Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

Астана - Атырау бағытымен «Каспий» пойызы жолға шықты

«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Астана мен Атырау қалаларын байланыстыратын жаңа бағдарды ашты. 2011 жылдың 31 мамырынан бастап аталған бағдар бойынша №47/48 «Каспий» жаңа жолаушылар пойызы жүре бастады. Жылжымалы құрамның салтанатты рәсіміне Атырау облысының, «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ басшылығымен аймақ тұрғындары мен меймандары қатысты.






Бар жақсымыз –балаларға

Дүниежүзілік балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компания қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік шараны өткізді.

Орталық аппарат пен еншілес кәспорындардағы қызметкерлердің 14 жасқа дейінгі балалары Есілдің сол жағалауындағы әсем ғимараттың конференция залында театрландырылған көріністі тамашалады.

Астана Мәдениет басқармасының бағдарламасына орай 7-жасқа дейінгі балалар қуыршақ театрын, 14-ке дейінгілер «Ер Төстік» балетін тамашалады. Теміржолшылардың балаларымен бірге Есіл ауданында орналасқан жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері де концерт қонағы болды.

Балаларға қамқорлық ҚТЖ-ның тұрақты қадағалауында тұрған басым бағыттардың бірі. 2010 жылы Ұлттық компания балалардың түрлі шараларына 440 миллион теңге бөлді. Өткен жылы теміржолшылардың 105 баласы жазғы каникулдарында шетелдік демалыс орындарында болды. Компанияда тұрақты түрде балаларды қолдау шараларына демеушілік қамқорлық көрсетеді. «Мектепке барамыз», «Өмірді қорғау», «Қымбатты қайырымдылық» акциялары теміржолшылардың әлеуметтік жауапкершілігіне адалдығын көрсетеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Жолаушылар сұранысына орай

2011 жылдың 29 мамыры күні халықтың жайлы тасымалға сұранысын қанағаттандыру мақсатында , сонымен қатар қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында Алматы-2 бекетінен «Алматы-Шымкент» бағытындағы №11/12 «Отырар» жоғары деңгейлі жайлы жабдықталған пойызының бірінші құрамы жөнелтілді.

Вагондардың жайлылығын арттыру «ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ-ның өндірістік базасында жүзеге асырылды. Пойыз құрамын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы -«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы мен «Ырысты –АЭВРЗ» АҚ қайта жаңғыртып жасақтады.

Вагондардың сыртқы пішіні мен ішкі интерьерін дайындауда қазіргі замануи материалдар қолданылды. Вагондардың төбесі шыны пластикпен жабдықталған, ішкі есіктері «айна пластигімен» қапталған, ішкі фурнитурасы жаңартылған (газет салғыштар, ілгіштер, шалбар ұстағыштар). Вагондарда ролл-перделер орнатылған, еден жабындары ауыстырылған, сөрелері асылырақ әрі мықтырақ материалмен қапталып, ыңғайлы кеңейтілген арқалықтар орнатылды. Санитарлық тораптардың ішкі интерьері жақсартылған. Сонымен қатар, тоңазытқыш, қысқатолқынды пештер де бар.

Жатын вагондардың әр купесінде бейнекешендер орнатылған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның білікті персоналы жолаушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Пойыз бригадалары үстел үсті ойындарын ойнауды, кітаптар, газеттер мен журналдар оқуды ұсынады. Пойыз үш типті (ЖВ, купе және плацкарт) вагондардан жасақталған, сонымен қатар жолаушыларға мәзірдің алуан түрі ұсынылады, түскі ас пен кешкі асты өз купесіне тапсырыс беру мүмкіндігі жасалған. «Отырар» пойызының жолда болу уақыты – 13 сағат 42 минут. Жүру жиілігі – күнделікті.

Ағымдағы жылдың соңына дейін «Алматы-Шымкент» бағытындағы №11/12 «Отырар» пойызының екінші құрамы да жоғары жайлылықпен жабдықталады.

Қазіргі уақытта осыған ұқсас жұмыстар «Алматы-Атырау» және «Алматы-Ақтөбе» бағыттарындағы пойыздарда да жүргізілуде.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Жүк тасымалын дамыту –ҚТЖ-ның басым бағыты

Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен еншілес кәсіпорындары басшылығы жүк жөнелтушілермен жартылай ашық және жабық вагондармен жүк тасымалын ұйымдастыру кеңесін өткізді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Қанат Әлмағамбетов жүргізген кеңеске еншілес кәсіпорындар мен филиалдардың жетекшілері, жүк жөнелтуші компаниялардың өкілдері, Қазақстан вагон операторлары мен тасымалдаушыларының қауымдастығы, Ресей жүк компаниясы және экспедиторлық компаниялардың басшылары қатысты.

Қанат Әлмағамбетовтың айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2011 жылдың төрт айында жүк тиеу көлемін 102,3 пайызға орындаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға жоғары көрсеткіш. Экспортқа жүк тиеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,9 миллион тоннаға жоғары болып, жалпы көлемі 29,7 миллион тоннаға жеткізілді.

Компаниядағы вагон жетіспеушілігінің алдын алудың шаралары жасалуда. Оның ішінде, басқа темір жол әкімшіліктерінің пайдалануындағы вагондарды жедел қайтару да жүзеге асырылуда. «Қазтеміртранс» АҚ-ның филиалы «Вагон операторына қызмет көрсету орталығының» директоры Қанат Көбесовтің айтуынша, 2011 жылы вагон паркін он мыңға дейін көбейту жоспарланып отыр.

Келелі кеңесте жүк тасымалына есеп айырысуды автоматтандырудың «электрондық жүк айналымы» жүйесінің тұсаукесері өткізілді. Мұның бір қолайлылығы - жүк жөнелтуші on-line режімінде ақпараттық құжатын бір рет толтырса болғаны, жүктің тасымалдануындағы жол бойында оны бақылап отыра алады. Интернет банкинг арқылы үйден шықпай- ақ темір жол қызметімен есеп айырыса алады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ –ның ресми операторы «Қазтранссервис» АҚ өкілінің айтуынша, жылма жыл контейнермен жүк тасымалдау көлемі артып келеді.

Кеңеске қатысушылар Кедендік Одақтың темір жол саласындағы ерекшелігі, жүктерді кедендік ресімдеудің құқықтық нормативтік базасы туралы мәліметтерді білді.

Кеңестің екінші күні жүк тасымалдаудың қазақстандық ресейлік операторларының қызмет көрсету тәсілдері таныстырылды. Өз кезегінде жүк тасымалдаушылар мен экспедиторлық компаниялардың өкілдері жүк жөнелтудегі қиындықтардың алдын туралы ойларымен бөлісті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қонақтарына арнайы поез бөлінді

Бүгін Астанада 4-ші Дүиежүзі қазақтарының құрылтайы өз жұмысын бастады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Алматыдан Астанаға келетін қонақтарға мемлекет қайраткерлері, ғылыми, шығармашылық сала өкілдеріне темір жол саласы арнайы поез бөлді.

2011 жылғы мамырдың 12-сінде әлемдік құрылтайға қатысатын шетелдік және отандық қонақтарға №505/506 арнайы поезы жасақталды. Ол үшін компаниядан үш СВ, бес купелік, бір вагон дәмхана бөлінді. Барлық шығын «ҚТЖ» ҰК» АҚ демеушілік көмегімен жабылды.

Арнайы поездың жолаушылары құрамында академиктер Мұрат Жұрынов, Өмірзақ Айтбай, Серік Қирабаев, Төрегелді Шарманов, Карл Байпақов, халық әртістері Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова, «Қазақстанның Еңбек Ері» Еркеғали Рахмадиев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Тұманбай Молдағалиев, Марфуға Айтхожина, Асаналы Әшімов бастаған шетелдік делегаттарды қосқанда барлығы 225 делегат Астанаға келді.

Құрылтайға қатысушылар арнайы поездың бригадасына сервистік қызметті мінсіз көрсеткендігі үшін алғыстарын жеткізді.

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы мамырдың 27-сінде аяқталса, бірқатар делегаттар поезбен Алматыға қайтпақ.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






«ДЕНСАУЛЫҚ» САПАРДАН ОРАЛДЫ

Өткен жексенбіде Алматы -2 вокзалы станциясына арнайы мамандандырылған «Денсаулық» поезы Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі сауықтыру миссиясын орындау сапарынан оралды. Сауықтыру поезы биылғы жылғы жобаның алғашқы кезеңін аяқтап, екінші сапарға дайындалуда.

Қаңтардың 17-і мен мамырдың 22 - аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған поез 56 шағын станция мен жол айырықтарына аялдады. Осы сапарында «доңғалақты емхана» 24 мың адамды қамтыды. Жоғары білікті маман дәрігерлердің көмегіне теміржолшылар отбасы мүшелері ғана емес, алыс жол айырықтарының тұрғындары да жүгінді. Медициналық бригада станция тұрғындарын қабылдап қана қоймай, төсек тартып жатқан сырқаттардың үйлеріне барып та қызмет көрсетті. Дәрігер мамандар 173 рет шағын хирургиялық оташылық жасап, 50 мыңнан аса зертханалық сараптау жұмыстарын атқарды. Дәрігерлерге қаралған адамдардың саны 170 мыңға жетті. Яғни, әрбір адам тәулігіне 6-7 дәрігердің қабылдауында болған.

Алматы -2 вокзалы станциясында әріптестерін «Медициналық апаттың теміржол госпиталы» АҚ филиалы

- Алматы-1 темір жол ауруханасының» директоры Мұрат Қуатов қарсы алды. «Денсаулық» поезының бас дәрігері Омаржан Махмутовтың айтуынша, шағын станциялар мен жол айырықтарындағы қиын тұрмыстық жағдайларға қарамастан, дәрігерлер өздерінің біліктілігін көрсете білген.

«Өте ауқымды жұмыстар атқарылды. Жолдағы қырық күнде дәрігерге қаралаушылар тарапынан бірде-бір ескерту болған жоқ»- деп атап өтті Бас дәрігер.

Медициналық бригада атына жергілікті әкімдіктер, тұрғындар, теміржолшылар тарапынан алғыс хаттар легі түсуде. Әсіресе, кардиолог Айжарық Бейсенов, электрокардиолог Светлана Дүйсембаева, офтальмолог Құмар Серікова, УЗИ терапевті Болат Мұсабеков, Лор-дәрігері Димаш Ибраевтардың атына арнайы түскен және басқа да дәрігерлердің қызметіне адалдығы турасындағы пікірлер мол. Өз кезегінде дәрігерлерге қызмет көрсеткен теміржолшылар локомотив шаруашылығы, басқа да қызмет түрлерін тиісті бағдардан, кестеден ауытқымай тиянақты көрсетті. Барлық жол бойында поезды сумен, электр қуатымен және дәрігерлердің тұрмыстық жағдайына қажетті жағдаймен үзіліссіз қамтыды. Мұны «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Оңтүстік» филиалының Ләззат Сопиева басқарған бригадасы атқарды.

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Қазақстанның іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында көліктік медицинаның маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Теміржолшылар мен төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына орай - мемлекеттің басты байлығы адамның денсаулығы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудағы, әрбір қазақстандықтың қолжетімді дәрігерлік қызметпен қамтылуындағы, ұлт денсаулығын нығайтудағы міндетін абыроймен орындап келеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Тәуелсіздіктің 20 жылдығына - спорттық табыс

Өткен жұмада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мини футболдан сала кәсіподағының жүлдесін сарапқа салды.

Жарысқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ –дан орталық аппарат пен ардагер футболшылардан жасақталған екі команда, «Теміржолжылу», «Локомотив сервис орталығы», «Көліктік сервис орталығы», «Локомотив», «Қамқор» жөндеу корпорациясы» еншілес кәсіпорындары мен «Ақпараттық технологиялар дирекциясы» филиалы спортшыларынан алты команда қатысты.

Жартылай финалға «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппарат командасы мен «Локомотив сервис орталығы» және «Көліктік сервис орталығы» футболшылары шықты.

Жартылай финалдың ақтық ойындары мамырдың 28-29 күндері өткізіледі.

Турнирді ұйымдастырушылар болашақта Ресей темір жолының тәжірибесі негізінде Теміржолшылардың футбол лигасын (ТФЛ) құруды жоспарлап отыр. Ол арқылы Ұлттық компанияның футбол сүйер қауымының басын қосып, спорт жанашырлары қозғалысын жандандыруды көздейді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Тепловозшылар "Нұр Отан" ХДП қатарына қабылданды

Бүгін Астанадағы «Локомотив құрастыру зауытының» 62-ші тепловозды жасап шығаруымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ындағы "НұрОтан" ХДП бастауыш ұйымына жас мамандарды қабылдау салтанаты сәйкес келді. Қазақстандағы тұңғыш зауыттың 43 партия мүшесіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ындағы «НұрОтан» ХДП бастауыш ұйымы төрағасының орынбасары Науан Сарин мен «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ының президенті Марат Тілеубаев табыс етті.

Бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Науан Сағитұлының айтуынша, Ұлттық компаниядағы құрылымдық бөлімшелер мен еншілес кәсіпорындарда 25 партия топтарының құрамында 1130 мүшесі бар. Бірақ, олардың дені кеңсе қызметкерлері мен өндіріс басшылары, бөлім мамандары. Ал, еліміздегі бірден бір жаңа зауыт «Локомотив құрастыру зауытының» партия қатарына қосылғысы келетіндерінің барлығына жуығы орта буынды мамандар мен жұмысшылар. Барлығы да кілкіндей жастар екендігі қуантады.

- Бұл әрине, Ұлттық компания еңбеккерлерінің өндірістік көрсеткіштері мен саяси белсенділігін өсіріп қана қоймай, корпоративтік рухының да оянуына ықпал етті. Өткен жылдары компания партия белсенділерінің атқарған ұйымдастырушылық жұмыстары бойынша "НұрОтан" ХДП "Сарыарқа" аудандық филиалының кубогі мен арнайы дипломдарын жеңіп алды. Қазір қала бойынша ең белсенді партия ұйымы қатарынан саналады,-деп атап өтті Науан Сарин.

Өз кезегінде «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ының президенті Марат Тілеубаев қазіргі таңда жастардың зауытқа түпкілікті орналасып қалу жолында атқарылып жатқан іргелі істер мен алдағы он жылда темір жол көлігін жаңғырту мен инфрақұрылымын дамытуға қомақты қаржы бөлінетіндігін, соған орай компания жастарының жауапты міндеттер күтіп тұрғандығына тоқталды.

Ұлттық компания партия жетекшісінің орынбасары мен компания басшысы өндірісшілерді толғандырып жүрген сұрақтарға ашық та тиянақты жауаптар қайтарды.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Баспасөз қызметі тел\факс: 8(7172) 604-281, 604-284






«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ЕҚДБ қуат үнемдеу меморандумына қол қойды

Бүгін ҚР Премьер министрі Кәрім Мәсимовтың қатысуымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Томас Миров қуат үнемдеу саласындағы өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Аталмыш құжат ұлттық тасымалдаушының қуат үнемдеу және жанар-жағармайды аз тұтыну арқылы ауаға көміртегі қалдықтарын аз шығару арқылы экологиялық тұрақтылықты сақтау жөнінде ұзақмерзімді әріптестікті жағастыруға арналды.

Меморандумға сәйкес, тараптар ҚТЖ –ның қуат үнемдеу қызметін инвестициялық бағдарламасын жасап, сол жоба негізінде компанияның қызмет етіп тұрған нысандарын (жылжымалы құрамы, тартым станциялары т.т) инфрақұрылымын техникалық жаңғырту кезінде барынша қуат үнемдейтін технологияларды енгізуді көздейді.






Қарағанды жол бөлімшесінің бастығы тағайындалды.

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Персоналды басқару және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі вице-президенті Асхат Акчурин «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қарағанды жол бөлімшесі» филиалының директоры болып тағайындалған Аманбай Төлеушинді еңбек ұжымына таныстырды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Президенттің міндетін атқарушы Е. Қизатовтың 13.05.2011 жылғы № 195 бұйрығымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының директорының пайдалану жұмысы жөніндегі орынбасары АМАНБАЙ ТӨЛЕУШИН «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қарағанды жол бөлімшесі» филиалының директоры болып ауыстырылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта