгіміз!

Бүгін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен республикалық шарада ҚР Премьер министрі Кәрім Мәсімов  темір жол саласындағы индустриялық –инновациялық жоба – магистральдық локомотив шығаратын  Астанадағы «Локомотив құрастыру зауытына»  «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша   Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын табыс етті.

Аталмыш сыйлық Қазақстан Президентінің бастамашылығымен шығаратын өнімі халықаралық талаптарға сай келетін, бәсекелестікке бейімді, тұтынушылардың сұранысын толық қанағаттандыратын сападағы кәсіпорындардың арасындағы ең таңдаулысын анықтау мақсатында құрылған болатын.

Қазақстан тарихындағы тұңғыш локомотив құрастыру зауытын салу туралы ҚР Президенті 2006 жылы қыркүйекте АҚШ-қа сапарында шешім қабылдағанды. Сол жолы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Дженерал Электрик» компаниясы арасында Қазақстанға «Еvolution» сериясының технологиясы бойынша тепловоздарды құрастыру құрал жабдықтарын жеткізу туралы келісімге қол қойылған болатын.  

2009 жылғы шілденің 3-інде Президенттің қатысуымен Астанада зауыт жұмысын бастады. Өткен жылғы желтоқсанның 7-сінде «Қазақстанда жасалған» маркасымен алғашқы локомотив конвейерден шығарылды.  2010 жылдың аяғында кәсіпорын 30 жаңа машинаны пайдалануға берді. Оның барлығы алдын ала сынақтан өткізілді. Қазіргі уақытта республика аумағында пойыз тартымында қолданыста жүр.






Республикалық конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Республикалық өнертапқыштардың конкурсында Астана жол дистанциясының «Автомотрис АСЭ-1 базасында ЛДМ -1 жедел ақаутапқыштық зертханасы» тақырыбындағы өнертапқыштық ұсыныстары үздік деп танылды.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Ұлттық инновациялық қоры ұйымдастырған өнертапқыштық идеялардың конкурсы мәреге жетті. «Хабар» агенттігі арқылы жүргізілген «Perpetuum mobile» бағдарламасы жеңімпаздарды анықтады.

Ондыққа кірген жобалардың ішінен ең үздік үшеуі іріктелді. Байқау комиссиясы құрамына ірі өндірістік кәсіпорындардың, конструкторлық бюролардың, Ғылыми зерттеу орталықтарының, технопарктердің  басшылары кірген болатын. Байқау қорытындысы бойынша Астана жол дистанциясының директоры Ж. Әлжанов пен ақаутапқыш цехының шебері О. Поспеловтың  жаңашылдық идеясы үздік деп танылды. 

Астанадағы Рахат палас отелінде жеңімпазға диплом мен арнайы ақшалай сыйлық тапсырылды.

Әріптестерімізді  жеңісімен құттықтаймыз!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі, желтоқсанның 15-і 2010 жыл






«Жәрдем» жолға шығар күн жақын

«Денсаулық» медициналық поезы еліміздің шығыс және орталық өңірін аралап қайтқан болса, «Жәрдем» емдеу-сауықтыру поезы құрамы бүгін Астанада тұсаукесер рәсімін өткізді. Поез Алматы вагон жөндеу зауыты Ресей темір жолының тәжірибесі негізінде «доңғалақты емхана» жобасы секілді қызметті атқаратын етіп жасалды.  

Астана вокзалындағы поездың тұсаукесер рәсіміне ҚР Премьер министрі Кәрім Мәсімов, Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин қатысты.

Поезды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бірлесіп жасақтады.

«Жәрдем» медициналық поезының дәрігерлері шалғай станциядағы теміржолшылар ғана емес жергілікті тұрғындарды да қолжетімді  медициналық қызметпен қамтиды. Жылжымалы құрамда төрт вагонның екеуі медициналық, бірі дизел-генератор, бірі купе вагоны. Жергілікті тұрғындар терапевт, кардиолог, хирург, лор, гинеколог, окулист дәрігерлерлерге қаралып, зертхана мамандарынан кеңес алады. 

Поездың штаттық құрамын ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі «Медициналық апат жағдайындағы темір жол емханасы» акционерлік қоғамы мамандары жасақтады.






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта