Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

Қыркүйекте Астанада халықаралық жолаушылар форумы өткізіледі

Қыркүйекте Астанада халықаралық жолаушылар форумын өткізу жоспарлануда.

Бұл шешімді Мәскеудегі Достастыққа қатысушы елдердің Теміржол көлігі кеңесінің 66-шы отырысы қабылдады. Форумға Әзірбайжан, Армения, Белорус, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Грузия, Латвия, Литва, Эстония теміржол әкімшіліктері шақырылды. Жолаушылар форумы Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткізіледі.






ҚР мен ҚХР бірлесіп Еуропаға контейнерлік тасымалды үдетеді

Мамырдың 23-24 күндері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев ҚХР сапары барысында Чэнду және Чунцин қалаларының Халық үкіметі өкілдерімен кездесулер өткізді.

Чэнду қаласы Халық үкіметінің логистика және өту басқармасының бастығы Ч. Чжунвэймен Чунцин қаласы Халық үкіметінің Ақпараттандыру және экономика жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Я.Лиционмен кездесулерінде «Нұрлы жол» бағдарламасын және «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамашылығын бірлесіп жүзеге асырудың маңыздылығы аталып өтілді.






Ташкентте ТХКБ дәлізімен жүк ағынын арттыруды қарастырды

Ташкентте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Ақтау халықаралық сауда порты» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен «Транскаспий халықаралық көлік бағдары және Қазақстанның теңіз порттары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Қытай және басқа де елдердің теміржол әкімшіліктерінің, жетекші көлік-логистикалық компанияларының, дипломатиялық миссияларының, бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты.  






ҚазККА базасында британдық Көлік және логистика корольдік институты филиалы ашылады

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы жанынан британдық (Chartered Institute of Logistics and Transport- CILT) Көлік және логистика корольдік институты филиалын ашу мәселесі қаралды. Шараға етсе,  КИЛТ бас хатшысы Кейт Ньютон қатысты.






Ұлттық тасымалдаушы жазда студенттерді еңбекпен қамтиды



«ҚТЖ» ҰК» АҚ бейінді жоғарғы оқу орнының 500-ге жуық студенті ЭКСПО-2017 халықаралық арнайы көрмесі кезінде жолаушылар пойыздары жолсерігінің көмекшісі ретінде өндірістік тәжірибеден өтіп, жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Бұлардың дені М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының студенттері. Олар пойыз қозғалысы кезінде жолаушыларға сапалы қызмет ету арқылы өз біліктерін шыңдайды.






Мәскеуде Достастыққа қатысушы елдердің теміржол көлігі қызметінің жұмыс қорытындысы шығарылды



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегациясы 18-19 мамырда Мәскеудегі Достастыққа қатысушы елдердің теміржол көлігі Кеңесінің 66-шы отырысына қатысты.

Биылғы отырыс Кеңестің құрылғанының 25 жылдығына арналды. 1992 жылы Достастыққа қатысушы елдердің басшылары посткеңестік кеңістікте теміржол көлігі саласын дамыту мен қызметін үйлестіріп отыратын мемлекетаралық стратегиялық маңызды шешімдерді шығарып отыратын ұйым құрды.






ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі бірінші тоқсанның қорытындысын қарады

 

18 -мамырда ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Мамин Компания директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді.






Теміржолшы Сайрамбаевтар отбасы Еңбек династиясы күніне қатысты

17 мамырда «Самұрық- Қазына» АҚ компаниялары тобы Еңбек династиясы күнін атап өтті. Шараға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында  қызмет ететін еңбек династиясының өкілдері қатысты. Теміржол саласының еңбек династиясының өкілі ретінде Сайрамбаевтар отбасы ұсынылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы –«Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының» Стандарттау, сертификаттау және метрология орталығының бастығы Е. Сайрамбаев барды.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көлік саласындағы өлшеулер халықаралық семинары өткізілді

2017 жылғы 16 мамырда Астана қаласында «Казахстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ-да Дүниежүзілік метрология күніне орай «Көлікке арналған өлшеулер» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Семинарға мемлекеттік органдар, халықаралық сарапшылар –Халықаралық және өңірлік метрологиялық ұйымдардың: Халықаралық заңнамалық метрология бюросының, Халықаралық салмақтар мен өлшемдер бюросының, Еуразия, Африка және Американың өңірлік метрологиялық ұйымдарының өкілдері қатысты.






Медициналық пойыздар шалғай станциялардың алты мыңнан астам тұрғынын қабылдады

«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының дәрігерлері Қарағанды, Маңғыстау облыстарының 30-дан астам станцияларын қамтыды.






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта