1. ҚЫСҚАША
АҚПАРАТ



«Қазақстан темiр жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қаңтардағы № 129 «Қазақстан Республикасының темір жол кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» қаулысымен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың: Алматы темір жол басқармасының, Целинный темір жол басқармасының және Батыс Қазақстан темір жол басқармасының қосылуы арқылы құрылды. Біріктірудің мақсаты тасымал процесін басқару құрылымын оңтайландыру және артық буындарды жою, теміржол саласының қаржылық-экономикалық сауықтырылуы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысымен «Қазақстан темiр жолы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын біріктіру арқылы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды.

2004 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ болып қайта тіркелді.

Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ тасымалдау процесіндегі темір жол саласының басқарылуын және атқарымдық тұтастығын қамтамасыз етуге негізделген холдингті құрылымға ие. «ҚТЖ» ҰК» АҚ дара акционері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылады. Жай акция Дара акционерге Дара акционердің қарауына шығарылатын шешімдерді қабылдауға құқық, Дара акционердің тиісті шешімінің негізінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да таза табыс болған жағдайда дивидендтер алуға, сонымен қатар оны таратқан жағдайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ мүлігінің бір бөлігіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте құқық береді.




2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша:

  • жарияланған акциялардың саны – 502 040 458 дана жай акция;
  • орналастырылған акциялардың саны – 496 063 720 дана жай акция;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ құру кезінде белгіленген акциялардың номиналды құны 1 000 теңгені құрайды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистралды темір жол желісі операторының функцияларын орындау, темір жол көлігімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау секілді қызмет түрлерін жүзеге асырады. Қазіргі таңда темір жол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

3. АКТИВТЕРДІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша акция (үлес) пакеттері «ҚТЖ» ҰК» АҚ тікелей немесе жанама тиесілі болатын ұйымдар бойынша ақпарат

4. БОЛАШАҚ КЕЗЕНДЕР ҮШІН МАҚСАТТАР МЕН ЖОСПАРЛАР

Компанияның миссиясы

«Біз жүйе құрайтын инфрақұрылымдық компания ретінде ҚР экономикасының тұрақты дамуына негіз болатын сапалы көлік қызметімен қамтамасыз етіп отырмыз, Акционер үшін бағаны түземіз, және сұранысқа ие әрі бәсекеге қабілетті көлік-логистика қызметтерін көрсете отырып, тұтынушылар мен қоғамға пайдамызды тигіземіз»

Стратегиялық бастамалар

2025 жылға дейінгі даму стратегиясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесімен 2015 жылғы 26 қарашада бекітілді. 2016 жылғы 11 ақпанда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Миссиясы мен Мақсаттарына тиімді қол жеткізу үшін мынадай стратегиялық мақсаттар бойынша жоспарлы түрде әрекет етуге ниетті:

  • акционерлік капиталдың жиынтық құнын арттыру;
  • тасымал қауіпсіздігі;
  • клиенттердің көңілінен шығу;
  • тиімді корпоративтік басқару;
  • әлеуметтік тұрақтылық;
  • экологиялық қауіпсіздік.

Біз «ҚТЖ» ҰК» АҚ басты мақсаты – Акционердің талаптарын қанағаттандыратын және «ҚТЖ» ҰК» АҚ менеджменті қызметінің тиімділігін/тиімсіздігін бағалайтын көрсеткіш ретінде акционерлік капиталдың жиынтық құнын барынша көбейту.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиялық және қысқа мерзімді кезеңдердегі барлық әрекеттері рентабельділіктің (таза пайданың) өсуі есебінен акционерлік капиталдың жиынтық құнын барынша көбейтуге бағытталған.

5. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тәуекелдерді басқаруды Компания мен өзінің еншілес ұйымдарындағы корпоративтік басқарудың маңызды бөлігі деп біледі. Ол компанияның құнына және беделіне нұқсан келтіретін қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтап, оны төмендетуге бағытталған іс-шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесі «Самұрық-Қазына» АҚ ұсыныстарын орындау шеңберінде енгізіліп отыр. Оған сәйкес, тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесі COSO «Тәуекелдерді корпоративтік басқару – «Интеграцияланған үлгі» (2004) үлгісі бойынша жүзеге асырылуы тиіс

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ішкі аудит қызметі жүргізген бағалау нәтижесіне («Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарындағы тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін бағамдау әдісіне сәйкес) сүйенсек, 2016 жылы тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділік деңгейі 59,1 % құраған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ішкі аудит қызметі жүргізген бағалау нәтижесіне («Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағамдау әдісіне сәйкес) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі деңгейі 2016 жылы 89,8 % құрады.

2016 жылы Тәуекел жөніндегі комитет, Басқарма мен Компанияның Директорлар кеңесінің қызметі тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру және оны әлемдегі үздік тәжірибелерге сәйкестендіруге бағышталды.

2016 жылы тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында төмендегідей бірқатар маңызды іс-шаралар іске асырылды:
1. Компанияның Тәуекелдер жөніндегі комитетінің құрамына өзгерістер енгізілді.
2. Тәуекелдерді хеджирлеу бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ережелері бекітілді.
3. «ҚТЖ» ҰК» АҚ банк-контрагенттеріне ба- ланстық және баланстан тыс міндеттемелер

бойынша лимиттер орнатылды (шоғырландырылған негізде).
4. 2016 жылы Компанияның тәуекелдерін корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
5. «ҚТЖ» ҰК» АҚ негізгі тәуекелдерін сипаттаумен және талдаумен тәуекелдерді, сонымен қатар 2015 жылдың қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ тәуекелдерді барынша азайту бағдарламалары мен жоспарларын жүзеге асыру бойынша мәліметтерді басқару департаменті директорының есебі бекітілді.
6. Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
7. Тәуекелдерді басқару саясатына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу бекітілді.
8. «Самұрық-Қазына» АҚ Тәуекелдерді басқару жөніндегі референстік үлгіні ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Тәуекелдерді басқару саясатына өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Компания «ҚТЖ» ҰК» АҚ аудиттелген жылдық шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігі форматында «Қаржылық құралдар, мақсаттар мен қаржылық тәуекелдерді басқару саясаты» ескертпесін ашады.

Компания қызметіне және стратегиялық мақ- саттарына қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін келесі негізгі тәуекелдерге тап болуы мүмкін:

6. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

АО «НК ««ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік басқару жүйесін жетілдірудің маңыздылығын түйсінеді және өз қызметінің ашық, әділ болуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, Корпоративтік басқару кодексінің негізгі қағидаттарын іс жүзінде қолданысқа енгізуге тырысады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциядағы нұсқасы жалғыз акционердің («Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының 2015 жылы 27-мамырдағы отырысы, № 22/15 хаттама) шешімі негізінде бекітілді.

Кодекстің мақсаты: корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және жүйелендіру, ұйымдарды басқару ісінде мейлінше ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады. Кодекс 7 бөлімнен және 2 тараудан тұрады. Бірінші тарауда негізгі қағидаттар, «Аңдатпалар» деп аталатын екінші тарауда осы негізгі ұстанымдарға түсініктеме берілген:

  1. Үкімет қордың акционері.
  2. Қор мен ұйымдардың өзара байланысы.
  3. Орнықты даму.
  4. Акционерлердің құқықтары және оларға әділ қатынас.
  5. Директорлар кеңесі мен атқару органының тиімділігі.
  6. Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит.
  7. Ашықтық.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік басқару жүйесі жыл сайын «Самұрық-Қазына» АҚ тобының компанияларындағы корпоративтік басқаруды диагностикалау әдістемесі негізінде бағаланып отырады.

Бағалау нәтижесі бойынша корпоративтік басқару рейтингі беріледі

Дара акционер

Компанияның жоғарғы органы Дара акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ атқарады. Компания қызметіне жалпы басшылық ету құзыры Директорлар кеңесіне берілген.
Корпоративтік басқару Дара акционердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және құрметтеу қағидасына негізделген. Дара акционер заңмен және Жарғы қарастырылған құқықтарға ие.

Дара акционердің ерекше құзыретіне мынадай мәселелер кіреді:

  • Компания Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оның жаңа редакциядағы нұсқасын бекіту;
  • Корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
  • Компанияны өз еркімен қайта құру немесе тарату;
  • Компанияның жылдық қаржылық есебін бекіту;
  • Компанияның есеп беріліп отырған қаржылық жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау және Компанияның бір жай акциясына төленетін дивиденд мөлшерін бекіту;
  • Заң және (немесе) Жарғы бойынша Компанияның Дара акционердің құзырына берілген басқа да мәселелерге қатысты шешімдер қабылдау.

Дара акционер Компаниядағы басқа органдардың Компанияның ішкі қызметіне қатысты қабылдаған кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы

08 text

2. Қызмет нәтижелері

«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының 2016 жылғы негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштері

Тарифтік жүк айналымы, млн. т-км
  • 250 000
  • 200 000
  • 150 000
  • 100 000
  • 50 000
  • 0
  • 2015
  • 2016
  • 2017
    план
  • 189 759
  • 188 159
  • 201 682
Тиеу, мың тонна
  • 250 000
  • 200 000
  • 150 000
  • 100 000
  • 50 000
  • 0
  • 2015
  • 2016
  • 2017
    план
  • 220 441
  • 216 659
  • 239 809
Әкелінген жүктер, мың тонна
  • 300 000
  • 250 000
  • 200 000
  • 150 000
  • 100 000
  • 0
  • 2015
  • 2016
  • 2017
    план
  • 251 509
  • 244 202
  • 270 757
Жолаушылар айналымы, млн. ұз-км
  • 20 000
  • 15 000
  • 10 000
  • 5 000
  • 1 000
  • 0
  • 2015
  • 2016
  • 2017
    план
  • 15 563
  • 16 481
  • 16 274
Табыстар (барлығы), млрд. теңге
  • 1200
  • 1000
  • 800
  • 600
  • 400
  • 0
  • 2015
  • 2016
  • 2017
    план
  • 802,5
  • 1083,6
  • 956,3
Операциялық пайда, млрд. теңге
  • 150
  • 120
  • 90
  • 60
  • 30
  • 0
  • 2015
  • 2016
  • 2017
    план
  • 54,8
  • 85,6
  • 127,4
Таза пайда, млрд. теңге
  • 100
  • 0
  • -200
  • -300
  • -400
  • -500
  • 2015
  • 2016
  • 2017
    план
  • –460,9
  • 41,0
  • 29,4
Тарифтік жүк
айналымы 2016 жылы
0
млн. т-км неттоны құрады.
2015 жылмен салыстырғанда төмендеу 0,8 %, бұл темір кендерін, химиялық және минералды жүктерді, қара металдарды, құрылыстық жүктерді және астықты қоспағанда, жүктердің негізгі номенклатурасы бойынша жүктер тасымалының төмендеуімен байланысты.

2015 жылға қатысты қатынас түрлерінің бөлінісінде келесі өзгерістер орын алды:


жүк тасымалының орташа қашықтығы 1,2 %-ға ұлғайғанда, ішкі республикалық қатынаста тасымалдың көлемін 1,9 %-ға азайту есебінен 0,7 %-ға төмендету;
тасымал көлемі 3,0 %-ға төмендегенде, жүк тасымалының орташа қашықтығының 5,6 %-ға ұлғаюы есебінен апарудың 2,4 %-ға өсуі;
жүк тасымалының орташа қашықтығы 3,6 %-ға ұлғайғанда, тасымал көлемінің 8,0 %-ға азаюы есебінен әкелу бойынша 4,8 %-ға төмендеу;
тасымал көлемін 6,6 %-ға және жүк тасымалының орташа алыстығын 0,3 %-ға төмендету есебінен транзит бойынша 6,9 %-ға төмендеу
2015 жылмен салыстырғанда 1,7 %-ға төмен, бұл көмір, мұнай жүктері, түсті металл және химикаттар тиелімінің азаюымен байланысты.


2015 жылға қарағанда 2,9 %-ға төмендеу, бұл негізінен көмір, мұнай және мұнай өнімдері, темір және түсті кен, химиялық және минералды тыңайтқыштар және химикаттар тасымалы көлемінің төмендеуімен байланысты.


Бұл «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрылған пойыздарға әртүрлі жеңілдіктер схемасын жүзеге асырумен, сонымен қатар жаз мезгілінде жеке меншік жолаушы тасымалдаушылармен қызмет көрсетілетін коммерциялық пойыздарды енгізумен байланысты 2015 жылғы деректен 5,9 %-ға жоғарыны құрады.

2016 жылғы басты қаржылық көрсеткіштер

Табыстар (барлығы)
0
млрд. теңге
Бұл негізгі қызметтен түскен табыстың 9,5 %-ға өсуі және оң бағамдық айырмашылықтан түскен табыстар есебінен 2015 жылғы деректен 35,0 %-ға жоғары.
Таза табыс
0
млрд. теңге
Бұл негізінен 2015 жылғы деректен 501,9 млрд теңгеге негізгі қызметтен түскен табыстардың 71,6 млрд. теңгеге өсуі және оң бағамдық айырмашылықтың (сальдо) 471,9 млрд. теңгеге өсуі есебінен жоғары.
Операциялық пайда
0
млрд. теңге
Бұл негізінен 2015 жылғы деректен 30,8 млрд. теңгеге негізгі қызметтен түскен табыстың 9,5 %-ға ұлғаюы есебінен жоғары.
2016 жылы 2006 жылғы мамырда шығарылған 350 млн. АҚШ доллары сомасына 10 жылдық еурооблигацияларды қайта қаржыландыру және валюталық тәуекелді төмендету мақсатында келесі шаралар атқарылды:
сыйақы инфляция + жылдық 2,52 % мөлшерлемесі бойынш 10 жыл мерзімге 50 млрд теңге сомасына ішкі облигацияларды шығару арқылы ұлттық валютада заем алу тартылды;
LIBOR + 4,35 % жылдықпен 8 жыл мерзімге 100 млн.АҚШ доллары сомасына ЕҚДБ-ден заем тартылды;
5,65 % жылдықпен 5 жыл мерзімге 50 млн.АҚШ доллары сомасына «Қазақстан Халық Банкі» АҚ- нан қарыз тартылды;
50 млн. АҚШ доллары көлемінде меншікті қаражат жинақталды
Жоғарыда көрсетілген ұзақ мерзімді кредиттерді беру кредиторлар мен даму институттары тарапынан ішкі және әлемдік экономикадағы қалыптасқан жағдайға қарамастан жоғары деңгейдегі сенімділікті көрсетеді. 2016 жылы Компаниямен борыштық портфельді оңтайландыру бойынша, соның ішінде валюталық тәуекелдерді төмендету бойынша жұмыс жүргізілді. Сонымен, валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру мақсатында 2016 жылғы 22 желтоқсанда берешекті теңгеге конвертациялауды шамалайтын, 2026 жылға дейін өтеу мерзімімен LIBOR сыйақысы + 4,35 % жылдық мөлшерлемесімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ және Еуропалық Қайта құру және даму банкі арасында Қайта құрылымдау туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар 2023 жылға дейінгі мерзіммен жылдық 14 % сыйақы мөлшерлемесімен, 33 112 000 мың теңге сомасына «Қазақстан Халық банкі» АҚ-нан алынған қарыздық қаражаттардың есебінен, электровоздарды сатып алуға HSBC France-тан алған «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ қарызын ішінара қайта қаржыландырылды. Одан басқа, 2016 жылы 49 млрд. теңгені құрайтын жалпы сомаға бейінді емес нысандарды табыстау арқылы жолаушы вагондарының паркін жаңарту үшін ҚР Үкіметімен берілген қарыздарды өтеу бойынша жұмыс жүргізілді, бұл Компанияның борыштық жүктемесін төмендетуге мүмкіндік әперді.

Ірі инвестициялық жобалар

«ҚТЖ» ҰК» АҚ инвестициялық қызметі темір жол көлігінің тұрақты қызметін қамтамасыз ету, тасы- мал қызметтерінің сапасын және қауіпсіздігін жоғарылату бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған.

2016 жылы саланы дамытуға 304 633 млн. теңге көлемінде инвестициялар бағытталды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2016 жылғы елеулі оқиғалары

  1. 28 қаңтар, 2016

    Иву қаласында (ҚХР, Чжэцзян провинциясы) Қытай аумағы арқылы транзитпен Иранға баратын демонстрациялық контейнерлік пойызды жіберудің салтанатты рәсімі өткізілді.

  2. 15 ақпан, 2016

    15 ақпанда «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы республиканың орталық өңірінің шалғайдағы станцияларына жолға шықты.

    26 ақпан, 2016

    «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті А. Мамин мен Alstom Президенті А. Лафарж электровоздар шығаратын зауытта – «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС-де болды.

  3. 11 наурыз, 2016

    Астанада «ҚТЖ» АҚ Президенті А. Мамин «Ресей теміржолдары» ААҚ басшысы О. Белозёровпен кездесті. Кездесу барысында көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды

    14 наурыз

    ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Алматы облысына жұмыс сапарының аясында «Қорғас – Шығыс қақпасы» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында (ШЫХО), «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА, Алтынкөл станциясында болды.

    15 наурыз, 2016

    Жезқазған станциясында Жезқазған – Сексеуіл – Қызылорда бағытымен жолаушылар пойызын іске қосудың салтанатты рәсімі болып өтті.

    17 наурыз, 2016

    Нанкин қаласында (ҚХР, Цзянсу провинциясы) «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА дамытуға шетелдік инвесторларды тарту бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұйымдастырған форум болып өтті.

    29 наурыз

    «Біріккен көлік-логистика компаниясы» АҚ аясында бірлескен жұмысты талқылау бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті А. Маминнің, «Ресей теміржолдары» ААҚ Президенті О. Белозёровтың және «Белорус темір жолдары» МБ бастығы В. Морозовтың үш жақты келісімі болды.

  4. 7 сәуір

    «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті А. Мамин және Алматы облысының Әкімі А. Баталов Алматы–1 – Шу учаскесінде екінші жолдардың құрылысы кезіндегі, отандық рельстерден – «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС алғашқы өнімінен дайындалған рельс-шпалды тордың бірінші буынын төсеу салтанатына қатысты.

    14 сәуір

    Алматы–1 вокзалында «Surdo-online» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Сервистің жаңа түрі мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған. Соның ішінде, есту қабілеті шектеулі мүгедек жандар бар.

    25 сәуір

    «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті А. Мамин мен «Молдова темір жолдары» МБ Бас директоры Ю. Топаланың кездесуі болып өтті. Кездесу барысында логистика, көлік, теміржолдық машина жасау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    27 сәуір

    Пекинде жоғары көліктік әлеуетке иелік ететін Қытай – Қазақстан – Түркіменстан – Иран жаңа теміржол бағдарының тұсаукесері болып өтті.

  5. 18 мамыр, 2016


    «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті А. Мамин Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы болып қайта сайланды.

    19 мамыр, 2016

    «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Кәсіпкерлікті дамыту бойынша өзара әрекеттесу туралы келісім жасады

    26 мамыр, 2016

    «Жаңа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы» АЭФ аясында «Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы аясында Еуропа мен Азияның инфрақұрылымдық өзара байланысы» сессиясы болып өтті.

  6. 2 маусым, 2016


    «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті А. Мамин Сочиде болған «Стратегиялық серіктестік 1520» XI халықаралық теміржол бизнес-форумына қатысты.

    10 маусым, 2016

    Алматы–2 станциясынан «Денсаулық» мамандандырылған медициналық пойызы жолға шықты.

    15 маусым, 2016

    Вице-президент К. Алпысбаев басқарған «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Шанхайда болып өткен «Transport Logistic China 2016» жетінші халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысты.

    24 маусым, 2016

    ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов Алматы облысына жұмыс сапарының барысында Достық теміржол станциясында болды.

    30 маусым, 2016

    Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Астана қаласындағы Индустриалды паркінде «Тұлпар-Тальго» вагон жасау зауытының жұмысымен танысты.

  7. 1 шілде, 2016

    «Қорғас» ШЫХО қазақстандық бөлігінде «Самұрық» орталық алаңы» бірінші инвестициялық нысаны ашылды.

    5 шілде, 2016

    Шалқар және Тассай станцияларында № 377/378 Алматы – Манғышлақ» жолаушылар пойызын салтанатты түрде күтіп алды. Шалқар – Бейнеу жаңа желісін бойлай өтетін жаңа бағдар бұрын теміржол қатынасы болмаған Ақтөбе және Маңғыстау блыстарының 20 астам елді мекенін қамтыды.

    12 шілде, 2016

    «Жібек жолы» жаңа кемесі Қазақстанның құрғақ жүк таситын флотын толықтырды.

    29 шілде, 2016

    «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2016–2019 жылдарға арналған Компанияның бизнес трансформация бағдарламасы жобаларының таныстыру бойынша Ақпараттық күн болып өтті.

  8. 4 тамыз, 2016

    «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да кәсіби мерекенің – Көлік қызметкерлерінің күні құрметіне салтанатты шара болып өтті. Шараға Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б. Сағынтаев пен ҚР Инвестиция және даму министрі Ж.Касымбек қатысты.

    6–7 тамыз, 2016

    Компания басшысы А. Мамин басқарған «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы жұмыс сапарымен Шанхай қ. (ҚХР) келді. Қытай – Еуропа – Қытай бағытында тасымалдардың көлемін ұлғайту және Қазақстанның аумағы арқылы өтетін дәліздер бойынша тиімді логистиканы қалыптастыру, сонымен қатар «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА дамытуға қатысу мәселелері қарастырылды.

    9 тамыз

    ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды. Онда «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында өңірдің көліктік инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

    11 тамыз, 2016

    Алтынкөл – Қорғас теміржолдық шекара өткелі арқылы Қытайдан Түркияға жіберілген бірінші контейнерлік пойыз сәтті жүріп өтті.

    22 тамыз, 2016

    Hewlett Packard (HP) компаниясының өнімі тиелген 41 қырық футты контейнерден тұратын Чунцин – Дуйсбург бірінші контейнерлі пойызы Алтынкөл станциясы және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты арқылы транзитпен жүріп өтті.

    23 тамыз, 2016

    Қазақстан, Әзербайжан және Грузия теміржол әкімшіліктерінің басшылары Қазақстанның жүк жөнелтушілерімен, ірі операторларымен және жүк компанияларымен кездесті.

    26 тамыз, 2016

    Астанада Қазақстан және Қытай шекаралық теміржол аралас комиссияларының 25-ші Кеңесі аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

  9. 15 қыркүйек, 2016

    «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы, Президенті болып Алпысбаев Қанат Калиұлы тағайындалды.

  10. 4 қазан

    Астанада XIII Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумының барысында Еуразиялық кеңістіктің көлік-логистика әлеуетін дамыту бағдарламасы мемлекет басшылары Н. Назарбаевқа және В. Путинге таныстырылды.

    5 қазан

    Алғаш рет Достық теміржол станциясы арқылы Қазақстан аумағы бойынша транзитпен Чунцин – Дуйсбург бағдары бойынша контейнерлік пойыздың құрамында пошталық контейнер өтті.

    18 қазан

    Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «KTZ Express» АҚ мен ірі венгерлік көлік-экспедиция компаниясы «Rail Cargo Hungaria Zrt» арасында Азия – Еуропа – Азия бағытында халықаралық интермодальдық тасымалдарды дамыту туралы келісімге қол қойылды.

    26-27 қазан

    «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшы К.Алпысбаев бастаған делегациясы Таллин қаласындағы Достастыққа қатысушы елдерінің Теміржол көлігі бойынша кеңесінің 65-отырысының жұмысына қатысты.

  11. 1 қараша, 2016

    Астана теміржол станциясынан ҚР Тәуел- сіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында «Тәуелсіз Қа- зақстан» жолаушылар пойызы жолға шықты.

    10 қараша, 2016

    Алматы облысына жұмыс сапарының аясын- да ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА және «Қорғас» ШЫХО объектілерінде болды.

    16 қараша, 2016

    К. Алпысбаев басшылық етуімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Ляньюньган қ. (ҚХР) «Жаӊа Еуразиялық құрлықтағы экономикалық дәліз көпірін құру» халықара- лық форумына қатысты.

    17 қараша, 2016

    Ақтөбе рельс-арқалық зауыты Кедендік одақтың «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламенті талаптары бойынша сәй- кестік сертификатын алды.

    25 қараша, 2016

    «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Бакудегі «Стра- тегиялық серіктестік 1520: Каспий өңірі» теміржол биз- нес-форумының жұмысына қатысты

    28 қараша, 2016

    «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы К. Алпысбаев Ашха- бадта халықаралық тұрақты көлік жөніндегі БҰҰ Жаһан- дық конференциясына қатысу аясында көлік және логи- стика саласында ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша екі жақты кездесулер өткізді.

    28 қараша, 2016

    ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Маминнің ҚХР-на жұмыс сапары аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы К. Алпысбаев Сяньян қ. Басшылығымен, сонымен қатар ірі қытайлық компаниялардың өкілдерімен «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жобаларын бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

  12. 1 желтоқсан, 2016

    Алтынкөл станциясы және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты арқылы Қытай – Еуропа бағытында 1 000-ншы контейнерлік пойыз өтті.

    6 желтоқсан, 2016

    Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Жалпыұлттық телекөпір барысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асыратын нысандарды іске қосуды бастап берді. Құрық портының бірінші қосу кешенінің және Алматы–1 – Шу теміржол учаскесіндегі екінші жолдардың бірінші іске қосу кешенінің нысандары пайдалануға енгізілді.

    8 желтоқсан, 2016

    Қазақстан, Әзербайжан және Грузия арасындағы жүктерді тасымалдау көлемінің өсу мәселелері Бакуде теміржол әкімшіліктерінің басшылары К. Алпысбаев, Д. Гурбанов және М.Бахтадзе кездесуінде талқыланды.

    9 желтоқсан, 2016

    Шамамен 30 инновациялық жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ жастар форумында таныстырылды

    14 желтоқсан, 2016

    «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы К. Алпысбаев Сяньян қ. (ҚХР) Халық Үкіметінің партком хатшысы Юе Лянмен келіссөздер жүргізді.

    15 желтоқсан, 2016

    Астана – Қарағанды және Астана – Көкшетау қатынасымен жайлылығы жоғары екі жаңа электрпойыз салтанатты түрде іске қосылды.