Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

ҚТЖ жүк айналымы бойынша жоспарды асыра орындауда

«Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ 2012 жылдың наурыз айында пайдалану қашықтығындағы таза жүк айналымы бойынша жоспарды 13%-ға асыра орындады. Ол 642,63 млн.т.-ш. құрады (тәуліктік орташа мөлшері).

Бұл көрсеткіш 2012 жылдың І тоқсанында жоспардан 18 %-ға асып түсіп, 58 577,2 млн. т-ш. құрады.

2011 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда эксплуатациялық жүк айналымы 13%-ға артқан.

«Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ тәуліктік орташа жүк тиеуі 2012 жылы жоспардан 2,6%-ға асып, 718 мың тонна болды.

Жалпы алғанда компанияда 2012 жылдың 3 айында жүкті тиеу жоспардан 2,5 %-ға асып, 1 599, 6 абсолютті мың тоннаны құрап отыр. 2011 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда компания бойынша жүк тиелімі 6,5 %-ға өскен.

Эксплуатациялық көрсеткіштердің өсімі тәулігіне жүк тиеуге арналған вагондардың көбеюімен және жүк артылған вагондарды қабылдап алумен байланысты.

Анықтама үшін:

Пайдалану қашықтығындағы таза жүк айналымы (NET FREIGHT TURNOVER) –нақты қашықтықты ескергендегі көліктің жүк тасымалдау жөніндегі жұмысының көрсеткіші. Машинистің бағыт-бағдары мәліметінің -  пойыздың нетто массасын учаскенің эксплуатациялық ұзындығына көбейту негізінде анықталады.


«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






ЕО өкілдеріне біріккен жоба таныстырылды

Еуропалық Одақ делегациясы, Қазақстандағы Испания Елшілігі мен ҚР СІМ өкілдері Астанадағы Локомотив құрастыру және «Тұлпар-Тальго» зауыттарын аралады.

«Patentes Talgo» испан комнаиясының технологиясымен жолаушы вагондар шығаратын кәсіпорын 1986 жылдан бастап Еуропалық Одақтың мүшесі атанған Испания мен Қазақстан арасындағы экономикалық қатынастарды нығайтып отыр.

 Испания соңғы жылдары өзге де батыс компаниялары сияқты бірлескен кәсіпорын құрып, Қазақстан сынды елдердің индустриалды дамуына ықпал жасап, шетелге өз технологиясы мен тәжірибесін үлгі етуде.  

Еуропалық Одақ өкілдері 2011 жылдың 9 желтоқсанында ашылып, 2012 жылдың 11 сәуірінде өзі құрастырған құрамды сынақтан өткізуге жөнелткен зауыт цехтарын аралады.

Зауыт қонақтары цехтарының жабдықталуы  мен құралдарының жұмысына мән беріп, зауыт жобалары бойынша кеңес беретін, оның жобалық қуаттылығына үлес қосып жатқан испан мамандарымен тілдесті.

Делегацияны бастаған зауыттың бас инженері Олег Русаков Еуропалық Одақ пен Испания өкілдерін «ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушы жылжымалы құрамын жаңарту және қозғалыс жылдамдығын арттыру жоспарымен таныстырды. Оның пікірінше, бұл ретте «Тальго» вагондарының атқарар рөлі ерекше.  

Испан фирмасының пойыздары Қазақстандағы қозғалыс жылдамдығын бұрынғыдан да жеделдете түсуге ықпал жасады. 2003 жылы Астана-Алматы, Алматы-Шымкент арасында «Тальго» жүрдек пойыздары қатынай бастады. Кейіннен Алматыда дәл осы вагондарға техникалық қызмет көрсететін бөлімше құрылысы басталған.

Астанада инвестиция көлемі 80 млн АҚШ долларын құрайтын  ҚТЖ мен «Тальго» зауытының салынуы – үлкен мультипликативті әсері бар ең ірі жоба. Соңғы кезеңде зауыттағы қазақстандық үлестің көлемі құрама бөлшек пен материалдар бойынша 56 %, ал өнімге жұмсалған еңбек күші бойынша 75 % құрайды. Зауытта 366 жаңа жұмыс орны ашылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






Қызметкерлердің білімін ұштау – компания дамуының кепілі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 10 000-ға жуық қызметкерлері 8 жылдың ішінде қосымша білім алады. Бұл – Компанияның 2020 жылға дейін қызметкерлерге білім беру бағдарламасының мақсаты.

ҚТЖ даму стратегиясын 2020 жылға дейін жүзеге асыруға тек техникалық салада ғана емес, басқару саласындағы өз ісін жетік меңгерген мамандар қажет. Өндірісті жаңашаландыру, теміржол көліктерін шығаратын зауыт ашу, тасымалды автоматтандырылған басқаруға көшу – осы және өзге де қазіргі заманғы үдерістер тиімді менеджменттің басқаруында болуы тиіс.

Былтырғы жылдардың оқыту тәжірибесін ескере отырып, 2012-2020 жылдарға арналған жаңа оқу бағдарламасының шеңберінде бірнеше бағытта жоспар құрылған: әлемнің жетекші оқу орындарының оқытушылары мен темір жол сарапшыларын тарта отырып, басшыларға модульді білім беру, шетелге магистратура бағдарламасы бойынша оқуға жіберіп,  тағылымдама, тренингтерге, тілдік курстарға қатыстыру.

Модульді білім беру (әр пән курсы бірнеше күнге созылады) орталық аппарат пен аймақтардағы 3 500 басшыны қамтиды деп жоспарлануда.  2012 жылы маусым мен қыркүйек айларының аралығында компания мен оның филиалдарының басқарушы қызметкерлері, оның ішінде жол бөлімшелері мен магистральдық желі директорлары білім алады. Қыркүйектен қараша айына дейін 50 қызметкерге шетелде тренинг пен тағылымдамалар ұйымдастырылмақ.

Модульді білім беру Астанада жаңа Оқу орталығының ашылған соң жүргізіледі.     Білім берудегі басым бағыттар – стратегиялық менеджмент, тиімділікті басқару, жобалық менеджмент, операциялық менеджмент, көшбасшылық, ұйымдасқан даму, логистика, көліктік құрылыс және т.б.

Сонымен қатар бағдарлама аясында аймақтарды қоса алғанда компания 5 мың қызметкерлерге ағылшын тілі курстары қарастырылған. 2012 жылы Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент пен Қарағанды қалаларындағы 260 теміржолшы ағылшын тілі курстарына қатысады.  

Магистратурада білім алу үшін конкурстық негізде гранттар бөлінеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






Құрметті АСУ ДКР ақпараттық жүйесін пайдаланушылар!

АСУ ДКР-дің жылдам әрі қауіпсіз жұмыс істеуі үшін жасалған АСУ ДКР-дің серверлік алаңын қайта құрудың аяқталуына байланысты 2012 жылдың 7 сәуірінен порталдың  Internet-мекен-жайы (URL) http://ASUDKR.RAILWAYS.KZ деп өзгертіледі.






Украина аумағы арқылы транзиттік тасымалдауда ҚТЖ бірінші орында тұр

Украина 5-ші Ұлттық теңіз рейтингі «Транзиттік өсім» аталымы бойынша 2011 жылдың қорытындысына орай  «ҚТЖ» ҰК» АҚ жеңімпаз атанды. Бұл туралы Одессада 16 аталым бойынша өткізілген  марапаттау салтанатында мәлім болды.

Сала кәсіпорындарының 75 басшысынан құралған сарапшылар тобы аталым жеңімпаздарын анықтады.

2011 жылы Украйна айлағы арқылы транзиттік тасымалдың 71,8 пайызын Ресей иемденсе, 20,2 пайызы Қазақстанның, 5,7 пайызы Белорустың үлесіне тиеді.

Сарапшылар транзиттік тасымалдау бойынша Қазақстанның екінші орында тұрғандығын, өсу динамикасы жөнінен бірінші орында тұрғандығын атап өтті. 2009-2011 жылдары Қазақстандық экспорт 6,35 миллион тоннадан 9,6 миллион тоннаға жеткен. Қазақстанның Украина айлағын пайдалануы экспорттық әлеуетінің зор қарқынмен өсіп келе жатқандығын көрсетеді.

Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2011 жылы қазақстандық экспорт 76,3 млрд долларды құраған. Осыдан он жыл бұрын  экспорт 8,6 млрд долларды құраған болатын.

Қазақстандық экспорттаушылар  Италия, Түркия, Бермуд аралдары, Қытай, Греция, Египет, Индия арасындағы сауда байланыстары үшін Украина айлақтарын пайдаланып келеді. Соңғы бес жылда Қазақстанның сыртқы қатынасында Ирак, Сербия, Марокко, Албания, Уганда, Бенин, Мозамбик секілді елдер пайда болды.

Украина айлағы арқылы Қазақстан экспортқа транзиттік тасымалының 83 пайызын мұнай және мұнай өнімдері (Түркия, Италия, Қытай) құрайды. Мұнайдың негізгі бөлігі Одесса порты арқылы өтеді. Ол 2011 жылы 4,8 миллион тоннаны құрады. Феодосий порты арқылы -1,67 млн. тонна болды. Қазақстанның негізгі транзиттік мұнай өнімдері Одесса порты арқылы (1,15 мың тонна) өтеді. Өткен жылы Севостополь балық портынан – 75 мың тонна, Феодосий теңіз портынан – 44 мың тонна өткізілді.

Шетелге бағытталған қазақстандық өнім жөнінен екінші орында химиялық жүктер мен сода. Ол негізінен Бермуд аралдарына Ильич порты арқылы -1,35 млн. тонна  жіберілген.    Үшінші орында қазақстандық көмір. Мариуполь порты арқылы Грецияға 224 мың тонна жіберілген.  Өткен жылы 70 мың тонна қазақстандық астық Египетке шығарылған.






Қазақстанда көліктік-логистикалық Қауымдастық құрылады

Алматыда «KAZLOGISTICS» көліктік-логистикалық қауымдастығын құрушылардың жиналысы болып өтті. Онда ұйымның жарғысы мен құрылтайшы келісім-шарты бекітіліп, Президиум төрағасы сайланып, басқа да заңды мәселелер шешілді.

«KAZLOGISTICS» қауымдастығы Елбасының Қазақстан 2016 жылға қарай аймақтың сауда, логистикалық, іскер хабы ретінде нығаюы туралы қойған тапсырмасы аясында құрылған.

Қабылданған шара әр түрлі көлік субъектілері мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауға және мультимодальді көліктік-логистикалық қызмет сапасын арттыруға септігін тигізеді.

«KAZLOGISTICS» көліктік-логистикалық қауымдастығын  құруға ниет туралы меморандумдарға Астана қаласындағы Халықаралық «Жібек жолы-2011» көліктік-логистикалық бизнес-форумы аясында қол қойылды.

Қауымдастықты  құру - мемлекет пен бизнес қауымдастық арасындағы диалог құруға, ҚР территориясындағы барлық көлік ұйымдарының басын қосуға үлес қосады. Кедендік Одақтың құрылуын ескерсек, болашақта бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде шетелдік серіктестермен ынтымақтастық арта түседі. Нәтижесінде жүк айналымы мен импорттық-экспорттық жеткізілімдердің ұлғаюы, сыртқы экономикалық байланысты қолдау, инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру, сауда –экономикалық миссияны атқаруға және серіктестікті өзара қолдау жүзеге асырылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Ұлттық көліктік логистикалық даму орталығы» АҚ, ҚР Ұлттық экспедиторлары қауымдастығы, Қазақстанның вагон/контейнер операторлары мен тасымалдаушылары қауымдастығы, ҚР халықаралық автомобил тасымалдаушылары ассоциациясы  - қауымдастықтың құрылтайшысы болып табылады.

Қауымдастық жарғысы бойынша қауымдастықтың атқарушы органынының өкілдері мен мүшелерінен тұратын Қауымдастықтың жалпы жиналысы, Қауымдастық Президиумы оның жоғарғы басқару органы болып табылады.

Бүгінгі таңда қауымдастыққа мүше болуға ниет білдіргендердің қатарында «ТРАНКО» ЖШС, Қазтеңізтрансфлот «ҰМС» АҚ, «Қазақстанның автожолшылар қауымдастығы» АҚ, «Asstra Almaty»ЖШС, «МА «Астана» АҚ, «Трансистем» ЖШС, «МА «Ақтөбе» АҚ тағы басқа 19 көліктік компаниялар бар. Жаңа қауымдастыққа көліктік логистикалық қызметті дамытудағы бизнес үдерістерді үйлестіру жүктеледі. Оның ішінде логистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, көліктік логистика саласында мемлекеттік басқару органдарымен бірлесе отырып бәсекелес ортаны құру, көліктік логистикадағы өзекті жайларды шешудегі ұсыныстарды жасау, халықаралық әріптестік секілді жайлар қарастырылады.

Қауымдастық құру әлемдік тәжірибеде бар. Мұндай құрылымдар Бельгия, Нидерланды, Индонезия, Сингапур, Корея, Ресей секілді елдерде құрылған.

«ҰКЛДО» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






Нарық талабы

2012 жылдың 1 сәуірінен ҚР-да теміржол көлігі арқылы тасымалдау тарифі 15%-ға, магистральді темір жол желісі қызметіне тариф 9,6%-ға өседі.

Тарифтердің өсуі теміржол саласының өндірістік активтерін жаңартумен байланысты болып отыр, яғни 2010 жылдың 30 қыркүйегінде Үкіметтің №1006 Қаулысымен бекітілген «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы көліктік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына» сәйкес магистральді желі, вагон және локомотив паркін қазіргі заманға сай ету қажет.

Бағдарламада ҚТЖ-ның инвестициялық қажеттіліктерінің қайнаркөзі анықталған. Ол теміржол тарифтерін жыл сайын орта есеппен 15%-ға өсіріп, салада инфрақұрылым объектілерін, локомотив және вагон парктерін 2009 жылы  87 млрд.теңгеден 2012 жылы  382 млрд. теңгеге дейін жаңарту мақсатында қарыз қаржы тарту, оны 2020 жылға дейін нормативтік деңгейге жеткізу. Бұл 2010-2011 жж. негізгі құралдардың тозуын кешеуілдетті.

Тарифтердің өсуі мен қарыз ақша тарту есебінен 2008-2011 жж. «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2 067 шақырым жолды, 15 926 жүк вагоны мен 578 локомотивті жаңартып, кешенді жөндеуден өткізді. Сондай-ақ General Electric  технологиясы бойынша Астана қаласындағы локомотив құрастыру зауыты шығарған «Evоlution» сериясының 99 магистральді тепловозы сатып алынды.

2012 жылы компания жолдың 668 шақырымына кешенді жөндеу жүргізіп, Қостанай-Железорудная учаскесінің 46 шақырым жолын электрлендіруді аяқтауды, жылжымалы құрамның 15 753 жүк вагонын және 188 локомотивін, отандық өндірістің 70 Evоlution магистральді тепловозын сатып алуды жоспарлап отыр.

Бұдан басқа Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Қазақстан Республикасының 201 жылыдң 28 маусымында  ратификацияланған №446-IV Заңы бойынша Қазақстан Республикасы, Белорусь Республикасы мен Ресей Федерациясы өзіне 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін республикаішілік, экспорттық, әр еммлекеттің ішіндегі импорттық қатынас бойынша жүк тасымалына темір жол тарифтерін біркелкілендіру міндеттемесін алған. Осылайша Ресей Федерациясында 2012 жылдың 1 қаңтарынан темір жол тарифтерәін біркелкілендіру 90%-дан асты.

Тарифтерді біркелкілендіру үдерісі республика бойынша 2006 жылы басталған. 2012 жылдың 1 сәуірінен тарифтерді өсіру шеңберінде біркелкілендірудің соңғы кезеңі аяқталуда. Оның нәтижесі бойынша темір жол тарифтерін біркелкілендіру 60%-дан аспақ.

8 түрлі жүкті тасымалдау бойынша тарифтер жартылай біркелкілендіріледі, оларды толықтай бітіру 2013 жылдың 1 қаңтарына жоспарланып отыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






Словакия тәжірибесі - ҚТЖ-ға үлгі

Словакия Республикасы темір жолдары мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегацияларының темір жол көлігін реформалау, инфрақұрылым мен қызмет көрсетуді дамыту, транзиттік жүк ағынын ұлғайтуда тәжірибе алмасу бойынша кездесуі болып өтті.

Географиялық алшақтық пен бірлескен жобалардың жоқтығына қарамастан, Қазақстан мен Словакия темір жолдарының екіжақты ынтымақтастығын жолға қоюға барлық негіз бар.

Еуропалық Одақтағы ең ұзын Словакия магистральдары инфрақұрылым, жүк және жолаушылар тасымалы секторларын холдингке айналдыру реформасын бастан кешірген.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға сол сияқты мақсатты модельді жүзеге асыру қалды. Бұл туралы келіссөз барысында корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директор Еркін Жусанбаев хабарлады. ҚТЖ өкілдері қайта құру мен реформалаудағы Словакия темір жолдарының (СТЖ) тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Екі тарап бір-біріне негізгі даму жобалары, үдемелі индустрияландыру мен өндірістік көрсеткіштерін таныстырды.

Бүгінгі таңда ғаламдық экономика екі ел темір жолдарына ұқсас міндет қойып отыр. Оның ішінде көрші мемлекеттердің магистральдарына шығу мүмкіндігі бар жаңа желі құрылысы есебінен транзиттік тасымалды дамыту, қозғалыс жылдамдығын өсіру.  

Шетелдік әріптестер Қазақстан Республикасындағы теміржол көлігін шығаратын кәсіпорындар мен жаңа темір жолдарының қарқынды құрылысына тәнті болды. Алдыда тұрған ұқсас мәселелерді шеше отырып, шетелдік әріптестер мұндай шаруаны бұдан да ұзақ мерзімде орындайды.

Сонымен қатар, ҚТЖ СТЖ-ның мемлекеттік бюджеттік бағдарламаларға қатысатындығына қызығушылық білдірді. Осылайша мемлекеттік субсидиялар СТЖ қарызын түбірімен жойып, бүгінде олардың шығынсыз жұмыс істеуіне жағдай туғызды.

СТЖ Бас директоры Владимир Люптак бастаған Словакия делегациясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен қайта қрұру жағынан болсын, Азия-Еуропа бағытында жүк тасымалын ұйымдастыруға бірігіп қатысуға ниет білдірді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






ҚТЖ басшысы Асқар Мамин ҚХР темір жолы вице-министрі Ху Ядунмен кездесті

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Асқар Мамин Пекинде ҚХР темір жолы вице-министрі Ху Ядунмен кездесті.

Екі тарап 2011 жыл мен 2012 жылдың алғашқы 2 айындағы Достық-Алашанькоу шекаралық темір жол өткеліндегі жұмыс қорытындысын талқылады.

2012 жылдың қаңтар-ақпанында  Достық-Алашанькоу арқылы экспорттық және импорттық бағытта 2 357 774 тонна жүк тасымалданды. Бұл 2011 жылдың дәл осы мерзіміне қарағанда 10%-ға жоғары. Өткел арқылы 2012 жылы барлығы 17,5 млн.тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр.

Одан бөлек теміржол әкімшіліктері басшылары жаңа шекаралық Алтынкөл-Қорғас теміржол өткелін ашу мүмкіндігін қарастырды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






ҚТЖ Наурыз тойын тойлады

 «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ Есіл ауданының әкімшілігі ұйымдастырған Наурыз мерекесін Астана тұрғындары мен қонақтарымен дүбірлетіп өткізді. Хан Шатырдың алдындағы махаббат алаңында орын тепкен ауыл арасынан теміржолшылардың екі киіз үйі кең қанат жайды.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ  филиалы «Шаруашылық басқармасы» мен «Локомотив» АҚ тіккен ақ боз үйдің есіктері наурыз көжеден және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуға асыққан барша қонаққа ашық болды.



Ұлттық компания қызметкерлері көрермендерге салт-дәстүрге сай ұлттық ойындар мен танымдық бағдарлама ұйымдастырды. Жиналған қауым күміс көмей әнші мен күмбірлеткен күйдің даусын сүйсіне тыңдап, өнерлеріне тәнті болды. Мәселен, теміржол саласында отыз жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі теміржолшы, Астана жол дистанциясының Персонал жөніндегі менеджері Зылқия Секенқызы көнекөз қария, білікті әже ретінде немересі Жасминаны бесікке салып, «Бесікке салу» рәсімін көрсетсе, Жамалқия әжеміз теміржолшы шаңырағында тұлымшағы желбіреп өсіп келе жатқан Талғаттың талабы таудай болсын деп тұсауын кесті.

ҚТЖ-ның сыйлы қонақтарының арасында ардагер теміржолшылар да болды. Олар мерейлі мерекені тойлаған елордалықтарды Наурызбен құттықтап,  игі тілектерін жолдады.

«ҚТЖ» ҰК» баспасөз қызметі






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта