Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

Жаңа оптикалық талшықты желі іске қосылды

ҚР Ақпарат және байланыс министрі Асқар Жұмағалиев пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин 4000 шақырымдық жаңа оптикалық талшықты байланыс желісін іске қосты. Ол транзиттік және республикаішілік темір жол тасымалын сенімді ақпаратпен қамту арқылы бәселестікке сәйкестігі әлеуетін жоғарылатады.

Оптикалық талшықты байланыс желісі республика темір жолының Астана-Павлодар –Семей-Ақтоғай (1308шм), Шу-Арыс (Сарыағаш арқылы Өзбекстан шекарасына шығу)-Қызылорда- Қандыағаш (2067шм); Көк- Жаңаесіл (Пресногорков станциясына шығу) –Қостанай (576шм) өңірлері арқылы стратегиялық желілерін басып өтеді. Барлығы төрт мың шақырымға жуықтайды.

Тасымалдауды басқару орталығында байланыс желісін ҚР Ақпарат және байланыс министрі Асқар Жұмағалиев пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин іске қосты.

- Мемлекет Басшысы біздің алдымызға 2015 жылға дейін жергілікті телефон байланысын жүз пайыздық көлемде сандық жүйесіне қосуды және әрбір қазақстандықты Интернетпен қамтуды тапсырған болатын,- деп атап өтті салтанатты сәтте А. Жұмағалиев.- Алғашқы сандық желіні іске қосу осы мақсаттың бастапқы қадамы. Аталмыш магистральдық желіні іске қосу темір жол бойындағы елді мекендерді соңғы үлгідегі байланыс жүйесімен қамту арқылы еліміздің телекоммуникациялық нарығын байыта түседі.

Байланыс желісінің құрылысын ҚТЖ еншілес кәсіпорны – «Транстелеком» АҚ 2010 жылдың алғашқы жартысында бастаған болатын. 2011 жылдың тамыз айында құрылыс жұмысы аяқталып, жалпы ұзындығы 3951 шақырымдық желі пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ кепілдігімен «Транстелеком» АҚ есебіне Еуропалық қайта құру және даму банкісінің несиелік заемімен қаржыландырылды.






Инновациялық бастамашылыққа қолдау

Астанада ҚТЖ бас офисінде «Ой өрістен - өркендеуге» атты инновациялық форумы өткізілді. Оған барлық жол бөлімшелері, филиалдар мен еншілес кәсіпорындардан 800-ден астам делегат қатысты. Форум аясындағы көрмеге өндіріске енгізілген рационализаторлық еңбектер мен тың ұсыныстар қойылды.

Форум мақсаты – теміржолшы жаңашыл жанға өндірісте қолайлы ахуал орнатып, әрбір еңбеккердің жұмыс барысында талантының барлық қырын ашуына, сол арқылы өндіріс тиімділігін арттырып, шығын көлемін азайтуға ұмтылысына қолдау көрсету.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин көрмеде теміржолшы рационализаторлардың ондаған жобалары, ұсыныстарымен танысты. Оның барлығы теміржолдың әртүрлі саласын қамтиды. Жаңашылдардың үздіктері Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналатын «20 жыл қорытындысы» 1-ші республикалық инновациялық форумы бағдарламасына енгізіледі.






Жоғары көрсеткіш

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ының құрама командасы спортшы –теміржолшылардың Халықаралық Одағы аясындағы баскетболдан турнирде Бельгия мен Индияның командаларын ұтты. Бұл 2010 жылы осы Одаққа мүше болған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрама командасы халықаралық жарысқа тұңғыш рет қатысып отыр.

Турнирдің алғашқы күні қыркүйектің 10-ында ҚТЖ баскетболшылары Бельгияның құрама командасын 77:41 етіп ойсырата жеңді. Индиялықтарды да 82:79 етіп ұтты. Турнирлік кесте бойынша қыркүйектің 18-іне дейін 12 кездесу өткізеді. Халықаралық турнирге Қазақстан, Бельгия, Болгария, Германия, Греция, Индия, Польша, Люксембург командалары қатысуда.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ құрама командасы тәжірибелі бапкердің үйретуімен Астана түбіндегі Мичурин селосында қалпына келтіру орталығында спорттық жаттығуларын жасады.

Бүгін ҚТЖ командасы Франция теміржолшыларымен кездеседі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі 






ҚТЖ делегациясы инновация жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері «1520 темір жол көлігі кеңістігіндегі инновациялық даму және техникалық реттеу» конференциясына қатысты.



Бұл шара Мәскеу түбіндегі Щербинка қаласында «EXPO 1520» темір жол техникалары мен технологияларының үшінші халықаралық салоны ашылғанның ертеңіне өткізілді.

Конференцияға Ресей, Белоруссия, Украина және темір жол техникаларын шығаратын кәсіпорындар қатысты.

Конференцияға қатысушылар алдында «Темір жол техникалары кәсіпорындарының бірлестігі» НП вице-президенті Владимир Матюшкин сөз сөйледі. Оның айтуынша, теміржолдағы инновациялық техниканы дамыту кез-келген елдің экономикасының қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан бұған барынша қатты назар аударылуы керек. Конференцияда Достастық елдері темір жолдарын дамытудың барысы оның құқықтық базасын жетілдіру, саланы инновациялық дамыту туралы айтылды.

Темір жол әкімшіліктерінің өкілдері өздерінде жасалған жаңа техникаларды өндіріске енгізу турасында баяндады. Жылжымалы құрамды және жүк тартым күштерін өндіріске енгізу арқылы жеткен сапалық және экономикалық тиімділіктерді саралады. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар Кедендік Одақ аясында техникаларды аккредитациядан өткізу мәселесін де қозғады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Техникалық саясаты департаментінің Бас менеджері Жақсыбай Исмайлов «Инновациялық өнімдерді техникалық регламенттеу мен дәйектеудің ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасады. Оның айтуынша, техникалық құрылғыларды өндіріске енгізудегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету алдымен қарастырылады. ҚТЖ өкілі әріптестеріне Эволюшн сериясындағы тепловоз өндірісі мен инновациялық жобаның халықаралық тәжірибесін түсіндірді. Франсуздың Альстом, Ресейдің Трансмашхолдинг компанияларымен бірлесіп электровоз және испандық «Patentes Talgo» компаниясы технологиясы бойынша жолаушылар вагонын шығару барысымен таныстырды.

Конференция соңында әріптестер бір-біріне табыстар тілеп, алдағы уақытта да инновациялық саладағы қарым-қатынастарының өрістей түсетіндіктеріне сенім білдірді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі 






Мәскеуде «EXPO 1520» салоны ашылды

Бүгін Мәскеу түбіндегі Щербинка қаласында «EXPO 1520» темір жол техникалары мен технологияларының үшінші халықаралық салоны ашылды.

 Бұл көрмеге «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ «Эволюшн» сериясы бесінші буынының тепловозын ұсынды. Төрт күнге созылатын конференция шараларына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы, филиалдары мен еншілес кәспорындарының өкілдері қатысуда. 

Көрмеге әлемнің жиырмадан астам елдері 400-ге жуық техникаларын қойды. Экспозиция алаңы бұдан үш жыл бұрынғыдан екі есеге өскен. Динамикалық даму экспозициясына қазіргі темір жол техникаларының соңғы үлгілері қойылған. Мұнда Ресей, Қытай, Испания, Франция елдерінің жақсы қырынан танылған локомотивтері, пойыздары мен түрлі құрылғылары орын алған.

Салонның алғашқы күні Бүкілресейлік темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік айналма жолында темір жол техникаларының парады өткізілді. Онда «Winhoff» компаниясы пневматикалық машинасы, ЭП20 электровозы, ТЭМ –ТМХ тепловозы, ТМВ-1 вагон тартымы модулы басқа да темір жол көліктерінің жаңа үлгілері көрмеге қатысушыларды қызықтырды.

- «EXPO 1520» көрмесінен Сіздер таяу арада әлем темір жолының дамуында қандай өзгерістер болатындығын өз көздеріңізбен көре аласыздар,-деп атап өтті «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті Владимир Якунин салонның ашылу салтанатында.

 Салонның екінші күні 1520 кеңістігіне қатысушы темір жол әкімшіліктері бас инженерлері Кеңесінің отырысы ашылады. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаров қатысады. Аталмыш шарада теміржол темір жол көлігін жаңғырту мен темір жол ұйымдарының өзара қарым-қатынасын жетілдіру жайлары қаралады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі 






Көңіл айту жеделхатын жолдады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті, Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті Владимир Якунинге Ярославль облысындағы авиаапатқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. 

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басшылығы мен ұжымының, қазақстандық барлық хокекей жанкүйерлерінің «Локомотив» негізгі құрамының, жаттықтырушыларының, дәрігерлері мен қызметшілерінің әуеапатында қайғылы қазаға ұшырауына байланысты қайғырып көңіл айтады.

Қайтыс болғандардың жақындары мен туысқандарының қайғысын шын жүректен бөлісеміз.

«Ярославльдің «Локомотиві» Құрлықтық хоккей лигасының жарқын командаларының бірі, ҚХЛ финалисі, үш дүркін Ресей чемпионы болып, шынайы өнердің үлгісін көретті.

Осы команданың жарқын спорт жеңістері, оның ойыншыларының қайталанбас мәнері қазақстандық теміржолшылардың, жанкүйерлердің, спорт сүйер қауымның есінде мәңгі сақталады», - делінген жеделхатта.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Қорғастағы көшпелі штаб отырысы

Алматы облысында ҚР Премьер министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің қатысуымен «Қорғас» халықаралық шекаралық кеден бекеті орталығын (ХКБО) дамыту мен Жетіген –Қорғас темір жол желісінің құрылыс барысы туралы көшпелі штаб отырысы өткізілді. 

Штаб отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Кеден комитеті, шекаралық қызмет, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Алматы облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар Қорғас кеден бекетінің нысандарын аралады. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалары барысында ҚТЖ-ның логистика жөніндегі вице-президенті Ерхат Есқалиев баяндады.

Штаб қатысушыларына Алтынкөл станциясындағы құрылыс нысандары туралы ҚТЖ қамту жөніндегі вице-президенті Ерік Сұлтанов әңгімеледі. Штабтағылар Пиджим селосындағы жаңа желіде жұмыс жасаушыларға арналған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды көріп танысты. Селодағы тұрғын жайлар туралы толық ақпаратты «Базис» ҚК» ЖШС басқармасының төрағасы А. Белович жасады.

«Қорғас» шекаралық кеден бекеті ҚР Мемлекет Басшысы мен ҚХР арасындағы уағдаластыққа сай жасалған ірі жоба болып табылады. Бұл жоба екі ел арасындағы транзиттік әлеуетті дамытуға арналған Батыс Еуропа –Батыс Қытай құрлықаралық көлік дәлізі жобасын жүзеге асырудың бір парасы.

Бұған дейін айтылғандай, «Қорғас» ХКБО Мемлекет Басшысының 2016 жылға дейін Қазақстанды Орталық Азия аймағының сауда, логистикалық және іскерлік ХАБ-ы жасау жөніндегі тапсырмасына орай Үкімет шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ- ның басқаруына сеніп тапсырылғанды.

«Қорғас» ХКБО ҚР көліктік –логистикалық дамыту жүйесінің маңызды бір бөлігі болып саналады. Қазақстан мен Қытайдың арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің маңызды бөлігі ретінде орталық «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» жүйесіне кірсе, оның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ құзырына енді. Осыған орай компания сенімді басқаруға ғана ие болып қоймай, орталықтың кешенді түрде институционалды дамуына ықпал етеді. «Қорғастың» дамуына бұрынғыдай республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, оның әкімшісі болып Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады. ҚТЖ мемлекеттік ықпалдасқан көліктік логистикалық оператор ретінде Жетіген –Қорғас темір жол желісінің құрылысында екінші шекаралық бекетті және Алтынкөл станциясы жобасын жүзеге асырады.

Болашақта Үкімет «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жобасында сауда, көліктік-логистикалық, индустриялық және іскерлік алаңын жүзеге асырмақ. Таяу жылдарға жоспарланған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы аясында басталып кеткен автокөлік құрылысы теміржолмен қатар тағы бір болашағы зор желінің іске қосылатындығынан хабар береді. Бұл жобалар Қазақстан экономикасының транзиттік әлеуетінің өсуіне бұрынғыдан да зор серпін береді. Кедендік Одақ аясында жүк тасымалдауға көршілес елдердің барлығына бірыңғай мүмкіндік әпереді. Қытаймен екі арада экономикалық, мәдени, туристік қарым-қатынастың жаңа көкжиегін ашады. Оған қоса жеке инвестициялар тартуға, экспортты дамытуға, жаңа рыноктардың ашылуына, тұрғындардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайының көтерілуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.

Анықтама: Көліктік логистиканы дамыту - Мемлекеттік үдемелі индустриялық бағдарламаны жүзеге асырудағы Қазақстанның көлік саласындағы басымдықтардың бірі.

ҚР Үкіметі көліктік –логистикалық жүйені дамыту мәселесін үйлестіруші етіп ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігіне жүктеді. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ көліктік-логистикалық оператор болып табылады яғни, осы саланың институционалдық дамуына және оперативті үйлестіруіне жауапты. ҚР Үкіметі қаулысымен логистикалық жүйені дамытудың ведомствоаралық комиссиясы құрылып, оған еліміздің транзиттік әлеуетін өсіре түсу тапсырылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ жастар саясаты республика ауқымында оң тәжірибе

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару және әлемуеттік мәселелер жөніндегі вице-президенті Асхат Акчурин «Тәуелсіздіктің 20 жылы: Қазақстан Республикасындағы адам капиталының болашағы мен сапасы» атты халықаралық 2-ші конференциясында «Жастар саясаты материалдық емес құндылықтарды басқару» тақырыбында баяндама жасады. 

Конференция Астанада «НұрОтан» ХДП ұйымдастыруымен Тәуелсіздік сарайында өткізілді. Пленарлық отырысына «НұрОтан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин, Премьер министрдің орынбасары Ербол Орынбаев, Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қатысты.

Секциялық отырыста баяндама жасаған Асхат Акчурин «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ының еліміздің индустриялық инновациялық бағдарламасында жетекшілік рөл атқаруы темір жолдың кадр саясатында өзіндік қолтаңба қалдырады. Әсіресе, компанияның төрттен бірін құрайтын жігерлі жастармен жұмыс ерекше әсерлі.

2009 жылдан бастап ҚТЖ Жастар саясатын жүзеге асыру арқылы олардың таланты мен тәжірибелерінің шыңдала түсуіне барынша қолдау білдіріп келеді.

ҚТЖ президенті жанында барлық жол бөлімшелерінде Жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

ҚТЖ –да жылма-жыл «Сен болмасаң, Кім?» атты жастар лагерінің сессиялары өткізіліп келеді. «Жастар-темір жол болашағы» атты республикалық, аймақтық форумдар өткізілуде. Соның нәтижесінде мыңдаған жастар жаңа бағдарламалармен танысты. Авторлық жобаларын қорғады. Бүгінде екі жеңімпаздың жобасы компанияда өндіріске енгізілді. Оларды жасаушыларға ҚТЖ президентінің магитратурада оқуын жалғастыру жөніндегі арнайы гранты берілді. Бақса да үздік жобалардың авторлары білімін жетілдіруге жолдама алса, белсенді төртеуі лауазымы жоғары қызметке көтерілді.

30 жас теміржолшы «TEMPUS IV» халықаралық жобасының магистрі дипломдарына ие болды.

Компанияда өзін-өзі жақыс қырынан көрсеткен 90 жас теміржолшы кадрлық резервке қойылды. Олар лауазымды жқызметтерге өсуде басымдыққа ие болады.

«НұрОтан» ХДП бастауыш ұйымы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты кеңесі ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға, жетім балаларға арналған түрлі акцияларда белсенділік көрсетіп келеді.

ҚТЖ жастары компанияның өзекті мәселелеріне арналған инновациялық жобаларына барынша тартылған. ҚТЖ-да арнайы автоматтандырылған «Система 4і», «Ақпараттық инновациялары идеялар инкубаторы» жастар жобаларының жүйесі жасалған. Бұған қызметкерлерді барынша көбірек тартуды жолдары қарастырылып жатыр.

Жас еңбеккерлердің арасында тығыз қарым-қатынас орнату үшін әлеуметтік интерактивтік «Жас темір.кз» желісі де бар.

Осындай кешенді шаралар нәтижесінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ жастар қатарын жігерлі қызметкерлермен толықтырып, болашақ тәжірибелі басқарушыларды шоғырын қалыптастыруды көздейді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті Асхат Акчуриннің баяндамасын конференцияға қатысушылар қызығушылықпен тыңдап, компанияның тың тәжірибелерін жылы қабылдады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Клайпеда –Алматы контейнерлік пойызы жолға шығады

Қазақстан Литва қыркүйектің 15-інен Алматы –Клайпеда арасында контейнерлік пойыз жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құрады. 

"Біздің үкіметаралық комиссия екі ел арасындағы тығыз қарым –қатынс орнату үшін Литва (Клайпеда) – Қазақстан (Алматы) аралығында тұрақты контейнерлік пойыз ұйымдастыруды қолдап отыр»,- дейді дүйсенбі күні Астанада өткізілген қазақстан – литва үкіметаралық сауда –экономикалық комиссиясының 7-ші отырысында СІМ жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев.

Біздің тараптарға қыркүйектің 15-іне дейін Қазақстан мен Литваның мемлекеттік органдары, компания, қауымдастықтары, темір жол әкімшіліктерінің өкілдерінен бірлескен жұмыс тобын құруды тапсырды,-дей келіп Р. Жошыбаев биылғы қарашаның 1-іне дейін аталмыш пойыздың жүру бағдарын шешуді, келісімдерді жасауына өкілдік беретін болады.

Өз кезегінде Литва экономика министрі Римантас Жилюс журналистермен кездесуінде бұл мәселенің екі тарапқа да маңызды екендігін атап өтті. Өйткені Литва кәсіпкерлері Қазақстан бағытына тура контейнерлік пойыздың жүруіне мүдделі.

Қазақстан ІІМ мәліметіне қарағанда, Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы 2010 жылы

$176,5 млн құраса, ол меже биылғы жылдың алты айында $150,4 млнға жеткізілді.

Интерфакс- Қазақстан, қыркүйектің 6-сы






«Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жолмен жүк тасымалдау қызметіне жеңілдіктер енгізеді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап темір жолмен жүк тасымалдау қызметіне 30-дан 70%-ға дейін жеңілдіктер енгізеді. Мәселен, 15 тонна жүкбагажын Қазақстан шекарасында 1000 шақырым қашықтыққа тасымалдау құны жеңілдіксіз – 807227 теңгені, жеңілдікпен – 398232 теңгені құрайды.

Икемді тарифтік саясат жүк тасымалының тиімділігін арттыру және оған қызығушылық таныту мақсатында іске асырылды.

Жүк тасымалы жүктерді темір жол көлігі арқылы тасымалдаудың ең тиімді тәсілі болып табылады. Негізгі артықшылықтар – көрсетілетін қызмет түрінің бағасы мен сапасындағы арақатынастың тиімділігі, жылдам жеткізу, қауіпсіздік, қызмет көрсету ауқымының кеңдігі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ инфраструктурасы дамыған және маршруттар жүйесі нақтыланған. Жүк тасымалы жолаушылар пойыздары арқылы жүзеге асырылады. Вагондардың жүк көтерімділігі - 20 тонна. Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 32 жүк вагоны 15 маршрут бойынша қатынайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жүк жөнелтушілер мен экспедиторлық компанияларды серіктес болуға шақырады.

«Жолаушылар тасымал» АҚ

баспасөз қызметі

тел. 8 (7172) 600171, 600198

www.temirzholy.kz






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта