Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

Ардагерлер Жолдауды қолдайды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Алматы жол бөлімшесінің ардагерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын ардгерлер кеңесінде талқылады.

Аға ұрпақ өкілдері алдында сөз сөйлеген Алматы жол бөлімшесіндегі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқатай Мұхамеджанов Жолдауда айтылған жайлардың стратегияда көрсетілгендігін, соған орай таяу арадағы міндеттердің нақты дәйектелгендігіне тоқталды.

— Мені әлеуметтік мәселелердің табысты орындалып жатқандығы қуантады. Оның ішінде ел халқының барлық қордаланған әлеуметтік жайлары кешенді түрде қарастылған, — деп атап өтті М. Мұхамеджанов.

Ардагерлер биылғы жылы Үкіметке берілген тапсырма бойынша 2012 жылға қарай орташа зейнетақы, бюджеттік мекемелердің айлық жалақыларының екі есеге дейін өсіріліп, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсетудің сапалық дәрежесінің өсе түсетіндігіне қуанды.






Олимпианың эстафеталық алауы теміржолшыларда

Азиадалық ойындардың 7-ші қысқы олимпиадасының эстафеталық алауын алып жүруге теміржолшылар да қатысты.

2011 жылғы қысқы Азиаданың қаңтардың 11-інде Куэйтте тұтанған алауы Қазақстанның барлық облыс орталықтарын шарлады. Оны алып жүру мәртебесіне Қазақстанның даңқын шығарып жүрген мыңдаған спортшылар мен мемлекет қайраткерлері тартылды.

Азиада алауын алып жүрушілер қатарына «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мамин кірді. Темір жол басшылығының еліміздің спортына сіңіріп жатқан еңбегі ұшан теңіз. Асқар Мамин Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясына жетекшілік етеді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Барыс» хоккей клубының, «Локомотив» футбол клубының бас демеушісі болып табылады.

Эстафета алауын алып жүрушілердің қатарында ҚТЖ филиалы – Ақмола жол бөлімшесінің спорт жөніндегі нұсқаушысы Николай Мельников те бар. Ол қаңтардың 22-сінде Бурабай курорты аймағындағы бөлігіне қатысты. Николай Мельников бапкер ретінде Неон (Швейцария) қаласында өткен Олимпиадалық іріктеу жарысына қатысқан Қазақстан футбол командасына үш футболшыны дайындады. Оның баптаған бес қызы футболдан Ақмола облыстық құрама командасына кіреді. Қазақстан футболын дамытудағы еңбегі ескеріліп Николай Мельников ҚР Футбол федерациясының Құрмет белгісімен марапатталған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Корпоративтік басқарудың көшбасшысы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның он еншілес компаниядағы 2010 жылғы корпоративтік басқару жүйесіне жүргізілген диагностикалық сараптау қорытындысы бойынша менеджмент сапасы жөнінен рейтинг тізімінің көшін бастады.

«Самұрық- Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры Питер Хауз он еншілес компаниядағы 2010 жылғы корпоративтік басқару жүйесіне жүргізілген диагностикалық сараптаудың қорытындысын жариялады. Ол бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ бірінші орынды иемденді.

Корпоративтік басқару жүйесіне диагностикалық сараптау жасау 2009 жылы төмен көрсеткіште болған компанияларға жүргізілді. Оның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ -да бар болатын.

Бұған дейінгі корпоративтік басқарудағы кемшіліктерді жоя отырып Ұлттық компания 45,3 пайыздық көрсеткіштен 59 пайызға дейін көтеріліп, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ішіндегі он компанияның жетекшісіне айналды.






Ақаулы вагон алмастырылды

Қаңтардың 27-сінде 12 сағат 05 минутта Қызылорда облысындағы Төретам – Дерментөбе телімінде №34-ші «Ақтөбе-Алматы» жолаушылар пойызының 15-ші вагонында техникалық ақау байқалды. Пойыз тоқтатылған соң, ол вагонның жолаушылары басқа вагонға ауыстырылды. Ақаулы вагон жылжымалы құрамнан ажыратылды. Пойыз белгіленген кесте бойынша сапарын жалғастырды.

Оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ының арнайы комиссиясы жұмыс істеуде.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі 






ҚТЖ делегациясының Қытайға сапары

Қаңтардың 17-18 күндері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин басқарған делегация Қытай Халық Республикасында жұмыс сапарында болды. Делегация мүшелері ҚХР темір жол министрі Лю Чжицзюнмен, құрылыс және жобалаушы кәсіпорындардың басшыларымен кездесулер өткізіп, 2011 жылға екі жақты әріптестіктің өзекті жайларын талқыламақ.

2010 жылы ҚР мен ҚХР арасында жүк тасымал көлемі 15154 мың тоннаға жеткізілген. Достық станциясындағы транзиттік жүк тасымалы 141147 контейнерді құрады. Бұл белгіленген жоспардан 6 пайызға артық. 2009 жылмен салыстырғанда 56 пайызға өскендігі байқалды.

Алайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚХР арасындағы темір жол саласындағы байланыс жүк тасымалымен шектеліп қалмайды ол стратегиялық маңызға ие. Сондықтан ҚТЖ делегациясы аса ауқымды жайларды сараптаудан өткізді. 






Денсаулық сапарға шықты

Бүгін арнайы мамандандырылған «Денсаулық» пойызы Қазақстанның оңтүстік облыстарына сапарға аттанды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен ҚР ТЖМ бірлескен медициналық пойызы оңтүстік өңірдің шалғай станцияларына сапар шегеді. Білікті маман дәрігерлердің көмегіне алыс станциялар мен жол айырықтарындағы теміржолшылардың отбасы мүшелері ғана емес жергілікті тұрғындар да жүгіне алады.

Өткен жылы «Доңғалақты емхана» алғашқы екі бағдарында шығыс, солтүстік және орталық Қазақстанның 34 станциясын қамтыған болса, бұл жолғы бағдарында жүз күн ішінде «Денсаулық» пойызы оңтүстік өңірдің 54 станциясын қамтиды. Медициналық құрам наурыздың 27-сіне дейін жалғасады.






ҚТЖ мемлекеттік тілді дамытады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Мемлекеттік тілді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасына орай, мемлекеттік тілді дамытуды ойдағыдай жүзеге асырған компанияның бөлімшелері, филиалдары мен еншілес кәсіпорындарын марапаттады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ында Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президент Асхат Акчуриннің басшылығымен компанияның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының басшыларынан аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысын қадағалайтын арнайы комиссия құрылған болатын.

Комиссия құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысын бірнеше бағыттар бойынша бағалады. Оның ішінде құжат айналымында мемлекеттік тілдің қолданыс аясы, қызметкерлердің қазақ тілін меңгеруіне қолайлы ахуал жасауы, бөлімшедегі мемелекеттік тілді дамытуға қаржы бөлу барысы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ындағы мемлекеттік тілді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасына орай өткізілген шараларға қатысу барысы талданды. 






ҚТЖ 2010 жыл қорытындысын жасады

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ында 2010 жылдың қорытындысы жасалып, биылғы жылдың тапсырмалары талқыланды.

Кеңесте «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин сөз сөйлеп, вице-президенттер, еншілес компаниялардың жетекшілері есеп берді.

2010 жыл қорытындысы бойынша теміржолшылар өндірістік көрсеткіштердің 2009 жылға қарағанда артқандығын атап өтті. Жүк айналымы 213 млрд. тонна-шақырым болса, 268 млн. тонна жүк тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 8 пайызға жоғары. Жолаушылар айналымы 13,9 млрд. жолаушы-шақырым болып 2009 жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға өсті. 2010 жылы қор жасақтау көлемі екі есеге өсті.

Өткен жылы сала еңбеккерлері Мемлекет Басшысы мен Үкіметтің жеті стратегиялық тапсырмаларын жүзеге асыруды бастады. Теміржолшылардың бір адамға шаққандағы өндірістік көрсеткіші 2009 жылмен салыстырғанда 23 пайызға көтеріліп, 4млн 85 мың теңгені құрады. Жүрдек жолаушылар қозғалысын ұйымдастыру 1 623 шақырымға ұзарды. 






Семей станциясында өрт оқиғасы орын алды

2011 жылғы қаңтардың 5-6 күндері Семей станциясы орталықтандырылған электр желісі ғимаратынан өрт шықты. Өрт 750 шаршы метрді қамтыды.

Станция жұмысында тоқталыс болған жоқ.

Төтенше жағдайлар қызметі станциядан 20 қызметшіні жедел сыртқы шығарды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт салдарын жоюға Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері тартылды.

Өрт таңғы 6-да толық сөндірілді.

Қазіргі таңда станция жұмысы қолмен басқарылуда.

Жүк және жолаушылар пойыздары қозғалысына жол берілген жоқ.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Көктұма қума жолында тепловоз тоқтады

2011 жылғы қаңтардың 3-інде Алматы жол бөлімшесінің Бескөл –Достық теліміндегі 16-шы жол айырығы Көктұмада қар жалдарының салдарынан тепловоз тоқтады.

Екі метрден жоғары қар жалдарының екі шақырымнан асып кетуіне орай, онда жіберілген СДПМ жол тазалағыш техникасының жолды аршуы қиындыққа түсуде.






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта