Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

Қазақстан - Қытай жүк тасымалдаудың жаңа мүмкіндіктері

Пекинде Достық-Алашаңқай шекаралық бекетін дамытудың жетінші жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Отырысқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қытай теміржол министрлігі өкілдері қатысты.

Кездесу барысында 2011 жылы Достық –Алашаңқай шекаралық бекеті арқылы жүк тасымалдаудың көлемі және контейнерлік тасымалдауды жүзеге асыру жайы талқыланды. Тараптар Достық-Алашаңқай арқылы жүк тасымалдаудың болжалды көлемі және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында Алтынкөл- Қорғас темір жол телімдерін 2011 жылы түйістіру жайы қаралды.

Отырыс соңында Достық –Алашаңқай арқылы жоспарлы жүк тасымалы көлемін қамтамасыз ету мен Чунцин- Дуйсбург арасында тұрақты контейнерлік поезды жүргізу Хаттамасына қол қойылды. Қытай темір жол министрлігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында халықаралық жүк тасымалы жөнінде электрондық мәлімет алмасудың келісімі бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Сондай-ақ, Пекинде қазақстан-қытай темір жол көлігі әріптестігі саласындағы кіші комитеттің 7-ші отырысы жұмысын аяқтайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






«Қазақстан темір жолы» Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне поезда тегін жүруге жағдай жасайды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай 2011 жылғы мамырдың 1- 30 аралығында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне жолаушылар поездарында тегін жүруге мүмкіндік әперу акциясын ұйымдастырып отыр.

Соғыс ардагерлері мен мүгедектері бір ай бойы Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері аумағында тегін жүре алады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне шыққан сапарларында олар бару-қайту билеттерін бірге ресімдеуі тиіс.

Мерекелік акция аясында ардагерлер бару –қайту нүктелеріне дейін поездардың барлық категориялары мен бағдарларында, сонымен қатар қала - аралық поездарда да купелік вагондарымен жүреді. Атап өту керек, бұл акция «Тальго» поезымен жүруге ықпал етпейді.

Ардагерлер тегін билетті темір жол кассаларынан ала алады. Өздерімен бірге жеке куәліктері, Ұлы Отан соғысы ардагері немесе мүгедегі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы тиіс.

Акция өткізу тұрғысындағы барлық ақпараттарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ының темір жол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін 105-ші анықтама телефондарынан алуға болады.



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






«Қазтеміртранс» АҚ-ның таза табысы 13,191 млрд теңге

«Қазтеміртранс» АҚ-ының («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 100 пайыздық еншілес кәсіпорны) және еншілес кәсіпорындарының 2010 жылғы аудиторлық есебі бойынша таза табысы 13 миллиард 191 миллион теңгені құрады. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге жоғары көрсеткіш.

Ұлттық компания мен сырт мекемелердің жүк вагонымен қамтамасыз етуі 2010 жылы 16,2 миллион вагон-тәулікке жеткізілді. Жоспарлы тапсырма 15,8 миллион болатын.

Аталмыш мерзімде 17 мың вагон жөндеуден шығарылды. Оның ішінде 1794-і күрделі жөндеуден өткізілді.

Осы аралықта «Қазтеміртранс» АҚ вагон жөндеу кәсіпорындарының құрал-жабдықтарын жаңғыртуға күрделі қаржы бөлінді. Арыс, Орал, Балхаш станцияларындағы вагон жөндеу кәсіпорындарына осы мақсатқа 112 миллион теңге жұмсалды.

Вагондар мен олардың қосалқы бөлшектерінің есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесі (АСУ) өндіріске енгізілді.

Компанияның жүк паркін толықтыру мақсатында 2010 жылы 1200 жүк вагоны сатып алынды. Оның 182-сін отандық кәсіпорындар шығарды.

«Қазтеміртранс» АҚ Қазақстан Республикасындағы ірі жүк вагоны паркінің операторы болып саналады.

«Қазтеміртранс» АҚ негізгі қызметімен бірге жылжымалы құрамды жөндеу, жүк вагондарын жаңғырту, көліктік-экпседиторлық қызмет түрлерін де көрсетеді.

«Қазтеміртранс» АҚ Баспасөз қызметі






Жастар форумы - кәсіби өсу мен жеке тұлғаның қалыптасуы

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Сарыағаш» шипажайында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жастарының аймақтық форумының салтанатты ашылуы болып өтті. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шымкент жол бөлімшелері мен Ұлттық компанияның еншілес кәсіпорындары - «Локомотив сервис орталығы», «Теміржолжылу», «ТӘКҚ», «Локомотив» акционерлік қоғамдарының 156 өкілі форумға қатысуда.

- Аймақтық форумға жастардың қатысуы Астанада өткізілетін Республикалық қорытынды форумға қатысуға жол ашады. Ол арқылы жастар қызмет бабы бойынша өсуге, кәсіби біліктілігін көтеруге, компания есебінен магистратуралық бағдарлама арқылы оқуларына мүмкіндік алады,-деп атап өтті форумға қатысушыларға арнаған сөзінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президент Асхат Акчурин.

Форумның ашылу салтанаты кезінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті, «НұрОтан» ХДП бастауыш партия ұйымы жетекшісінің қолынан төрт жас маман партиялық билетті алды. Жас партия мүшелері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік ететін партия бағытын қолдап, қашанда алдыңғы қатардан көрінуге уәде берді.

Жас мамандарға арнап темір жол көлігінің ардагері Оразбай Әбішев сөз сөйледі. Ол жастарға отандық теміржол көлігін дамытуға талмай қажырлы қызмет ете беруге сәттілік тіледі. ҚТЖ Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі басқарма менеджері Венера Ахметова жастардың аға ұрпақ өкілдерінің өмірлік тәжірибесін үлгі тұта отырып, сенімге сай лайықты қызмет етуге жастардың дайын екендігін жеткізді.

Жастар форумына қатысушылар ҚТЖ Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі Басқарма бастығы Қорлан Медиханованың әңгімесінен ҚТЖ-дағы Жастар саясаты, олардың міндеттері мен мақсаттары турасында толық мағлұмат алды.

Форумның ашылу салтанатынан соң жастар шипажай төңірегіне тал отырғызды. «Жастар –темір жол болашағы» деген жазуы бар көгілдір шарды ұшырды. Бұл акция еркін самғайтын жастардың қиял армандарымен ұштасып жатты.

Сарыағаштағы форум сәуірдің 30-ына дейін жалғасады. Оның түрлі пікір сайыстарға толы бағдарламасы қызықты. Ол арқылы әр жас өзінің темір жол көлігін дамыту жөніндегі инттелектуальдық ойын қорғап, шығармашылық, танымдық, спорттық бағдарламаларға қатыса алады.

Конкурс қорытындысы бойынша үздік 37 жоба ҚТЖ-ның Республикалық форумына жолдама алады. Оның 12-сі басқару саласына арналған.

Шығармашылық конкурстың «Фотокросс» туры форумға қатысушылардың әр күні «ҚТЖ-ға құштарлық», «Ойлан, іске кіріс, жеңіске жет», «Форумның шығармашылық күндері» тақырыптары бойынша фото байқаулары өткізіледі.

Форумға қатысушы жастар Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындарын аралап, қызықты шараларға куә болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Еңбекті қорғаудың бүкіләлемдік күніне арналады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясы» сәуірдің 28-інде өткізілетін Еңбекті қорғаудың бүкіләлемдік күніне дайындалуда. Сәуірдің 18-27 аралығында Дирекцияның барлық кәсіпорындарында «Абыройлы еңбек» алдын алу акциялары өткізіледі. Онда темір жол көлігіндегі нәтижелі, қауіпсіз, жұмыс орнындағы денсаулық сақтаудың шараларына арналады.

Сәуірдің 28-інде жылма –жыл қоғамдық ұйымдар Бүкіләлемдік еңбекті қорғаудың кәсіби ауруларды, өндірісте қайғылы жағдайларды болдырмаудың амалдарын қарастырады.

Бұл күні әлемнің көптеген елдерінде өндірісте қаза тапқандарды еске алу, еңбекті қорғаудың алдын алу шаралары туралы айтылады.

Халықаралық Еңбек ұйымының мәліметіне қарағанда, жылма-жыл өндірістегі қайғылы жағдайлардан, кәсіби аурулардан екі миллионға дейін адам қайтыс болады екен.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясында» жылма-жыл аталып өтеді. Бұл күндері кәсіпорын қызметкерлері жиналыстар жасап, өндірісте опат болғандарды еске алып, өндірістік және технологиялық талаптарды сақтаудың қажеттігі туралы айтылады. Мүгедектердің үйлеріне барып қызмет көрсетіледі.

Аталмыш күні Дирекцияның студиясына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Көліктегі прокуратура, Көліктегі Бас санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, ҚР Теміржолшылары кәсіподағының Орталық кеңесі және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын болады.

Бұл күні еңбекті қорғау мен қауіпсіздігінің жұмыс қорытындысы шығарылады. Өндірістегі жарақат алу жағдайларын барынша азайтып, жақсы жетістікке жеткен кәсіпорындар марапатталады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Душанбеде ТЖЫҰ темір жолдары Бас директорларының пленарлық конференциясы басталды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы Душанбеде өтіп жатқан ТЖЫҰ Бас директорлары конференциясына қатысуда.

Қазақстандық делегацияны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Ермек Қизатов бастап барды.

Конференция жұмысын «Рохи охани Точикистон» («Тәжік темір жолы») Мемлекеттік унитарлық кәсіпорны бастығы Амонулло Хукуматолло ашты.

Пленарлық отырыстың күн тәртібінде Еуразиялық темір жол кеңістігінде жүк және жолаушылар тасымалы көлемін өсірудің мәселелері қаралады.

Пленарлық отырыс жұмысына Қазақстан, Әзербайжан, Белорус, Вьетнам, Қытай, Корея, Латвия, Литва, Монғолия, Польша, Ресей, Словакия, Румыния, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Чехия, Эстония темір жолдары әкімшіліктерінің өкілдері қатысуда.

Бүгін делегация басшыларын Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов қабылдайды деп күтілуде.

Пленарлық отырыс қорытындысы бойынша ТЖЫҰ Бас директорлары Конференциясының 26-шы отырысының хаттамасына қол қойылмақ.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






«Денсаулық» поезы оңтүстік өңірде жүр

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы мен ҚР ТЖМ арнайы әлеуметтік жобасымен жасақталған «Денсаулық» поезы оңтүстік өңірде сапарда жүр. Қазірде ол Алматы жол бөлімшесінің Қазыбек бек станциясына аялдады. Оның келу қарсаңында арнайы митинг өткізілді.

Наурыздың 25-інен бастап «Доңғалақты емхана» Оңтүстік өңірдің шалғай станцияларына сапарға шықты. Халықтың қолы жете бермейтін дәрігерлік тегін қызмет түрлерімен алыс жол айырықтарының теміржолшылары мен тұрғындары қамтылады. Қазыбек бек станциясына поез Шилібастаудан келді. Онда 302 адам дәрігерлерге қаралған.

Сәуірдің 20-сында Қазыбек бек станциясында поезды Алматы жол бөлімшесінің басшылығы, жергілікті атқарушы билік өкілдері, кәсіподақ мүшелері, аймақтың кәсіпорын басшылары қарсы алды.

Алматы жол бөлімшесі бастығының орынбасары Мұрат Шерубековтың айтуынша, «Денсаулық» поезы «Қазақстанның жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінің үздік әлеуметтік жауапты жобасы атанды. Республикалық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз» республикалық конкурсының қоғамдық сыйлығына да ие болды. Бүгінгі таңда поез тоқтаған әрбір станция мен жол айырығында барлық тұрғындардың дәрігерлік тексеруден өтуіне мүмкіндік жасалған.

«Алматы теміржол ауруханасы» АҚ-ның филиалы - «Теміржолдың медициналық апатты жағдай госпиталының» директоры Мұрат Қуатовтың айтуынша, поез құрамында барлық қажетті құрал-жабдықтармен бірге шағын хирургиялық - оташылық операциялар жасауға мүмкіндік бар. Поездың медициналық ұжымы білікті 18 дәрігерден жасақталған.

Асыға күткен «Доңғалақты емхана» дәрігерлеріне арнап жергілікті әкімшілік ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама жасалды. Селолықтар «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығына алғыстарын жеткізді.

«Денсаулық» поезы мамырдың аяғына дейін Алматы облысының алыс станциялары мен жол айырықтарында медициналық көмек көрсетеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Оралдықтарға көмек қолын созады

Батыс Қазақстан облысындағы өзен көлдердің тасуы салдарынан бірқатар елді мекендер су астында қалды. Сәуірдің 18-індегі мәліметке қарағанда, 185 теміржолшы мен олардың отбасылары сел салдарынан зардап шеккен.

Теміржолшылардың 67 отбасы, яғни екі жүздей адам, оның ішінде 57 бала бар. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы зардап шеккен әріптестеріне көмек жасаудың мүмкіндігін қарастыруда. Жедел түрде материалдық шығындардың мәліметі шығарылып, көмек қажеттілердің саны анықталып, стихиялық апаттың зардабын жоюдың мүмкіндігі қарастырылуда.

Өткен жылы Алматы облысындағы станция мен жол айырықтарын су алып кетудің зардаптарын жоюдағы қалыптасқан тәжірибе бойынша ҚТЖ басшылығы, салалық кәсіподақ және «НұрОтан» бастауыш партия ұйымы бірлесе отырып, жоғалған заттарды қалпына келтіру, өтемақы төлеу, еңбеккерлерге қайырымдылық көмек көрсетудің барысы сарапталуда.

Тиісті құжаттар дайындалып, қолдау көрсету жолы қарастылып жатыр. Темір жол ұжымы оның ішінде орталық аппарат, компанияның еншілес кәсіпорындары мен филиалдары әріптестеріне бір күндік жалақыларын аударуға бейілді. Тиісті қаржы «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Әлеуметтік жобалардың корпоративтік қоры» Қайырымдылық қорына аударылатын болады.

ҚТЖ құрылымдық бөлімшелері гуманитарлық акция өткізу туралы құжаттармен таныстырылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Тәжікстанда ТЖЫҰ БДК 26 отырысы өткізіліп жатыр

Сәуірдің 18-22 күндері (Тәжікстан Республикасы) Душанбеде Темір жол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) Бас директорлар конференциясы (БДК) 26-шы (жауапты өкілдерінің) отырысы өткізіліп жатыр.

Сәуірдің 18-інде ТЖЫҰ-ның өкілетті өкілдері жұмысын бастады. Олар Конференцияның пленарлық отырысында Бас директорлар мен өкілетті өкілдерінің бас қосуына қажетті материалдарды дайындауда.

Оның жұмысына Қазақстан, Әзербайжан, Белорусь, Болгария, Вьетнам, Қытай, КХР, Латвия, Литва, Эстония, Монғолия, Польша, Ресей, Словакия, Өзбекстан, Украина, Чехия темір жол әкімшіліктерінің өкілдері қатысуда.

Отырысты Тәжік темір жолы «Рохи охани Точикистон» Мемлекеттік унитарлық кәсіпорны бастығының бірінші орынбасары Владимир Собкалов ашып, қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.

Отырыс барысында ТЖЫҰ-ының аясында 2010 жылғы жүк және жолаушылар тасымалының есебі, инфрақұрылымы, жылжымалы құрамы, ТЖЫҰ Тұрақты комиссиясының ақпаратты тарату және кодтау, қаржылық және есеп айырысу мәселелерін қарастырады.

Қатысушылардың назарына ТЖЫҰ Уақытша жұмыс тобының есебі, халықаралық бағдарларда жүк вагондарын пайдалану жайы, басқа да маңызды мәселелер қаралады.

ТЖЫҰ-ының 2010 жылы атқарған жұмыс қорытындысы, 2012 жылға арналған жоспары, 2011 жылғы ТЖЫҰ бюджеті алдағы жылға жоспары белгіленеді. ТЖЫҰ Комитет хатшысын тағайындау мәселесі қаралады.

Темір жол әкімшіліктері бірінші басшыларының қатысуымен конференцияның пленарлық отырысын өткізу сәуірдің 21-іне белгіленіп отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






ҚТЖ-ДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ –ында компанияның 2010 жылғы өндірістік-қаржылық жұмыс қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.

Отырысқа компанияның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаев, Тау кен және кен-металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец, ҚР көлік және коммуникация министрлігі, «Самұрық –Қазына» ӘАҚ, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстанның жүк жөнелтушілері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері қатысты.

Компания вице-президенті Қанат Алпысбаевтың айтуынша, компания жылма-жыл осындай қоғамдық тыңдаулар өткізіп келеді. Ондағы мақсат - ҚТЖ қызметін пайдаланушылармен пікір алмасу, алдағы әріптестік қарым-қатынасты табысты жалғастыру болып табылады.

Ол жиналғандарға Компанияның 2020 жылға дейінгі стратегиялық дамуы және «Темір жол көлігі туралы» қабылданған шешімдерге сәйкес атқарылып жатқан компанияның индустриялық –инновациялық саясаты туралы айтып берді.






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта