Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жолмен жүк тасымалдау қызметіне жеңілдіктер енгізеді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап темір жолмен жүк тасымалдау қызметіне 30-дан 70%-ға дейін жеңілдіктер енгізеді. Мәселен, 15 тонна жүкбагажын Қазақстан шекарасында 1000 шақырым қашықтыққа тасымалдау құны жеңілдіксіз – 807227 теңгені, жеңілдікпен – 398232 теңгені құрайды.

Икемді тарифтік саясат жүк тасымалының тиімділігін арттыру және оған қызығушылық таныту мақсатында іске асырылды.

Жүк тасымалы жүктерді темір жол көлігі арқылы тасымалдаудың ең тиімді тәсілі болып табылады. Негізгі артықшылықтар – көрсетілетін қызмет түрінің бағасы мен сапасындағы арақатынастың тиімділігі, жылдам жеткізу, қауіпсіздік, қызмет көрсету ауқымының кеңдігі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ инфраструктурасы дамыған және маршруттар жүйесі нақтыланған. Жүк тасымалы жолаушылар пойыздары арқылы жүзеге асырылады. Вагондардың жүк көтерімділігі - 20 тонна. Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 32 жүк вагоны 15 маршрут бойынша қатынайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жүк жөнелтушілер мен экспедиторлық компанияларды серіктес болуға шақырады.

«Жолаушылар тасымал» АҚ

баспасөз қызметі

тел. 8 (7172) 600171, 600198

www.temirzholy.kz






Сертификат – экспедиторлық нарықтағы бағдар

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ғимаратында еліміздің бес көлік-экспедиторлық компаниясына Сәйкестік Сертификаты тапсырылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Вице-президенті Ермек Қизатов, сәйкестікті белгілейтін Көліктегі басқару мен логистика орталығының басшысы Нығметжан Есенғарин «Транссистема» ЖШС, «Искомтранссервис-ИТС ЛТД» ЖШС, «Атасу» ЖШС, «Дару-Транс Трейдинг» ЖШС, «Арс-Внешсервис» ЖШС өкілдеріне сәйкестік сертификаттарын табыс етті. Бұл компаниялар «теміржол көлігіндегі экспедиторлық қызмет көрсету» ҚР СТ 1294 қабылданған стандартына сәйкестіктің бүкіл процессін мүдірмей өтіп, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қызмет көрсетудегі сәйкестіктің мемлекеттік сертификаттар реестрінде тіркелді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Вице-президенті Ермек Қизатовтың айтуынша, қазір ұлттық компанияда қызмет көрсету сапасын үнемі көтеру үшін елеулі жұмыс атқарылып жатыр, көш соңынан қалмас үшін көлік-экспедиторлық компаниялар да осы бағытта тиісті әрекеттер жасауы керек.

Ал Көліктегі басқару мен логистика орталығының басшысы Нығметжан Есенғариннің пікірінше, қызмет көрсетудегі сәйкестіктің мемлекеттік сертификаттар реестрінде тіркеу мәселесі сапалы қызметті айғақтап, жүк жөнелтушілерге бағдар болмақ.

 Қазіргі уақытта ұлттық теміржол тасымалдаушы 500-ден астам көлік-экспедиторлық компаниямен жүк тасымалдау жөніндегі келісім-шартқа отырған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Реформалаудың тәжірибесімен бөлісу

Алматы қаласында 2010-2011 жылдарға арналған реформалау мен құрылымдық өзгерістер мәселесі жөніндегі Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес теміржол көлігіндегі жүргізілген реформалардың тәжірибесімен бөлісу бойынша семинар өтті.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының және Эстония Республикасының темір жолдарының өкілдері қатысты. Ресей тарапынан іс-шараға Ресей Федерациясы Көлік министрлігі Теміржол көлігі федеральдық агенттігінің өкілдері, Табиғи монополиялар мәселелері институтының қызметкерлері, Теміржол әкімшіліктерінің Ақпараттық-есептеу орталығының мамандары келген.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры Еркін Жусанбаев семинарды ашып, оның жұмысына басшылық етті.

Шараға қатысушылар Қазақстандағы, Ресейдегі, Эстониядағы ьеміржол саласында жүргізілген реформаның тәжірибесімен танысып, Тәжікстан мен Беларусьтағы темір жолды дамыту мен құрылымдау бойынша жасалып отырған істерден мәлімет алды.

Семинарға жиналғандар мұндай шаралардың тиімді тұстарын атап өтіп, теміржол көлігін реформалау бойынша жинақталған тәжірибемен бөлісуді жалғастыру қажеттілігін алға тартты.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






Цистерналардың рельстен шығуына жолдың жағдайы себепші болды

Ақмола облысында бензин мен керосин тасымалдаған жүк пойызының цистерналары рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

10 тамыз күні сағат 18.05-те Ақмола облысы Ерейментау қаласының маңайында Астана-Павлодар темір жолының 146 шақырымында Павлодар-Алматы-1 бағытындағы №2011 жүк пойызының 9 цистернасы рельстен шығып кетті.

Апат салдарынан бес жүк және екі жолаушылар пойызының қозғалысы шектелді. Қазіргі уақытта қозғалыс қалпына келтіріліп, жолаушылар пойыздары өз бағыттарымен жөнелтілді.

Цистерналардың рельстен шығу зардаптарын жою үшін өрт сөндіру пойыздары, үш қалпына келтіру пойызы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 65 қызметкері, Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 13 қызметкері және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Апат болған жерді темір жол әскери күзеті қоршауға алған. Төтенше оқиғаның себептерін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның арнайы комиссиясы анықтауда. Алдын ала мәліметтер бойынша цистерналардың рельстен шығуына жекеменшік жол жөндеуші компанияның жолды жөндеудегі сапасыз қызметі себеп болған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті Асқар Мамин Түркменстанға жұмыс сапарымен барды

Ел астанасы Ашхабадта ұлттық компанияның басшысы Түркменстанның теміржол көлігі министрі Розымырат Сейиткулыевпен кездесті. Екі жақты жиын барысында Қазақстан, Түркменстан және Иран арқылы өтетін жаңа темір жол дәлізінің құрылысын аяқтау және пайдалануға беру, сондай-ақ, екіжақты әріптестік мәселелері талқыланды. Кездесуге Қазақстанның Түркменстандағы елшісі Асхат Оразбай қатысты.

«Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметі






Болат жолды бағындырғандар мерекесі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бүгін Көлік және байланыс қызметкерлері күні – кәсіби мерекесін үздік еңбеккерлер, сала ардагерлерін түрлі сый- сияпаттармен, наградалармен марапаттау арқылы қарсы алуда.

Көпжылдық дәстүрлі салтанат бойынша мерекелер алдымен темір жол көлігін дамыту жөніндегі жұмыстарды бағалау мен болашағын талқылаған Консультативтік Кеңестің отырыстарынан басталды.

Әрі қарай Астанадағы компанияның басты офисінде мерекелік салтанат жалғасты. Онда компания президенті Асқар Мамин бірқатар еңбеккерге салаға сіңірген сүбелі үлестері үшін «Құрметті теміржолшы» атағы белгісін тапсырды.

Мереке қарсаңында 680 теміржолшы даңқты еңбектері үшін түрлі марапаттауларға ие болды.

Теміржолшылар кәсіби мерекелерін толайым табыстармен қарсы алды. Биылғы жылдың алғашқы жартысында жүк айналымы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,3 пайызға, жолаушылар айналымы 5,1 пайызға, саланың таза табысы 39 пайызға, поезд қозғалысы қауіпсіздігі деңгейі де едәуір өсті.

Соңғы жылдары темір жол көлігі серпінді дамып келеді. Сала мамандары мен еңбеккерлері Үдемелі индустриялық –инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға белсенді қатысып, тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алуда қазақстандық үлесті 80 пайызға дейін жеткізіп, оны қазақстандық әлеуметтік дамудың индикаторына айналдырды.

Қазақстан теміржолының қатысуымен жоғары технологияға негізделген локомотивтер мен вагондар және құрал –жабдықтарын, қосалқы бөлшектерін шығаратын өндіріс орындары бой көтеруде. Жетіген –Қорғас, Өзен -Түркіменстанмен мемлекеттік шекара жаңа құрылыс нысандары Қазақстанның транзиттік көлік әлеуетін еселеп арттыратын болады.

Көлік және байланыс қызметкерлері күнін ұлттық компанияның барлық филиалдары мен бөлімшелерінде тойлауда.

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының күре тамыры саналатын темір жол саласының барлық еңбеккерлері қазіргі табыстарына тоқмейілсімей, болашаққа тың жобалармен кірісіп кеткен.

«Қазақстан темір жолы» Баспасөз қызметі






Консультативтік кеңесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ жарты жылдық қорытындылары бойынша есебін тыңдады

Бурабай курортында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бұрынғы және қазіргі басшыларынан тұратын Консультативтік Кеңес отырысы басталды. Республика аймақтарынан келген темір жол көлігінің 15 ардагері ұлттық компанияның алғашқы жарты жылдықтағы есебін тыңдап, стратегиялық мәселелер бойынша ақыл кеңес беріп, бір жағынан денсаулықтарын да түзейді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті жанындағы Консультативтік Кеңес темір жол көлігіндегі дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, бұрынғы басшылардың бай тәжірибесін өндіріске тиімді пайдалануды көздейді.

Тамыздың бірінде ардагерлер алдында «Локомотив» АҚ президенті, тамыздың 2-сінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ жетекшісі, тамыздың 3-інде компанияның филиалдары - «Тасымалдау үдерісі дирекциясы» мен «Магистральдық желі дирекциясы» басшылары есеп береді.






ҚТЖ жарты жылдықтың қорытындысын шығарды: барлық жоспарлы көрсеткіштер артығымен орындалды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2011 жылдың алғашқы жартысындағы темір жол көлігі жұмысының қорытындысы мен екінші жарты жылдыққа арналған тапсырмалар жөнінде кеңес өткізді. Белгіленген мерзімде компания барлық көрсеткіштер бойынша міндеттемелерін орындады.

Темір жолдағы жүк айналымы жоспардағы 103,54 млрд. т-шм орнына 105,25 млрд. т-шм неттоға орындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,3 пайызға асыра орындалып, 2,32 млрд. т-шм нетто құрады.






Түркияда тынығуда

Шілденің бірінен бастап теміржолшылардың балалары Түріктің Алания қаласында тынығуда. Жылыжаққа саяхатты «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің балаларына былтыр Болгарияға ұйымдастырылған болатын. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі басқарма қызметкерлерінің қамқорлығымен станциялар мен жол айырықтарындағы еңбеккерлердің балалары он күндік сапар шегеді. Олардың Түркияға бару маусымы тамыздың 22-сіне дейін жалғасады.

Түркияда тынығуға бет алған балаларды «Банана клаб» балалар мен жастар орталығы қарсы алады. Алания қаласының іргесінде орналасқан лагер өз алдына үлкен қалашық. Онда балаларға арналған екі үш орындық жайлы нөмірлер, мейрамханада дәмді тағамдар, бассейн, теннис корты, баскетбол, футбол, үстел тениисіне арналған спорттық алаңдары бар. Төрт бар, дискотека, караока қамтылған.

Балалармен тәжірибелі педагогтер түрлі саладағы шығармашылық мүмкіндігінің ашылуына ықпал етеді. Күн сайын тақырыптық « Нептун күні», «Не? Қайда? Қашан?», «Инттеллект –казино», «Жұлдыздар фабрикасы» деген секілді толып жатқан қызықты ойындар мен қойылымдар өткізіледі. Бірқатары яхтамен саяхаттап, рафтинг, аквапарк, түрік моншасына барып рахаттанады.

Саяхаттың танымдық бөлігінде мәдени археологиялық ескерткіштерді аралау, түрік салты, дәстүрімен танысу көзделген.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлерінің балаларын осындай жазғы демалысқа жіберу жылда ұйымдастыратын Әлеуметтік жұмыстар басқармасының маңызды шарасы болып табылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Әркімнің таңдау құқығы бар

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ –ындағы «НұрОтан» ХДП бастауыш ұйымында «Магистральдік желі дирекциясы» филиалының бір топ мамандарына партия куәліктері тапсырылды.

Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ындағы бастауыш партия ұйымында 1194 еңбеккер мүше болатын. Ұлттық компанияда 25 партия тобы қызмет етеді. Бұл республика орталығы - Астана қаласындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Ал, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ –ында партиялық құрамы жөнінен ең көбі «Магистральдік желі дирекциясы» филиалы. Мұнда қазір «НұрОтан» ХДП мүшелері соңғы лекті қосқанда 243-ке жетті.

- Қазір Ұлттық компанияның филиалы- «Магистральдік желі дирекциясында» партия ұйымының белсенділігі жоғары. Жалпы компанияда ұйымның қызметі күшейіп келеді. Жақында Астанадағы «Локомотив құрастыру зауытының» инженерлері мен мамандары партия қатарына өткен болатын. Міне осылай әрқайсыңыз жүрек қалауыңызбен шешетін мәселе бұл. Әркімнің таңдау құқығы бар. Президенттің бағытын қолдап қуаттайтын партия қатарына қабылданғандарыңыз құтты болсын!,-деді алғысөзінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастауыш партия ұйымының жетекшісі Асхат Акчурин.

«Магистральдік желі дирекциясының» партия қатарына қабылданғандардың барлығы жоғары білімді білікті мамандар екен. Сәуле Баймолдаева, Гүлжан Жалмұқанова, Сырбай Қадырсызов, Тұрлыбек Қасымбеков, Жәнібек Тайжанов, Баян Мұздыбаевалар бір саланың құлағын ұстаған басшылар ғана емес өз орталарына сыйлы мамандар.

Салтанатты сәттен соң су жаңа партия мүшелері қалыптасқан дәстүр бойынша ұжымдық суретке түсті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта