Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Semurg Invest»ЖШС объектісінде орын алған оқиға жайында ақпарат

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының автотұрағында құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде «ВзрывБурСервис» ЖШС бұрғылау-жару жұмыстарын орындады. Бұл құрылыстың тапсырушысы  «Semurg Invest» ЖШС болып табылады.

Бұрғылау-жару жұмыстары барысында 1969 жылы туылған қызметкер қаза тапты. 

«Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының аймағында салынып жатқан объектілер «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға жатпайды.






Астықты тоқтаусыз тасымалдау – «ҚТЖ»- Жүк тасымалы» АҚ бақылауында

«ҚТЖ –Жүк тасымалы»  АҚ астық пен ұн тасымалдау мәселесіне арналған селекторлық кеңес өткізді.

Кеңеске «Атамекен» ҚР ҰКП, трейдерлік, экспедиторлық компаниялардың өкілдері қатысты.  Кеңеске қатысушылар алдында сөз сөйлеген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысы Оралхан Кулаков жаңа астықты тасымалдау үдерісіне қатысушылардың өзара тығыз қарым-қатынас орнатуы керек екендігіне назар аударды.






Жамбылдық теміржолшы жүзге толды

Жамбыл вагон депосында 40-жылдан астам уақыт еңбек еткен сала ардагері Темирян Шаңғараев жүзге толды.    Ұлы Отан соғысы мен теміржол ардагерін Жамбыл теміржол бөлімшесінің басшылығы ұжым атынан құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.






Ағымдағы маусымда 630 шақырымнан астам теміржол жаңғыртылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясы жазғы маусымда республикалық маңызы бар 630 шақырымнан астам теміржол желісін ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізді.

 Оның ішінде күрделі жөндеу жасалған 317,5 шақырымға рельс торкөздері төселді. Орташа жөндеу жұмыстары 77 шақырымға жүргізілсе, 237 шақырымдағы жолдарда рельстері түгелдей жаңартылды.






«ҚТЖ» ҰК»АҚ бизнес- құрылымын «Qamqor» қорғайды

 









«ҚТЖ» ҰК» АҚ жылдық 4,8% өсімімен, онжылдық мерзімге $780 млн. еурооблигация орналастырды

Аталмыш шығарылым еурооблигацияны 2020 жылдарға дейінгі мерзімге 6,375% жылдық купон мөлшерлемесі өсімімен жүзеге асырды. Жоғары несиелік эмитент және тиімді құрылымдық (Облигацияны 2020 жылға дейін Мерзімінен бұрын Міндетті жабу шартымен) орналастыру қазіргі және болашақ инвесторлардың қызығушылығын туғызды. Бұл өз кезегінде алғашқы $1,8 млрд. жылдық кірісі 4,8% тапсырысқа жетуге мүмкіндік әперді. Бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарихындағы еуроблигациялық ең төменгі кірісті шығарылым болып отыр.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да құқықтық қызметінің заң конгресінде нормативтік-құқықтық актілер мәселесін талқылады

Құқықтық қамтамасыз ету және сот-қуыным департаментінің ұйымдастыруымен «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның 200 еңбеккері Ұлттық компаниялары тобының  заң конгресіне қатысты. Аталмыш шара Компанияның аймақтық филиалдары мен еншліес компанияларының жетекшілері мен құқықтық қызметінің біліктілігін көтеруге бағытталды. Онда заңгерлер құқықтық-нормативтік актілер бойынша тәжірибелер алмасты, пікір сайыстарға қатысты.






Жыл аяғына дейін Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен 1,3 миллион тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр

 

15 қарашада Бакуде «Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) халықаралық қауымдастығының» ЗТБ мүшелерінің жалпы жиналысы өткізілді. Жалпы жиналыста аталмыш бағдарда жүк тасымалдау көлемін арттыру мәселесі талқыланды.






Финляндиядан шыққан алғашқы контейнерлік пойыз Қазақстан аумағымен Қытайға бет алды

10 қарашада  «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны - «KTZ Express» АҚ теміржол құрамы финнің Коувола станциясынан Ресей, Қазақстан аумағымен Сианьға бет алды.

Коувола станциясындағы тұңғыш пойызды шығарып салу салтанатына Қазақстан елшілігінің өкілдері, Финляндия әділет министрі, Коувола қаласының мэрі, ҚР, ҚХР, Ресей сауда өкілдігінің, Сиань қаласының, басқа да көлік-логистикалық компаниялардың жетекшілері қатысты. 






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта