Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

ҚТЖ-ның алғашқы жаршысы

Сәуірдің 15-інде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ корпоративтік «Свежие Вести» жаршысының (қысқаша «СВ») алғашқы нөмірі жарияланды.

Екі беттен тұратын «СВ» түрлі –түсті жарияланымда Ұлттық компания қызметкерлерінің сүйіспеншілік оқиғалары қызықты беріледі.

Жаршы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Оның мақсаты – «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұжымында ішкі корпоративтік ынтымақтастықты, жарастықты, компанияның оң имиджін қалыптастыруға бағытталған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Ғылыми жетістіктегі әріптестік

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин «Темір жол көлігі Бүкілресей ғылыми- зерттеу институты» ААҚ Бас директоры Борис Лапидуспен кездесті. Кездесу барысында өзара әріптестік туралы Хаттамаға қол қойылды.

Мекеме басшылары қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық және өндірістік жұмыстар барысында ақпарат алмасты. Тараптар жоғары жылдамдықты жылжымалы құрамды жасақтау, саланы жаңа технологиямен жабдықтау, Ғылыми зерттеу орталығы базасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ ғылыми-техникалық кадрлерін дайындау тұрғысында келісімдер жасасты.

Сапар барысында институт басшысы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және Қазақстан темір жолының тарихы мұражайында болды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Отбасылық құрама спорт командаларының сайысы

«Спорт тек адам ағзасын шынықтырып қана қоймайды, отбасын да бекіте түседі»,-міне осындай ұранмен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жылма-жыл «Әкем, анам және мен» -спорттық отбасымыз» атты сайысты үзбей өткізіп келеді. Сәуірдің 10-ында темір жол компаниясының еншілес кәсіпорындары мен филиалдарынан жиырмадан астам өнерлі отбасы мүшелері жиналды.

Жарысқа бірнеше топтарға бірлескен үш команда «Тұлпар», «Неугомон», «Спортики» командалары сап түзеді. Негізінен команда құрамында 8-12 жастағы балалар болды.

Жарысқа қатысушыларға Әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма бастығы Қорлан Медиханова сәт-сапар тіледі. Оның айтуынша, мұндай шаралардың нәтижесінде отбасы біріге түссе, компания қызметкерлері бір-бірін танып ынтымақтасады, корпоративтік рухы қалыптасады.

Төрешілер командаларды 16 кезеңнен тұратын тоғыз эстафета бойынша іріктеді. Қапшық арқылы секіру, аяғы байлаулы күйде жүгіру, қолында баскетбол добымен жүгіру, скакалка арқылы секіру секілді ойын шарттарын орындады. Ойын барысында қатысушылардан тек жылдамдық қана емес шарттарды мүлтіксіз, сапалы орындау да талап етілді.

Бірінші айналымдағы тартысты ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды «Тұлпар», екінші орынды «Спортики», үшінші орынды «Неугомон» командалары иемденді.

Ал, «Мега» сауда орталығында өткізілген лазерлік қару арқылы сынақта бірінші орынды - «Спортики», екінші орынды – «Неугомон», үшінші орынды – «Тұлпар» командасы жеңіп алды.

Жарыс қортындысы бойынша қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Бурабайдағы теміржолшы жастар форумы

Сәуірдің 11-інде Бурабайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары мен еншілес кәсіпорындарындағы жастардың «Сен болмасаң кім?» - «Кто если не ты?» атты республикалық екінші жастар форумының сессиясы өз жұмысын бастады. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 40 кәсіпорын атынан 180 жас қатысуда. Жастар форумының жұмысын «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқармасы, Әлеуметтік жобалар қоры, ҚР Теміржолшыларының кәсіподағы және «Халық банкінің» Ақмола зейнеткерлік қоры бөлімшесі бірлесіп ұйымдастыруда.

Жастар форумына қатысушылар алдында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті Асхат Акчурин сөз сөйледі. Оның айтуынша, жас еңбеккерлер лагерде болу арқылы әріптестерімен кездесіп іс-тәжірибе алмасып, корпоративтік рухтағы жұмыстарға үйренеді.

- Компанияға жастардың корпоративтік кеңістікте жұмыс істеуіне қалыптасуы өте маңызды құбылыс. Мұнда теміржолдың жұмысын терең түсінетіндер мен оның болашақ дамуын жете білетіндердің жиыны деуге болады,-деп атап өтті А. Акчурин.

Ол қатысушыларға компания президенті Асқар Маминнің құттықтауын жеткізді. Жастар форумының жұмысына сәттілік тіледі.

Жастардың республикалық бас қосуына қатысушылар сапалы менеджменттік басқару, «Сапалы команда жасақтау» тренингіне, түрлі танымдық әрі қызықты ойындарға қатысады.

Жобаның басты мақсаты – компанияның жас кадр әлеуетін қалыптастыру, еңбеккерлердің біліктілігін жетілдіру, ұжымдық ынтымақтастығын нығайту. Лагердегі бірнеше күн жастардың пікірсайыстарда сыналуына, жетекшілік қабілетінің оянуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына қызмет етеді. Жоба бағдарламасында интеллектуальдық жаттығулармен қатар түрлі спорттық байқаулар да бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жылы ҚТЖ Жастар кеңесінің аймақтық өкілдерінің арасында тұңғыш рет жастар лагерінің әнұраны шырқалды.

Бүгінгі таңда мыңдаған теміржолшылар ұжымының бестен бір бөлігін 30-ға дейінгі жастар құрайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Siemens AG бірлескен кәсіпорын құрмақ

Сәуірдің 1-інде Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ының еншілес кәспорындары «Локомотив жөндеу», Электрлендіру департаменті «Мобильность» дивизионы Siemens AG компаниясының индустриялық секторы арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы құрылтайшылық құжаттарға қол қойылды. Жаңа бірлескен кәсіпорын «Temir Zhol Electrification» ЖШС деп аталатын болды.

«Локомотив жөндеу» АҚ тарапынан компанияның вице-президенті Гүлнар Аманбаева, Siemens AG тарапынан электрлендіру департаментінің вице-президенті Эльмар Шульце –Веттендорф және «Siemens» ЖШС директоры Кай Цвингенбергер қол қойды. Маңызды құжаттарға қол қою рәсіміне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Ермек Қизатов және Басқарушы директор – бас инженер Бауыржан Орынбасаров қатысты.

Жаңадан құрылған бірлескен кәсіпорын Қазақстан Республикасы темір жолын электрлендіру, тартым подстанцияларын және магистральдық желіні жаңғырту жұмыстарымен айналысады.

Оған қоса, бірлескен кәсіпорын өз жұмысына жергілікті өндірісшілерді де тарту арқылы Қазақстанда шығарылатын өнім түрлерін көбейтуге күш салады. Әріптестіктің ең маңыздылығы сонда - ол жергілікті маман кадрлерді дайындауға да атсалысады.

«Бұл келісім шартты «Қазақстан темір жолы» АҚ-ымен жасау біздің әріптестігімізді одан сайын дамыта түседі»,-деп атап өтті қол қою рәсімінен соң Эльмар Шульце –Веттендорф.- Siemens жылжымалы құрамды жаңғырту жөніндегі жобаларға да қатысып отыр. Қазақстанның қазіргі темір жол саласын инновациялық технологиямен қамтуға қолдау көрсетеді. Ел мамандарына компанияның ноу-хау жетістіктерін де ұсынады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Жүк ағынына кедергі азаяды

Астанада ТЖЫҰ-ХТК аясында халықаралық семинар басталды. Онда Еуропа Азия темір жол бағдарында бірегей ілеспеқұжат пайдаланудың практикалық мүмкіндігі талданды.

Семинарға ТМД және Еуропа темір жол әкімшіліктері мен ТЖЫҰ-ға мүше елдердің Халықаралық темір жол көлігі комитеті (ХТЖ), басқа да профильді министрліктердің өкілдері қатысуда.

Семинар кеңеске қатысушыларға арнап сөз сөйлеген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Ержан Жәкішев Қазақстанда инфрақұрылымдық Қорғас-Жетіген, Өзен- Түркменстанмен мемлекеттік шекара жобаларының жүзеге асырыла бастағандығын, ол арқылы Таяу Шығыс пен Қытайға транзиттік жүктердің көбейетіндігін баяндады. Баяндамашының пайымдауынша аталмыш семинар ТЖЫҰ мүше елдердің табысты ынтымақтастығына жаңаша серпін беретіндігіне сенім білдірді.

Өз кезегінде ТЖЫҰ комитет төрағасының орынбасары Виктор Жуков осы ұйым аясындағы елдерде бірегей ілеспеқұжат дайындаудың оны қолданудың маңыздылығына тоқталды. Бұған дейінгі үш жылдық тәжірибеге сүйене отырып, Қытай мен Еуропаға шығатын транзиттік бағдарларда бірегей ілеспеқұжат пайдалану жүк ағынының өсе түсуіне ықпал етеді деген ойды таратып айтты.

2006 жылы қабылданған бірегей ілеспеқұжат төңірегінде Халықаралық темір жол көлігі комитеті бас хатшысы Томас Ляймгрубер, Халықаралық темір жол тасымалының үкіметаралық ұйымының бас хатшысының орынбасары Густав Кавка өз ойларын ортаға салды. Жаңа жобаның электрондық версиясы жөнінде жобасының жетекшісі Ерик Евтимов кеңірек тоқталды.

Бірегей ілеспеқұжат ЦИМ\СМГС екі халықаралық жүк тасымалдаудың басын біріктіреді. Бастапқысы ЦИМ Еуропа аумағындағы елдерге қызмет етсе, СМГС – ТМД елдері мен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне құқықтық қызмет көрсетеді. Бұл құжат арқылы халықаралық бағдардағы жүк тасымалдау кезінде құжаттар қайта ресімделмейді, ол бүкіл бағдардың өн бойындағы қозғалыстың тоқталыссыз атқарылуына ықпал етеді. Бірегей ілеспеқұжатты Еуропа мен Азияның барлық бағдарларында қолдануға болады. Ол арқылы вагон тоқталысы уақыты шамамен 8-10 сағатқа дейін азаятындығын мамандар анықтап отыр.

- Бүгінгі таңда жүздеген вагондар күн сайын барлық бағдарларда жаңа бірегей ілеспеқұжат бойынша шекарадан тоқталыссыз өткізілуде. Бұл әрине, екі құқықтық жүйені біріктірудегі оны үйлестірудегі аса ірі қадам,-деп атап өтті Виктор Жуков.

Семинарда бірегей ілеспеқұжат бойынша қауіпті жүктерді Германия, Франция, Чехия, Словакия және ТМД аумағы арқылы тасымалдау жайы жан-жақты талқыланды. Шара соңында семинарға жиналғандар шекаралық Достық станциясындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Қазақстан мен Венгрия арасында тасымалдау көлемі артады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында «Венгр мемлекеттік темір жолдары» ЖАҚ делегациясымен екі ел арасындағы экспорттық-импорттық және транзиттік тасымал көлемін арттырудың барысы қаралды.

Қазақстан мен Венгрия арасындағы жүк тасымалын өрістету жұмысы әлемдік экономикалық тоқырау кезеңінде үлкен маңызға ие болды. Кездесу барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Ермек Қизатов екі ел арасындағы тасымалдау көлемінің соңғы жылдары төмендеп кеткендігіне тоқталды. Қазақстандық мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ Еуропаға қажетті болса, Қазақстанға Венгрияның машина құралдары, химикаты қажет.

Қазақстан қазіргі таңда Парсы шығанағы мен Қытайға шығатын халықаралық көлік дәлізінің құрылысын жүргізуде. Екі желі бойынша да поез арқылы трансконтинентальдық жүк тасымалдау қашықтығы едәуір қысқарады.

«Венгр мемлекеттік темір жолдары» ЖАҚ бас директоры Ференц Сарваштың айтуынша, бұл елде таяу болашақта теміржолдың инфрақұрылымын дамытуға 10 млрд. еуро көлемінде қаржы бөлу қарастырылуда.

Тараптардың пайымдауынша, екі ел теміржолшылары арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту Достастыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерімен де бірлесе ойластырылғаны жөн көрінеді. Себебі, Қазақстан мен Венгрия темір жолының тасымалдау үдерісі Украинаның Чоп, Захон станциялары арқылы өтеді. Сондықтан да екі елдің теміржол әкімшілігінің басшылары «Укрзализныци» теміржолымен келісімдерге отыруы тиіс.

Ермек Қизатов сәуір айында Украинаға сапарында «Укрзализныци» басшыларымен Қазақстан Венгр транзиті туралы мәселе көтеретіндігін айтты.

Ференц Сарваш Қазақстан темір жолы басшыларын екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыта түсу үшін Будапешке келуге шақырды.

Тараптар нақты жобаларды тиянақтай түсу үшін арнайы жұмыс тобын құрды. Оны ҚТЖ Маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Ержан Жәкішев басқаратын болды.

Жұмыс тобының ұсыныстары күзде Венгрия Премьер министрінің Қазақстанға сапары барысында талқыланатын болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Халықаралық деңгейдегі технология көрмесі

Мәскеуде Ресейлік арнайы «Exporal» темір жол көлігін дамытудың Халықаралық 5-ші жаңа жетістіктері туралы көрме өткізілді. Қазақстандық теміржол индустриясы жетістігі ретінде ТМД елдері бойынша мойны озық «Локомотив құрастыру зауытының» «Еволюшн» сериясындағы ТЭЗЗА магистральдық жүк тепловозы қойылды.

Жылжымалы құрамды жасайтын және оған қажетті құралдарды жеткізетін 20-дан астам елден келген өндірісшілер бұған қызығушылық танытты. Осы көрмеге қатысу арқылы астаналық локомотившілерге халықаралық іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіншілік ашылды.

Сонымен қатар көрмеге қатысушылар қазақстандық локомотив құрастыру зауытының базасында американдық «General Electric Transportation» компаниясына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тапсырысы арқылы жасаған магистральдық тепловозының техникалық мүмкіндігі, сыртқы эстетикалық көрінісі, жаңа технологияларға сай жасалған шешімдері басқа бәсекелестерінен мықтылығын көрсетіп тұрды.

Сарапшылар мен тұрақты сатып алушылардың айтуынша, қазақстандық локомотившілер халықаралық талаптарға сай өнім шығарып отыр.

Қазақстанда басталған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында Елбасының тапсырмасымен «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ алғашқы қатарда тұр.

Ашылғанына небәрі бір жарым жыл болғанына қарамастан «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ 30-дан астам локомотив құрастырды. Қазіргі таңда оны барлығы қазақстандық темір жол саласында жүйткіп жүр.

«Қазақстан темір жолы» Баспасөз қызметі






Теміржолшылардың спорттық жеңістері

Елордасында Республика теміржолшылары кәсіподағының Астана филиалы Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығына арналған кубогі үшін спартакиада аяқталды.

Оған 18 команда құрамында 250 спортшы мини-футбол, боулинг, бильярдтан бақ сынасты. Ұлттық компанияның еншілес кәсіпорындары арасында мини футболдан жүлделі орындарды «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Бас есептеу орталығы» мен «Астана белгі беру және байланыс дистанциясы бөлісті.

Боулингкке 18 команда қатысты. Жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды «Ресурстық қамту дирекциясы» иемденсе, «Астана белгі беру және байланыс дистанциясы» екінші орынды, «Қазтранссервис» АҚ үшінші орынға табан тіреді.

Бильярдтан турнир бойынша «Бас есептеу орталығы» командасындағы Оразбек Жылыбаев пен Жанерке Әбенова бас жүлдені иемденді. Екінші орынды «Жолаушылар тасымалы» АҚ – «Солтүстік» аймақтық филиалының командасынан –Оразбай Тойшыбеков пен Самат Айтмағамбет алды.

Теміржолшылар кәсіподағы –Астана филиалының Спартакиада кубогін Астана белгі беру және байланыс дистанциясы жеңіп алды.

Жарысты қорытындылаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіподағы Орталық Кеңесінің төрағасы Оразғали Ахметбаевтың айтуынша, мұндай спорттық шаралар еңбек ұжымдарын одан сайын ынтымақтастыра түседі. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еңбеккерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау- компанияның әлеуметтік саясатының бір парасы болып табылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Теміржол сайлауға дайын

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті Асхат Акчуриннің басқаруымен ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелері және еншілес компанияларының жетекшілерімен селекторлық кеңес өткізілді.

Кеңестің басты тақырыбы - «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлерінің алдағы президенттік сайлауға ұйымшылдықпен қатысуы және сол мерзімде теміржол көлігі нысандарында қауіпсіздік шараларын күшейту.

Қазақстан теміржолшыларының кәсіподағы қазіргі қызмет етіп отырған Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын президенттікке ұсыну жөнінде шешім қабылдаған болатын. Себебі – теміржолшылар Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның дамуындағы негізгі шешуші тұлға деп танып оған бәсекелес ретінде сайма-сай келетін адам жоқ деп таниды.

«Президенттің саяси, экономикалық және әлеуметтік шешімдерінің нәтижесінде, еліміздің теміржолшылары еңбекшілерді қысқартуға ұшыратқан жоқ. Оған қоса, Қазақстан тарихында «Эволюшн» соңғы буынды теполовозды жасауды қолға алды. Басқа да зауыттар салынып жатыр. Жылма-жыл компанияның экономикалық көрсеткіштері өсіп келеді»,- деп атап өтті компанияның вице-президенті Асхат Акчурин.

Асхат Акчурин сөзін жалғастыра отырып, сәуірдің 3-інде өткізілетін президенттік сайлауға облыстардағы филиалдардың дайындық барысы туралы сала жетекшілерінің есебін тыңдап, жергілікті жерде теміржол қозғалыс қаупсіздігін қатаң сақтап, онда тәулік бойы кезекшілік етілуі қажеттігін назарға алды.

Сала басшыларының баяндауынша, аймақтардағы теміржол саласы нысандарында, вокзалдарда, жылжымалы құрамдарда қаупсіздікті қамтамасыз ету туралы алдын ала ұйымдастыру шаралары жүргізіліп, негізгі нұсқамалықтар бойынша кеңестер өткізілген.

Селекторлық кеңесті қорытындылай келе, компанияның вице-президенті Асхат Акчурин сайлау кезінде теміржолшылардың белсенділік көрсетіп, азаматтық борыштарын адал орындауы тиістігін, теміржолшылардың қашанда демократияны, еліміздің тұрақтылығы мен экономикалық жетістігіне таңдау жасайтындығына сенім білдірді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі 






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка